Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
3386 2 пікір 9 Ақпан, 2022 сағат 12:32

Зеленский: Беларусь өзі зардап шегеді

Украина президенті Владимир Зеленский Беларусь президенті Александр Лукашенконың Ресеймен соғыс жағдайында Украинаға мұнай өнімдері мен электр энергиясын жеткізуді тоқтатамыз деп қорқытқан мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. 

Зеленскийдің айтуынша, елдер арасындағы сауда-саттық тоқтаса, Беларусь өзі зардап шегеді.

"Жақында, жолдастар... Беларусь өкілі Ресей тарапынан эскалация болса, Украинаға энергетика ресурстарын жеткізуді тоқтатамыз деп айтты. Бұған қалай жауап беруіміз керек?

Қалай жауап бергенімді айтайын. Мен Украина мен Беларусь арасындағы тауар алмасу статистикасын беруді өтіндім. Бізде алты миллиард доллар тауар айналымы бар. Оның 1,5 миллиардын Украина Беларуське, 4,5 миллиардын Беларусь Украинаға экспорттайды.

Яғни, елдер бір-бірімен сауда қатынасын шектесе, одан кім зардап шегеді? Бұл жағдайда қарапайым халық зардап шегеді. Тас дәуіріне оралуды қаласаңыз, оны жасауға болады. Беларусь бір нәрсеге тыйым салса, Украина да тыйым салады. Саясаткерлер шешім шығарады, бірақ, өкінішке қарай, адамдар зардап шегеді", - деді Зеленский.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 270
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 733
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 281
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 272