Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2836 0 пікір 14 Шілде, 2009 сағат 19:29

Айжан КӨШКЕНОВА. Рейхстагта таңдандырған төрт сәт

Рейхстаг – немістер үшін айрықша символ. Онда «демократия жүрегі» саналатын Германия Бундестагы орналасқан. Рейхстагтың батыс жағындағы маңдайшасына «неміс халқына» деп ойып жазылған. Алайда талай тарих тұмшаланған зәулім ғимараттан немістің ғана емес, қазақтың да қолтаңбасын таптық...
РЕЙХСТАГТА ҚОЛТАҢБАСЫН ҚАЛДЫРҒАН КІМ?
Рейхстаг қабырғаларын ойқыштаған зеңбірек оқтарының іздері ғана емес, совет сарбаздарының қолтаңбалары да сол күйі сақталған: «Арманым орындалды», «Не ексең, соны орасың», «Қираған Берлиннің үйінділерін қарап шықтық. Айтарлықтай риза болдық»... Күйемен кішкентай жүректің суретін салып, оның ішіне өзінің және ғашығының атын ойып жазғандар да бар...
Берлин үшін шайқас 1945 жылы 21 сәуірде, Рейхстаг үшін тартыс 29 сәуірде басталған. Бірақ қанды қақтығыс тек 2 мамыр күні ғана әрең аяқталды. Жүздеген мың солдат опат болған шайқас ең қанды қақтығыстардың бірі ретінде тарихта қалды.
Зәулім ғимаратты төбесіне дейін шимайлаған жазуларды қарап келе жатып, кенет «Алма-Ата» деген сөз бірден көзіме шалынды. Жоғары жағында қазақ солдатының фамилиясы жазылыпты (суретте). Бірге келе жатқан мұражай қызметкері бұл қолтаңбаның иесі әлі күнге дейін табылмағанын айтты.

Қабырғаларды торлаған жұмбақ жазулардың арасынан тек үш адам ғана өздерінің қолтаңбаларын тапқан. Мысалы, ресейлік профессор Борис Сапунов өзінің Рейхстагтағы қолтаңбасын тек 53 жыл өткенде көрген. Ал тағы бір украиндық әйел Носова соғыс кезінде концлагерьде болған әйелдер делегациясы құрамында Рейхстагты аралап жүріп, кездейсоқ күйеуінің аты-жөнін оқып, қуанғанынан жылап жіберген. «Оның «Құдайға шүкір! Құдайға шүкір!» деуге ғана шамасы жетті», – дейді мұражай қызметкері. Ол Рейхстаг қабырғасына мәңгіге қолтаңбасын қалдырған алматылық ардагердің де бір күні табылып қалатындығынан үмітті...
БУНДЕСТАГ – ЕСІГІ АШЫҚ ҮЙ
Кезінде тотолитаризм ұясы болған ғимарат бүгін демократияның ордасына айналған. Берлин қамалы құлағаннан кейін 1991 жылы Германия Буденстагы Рейхстаг ғимаратына көшіп келуге шешім қабылдаған. Содан кейін жөнделіп, парламент жұмысына лайықталған ғимарат адамдар ең көп баратын орынға айналыпты. 1999 жылдан бері мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен келген 13 млн астам адам болған.
Бундестагтағы маңызды пікірталастар телевизия мен радио арқылы елге тікелей таратылып қана қоймайды, кез келген қарапайым азамат отырысты парламент залында отырып, бақылай алады. Рейхстагта оларға арнап 400 орындық, алты шағын мінбе жасалған. Сол жерде журналистер, қонақтар және жай қатардағы азаматтар халық қалаулыларының тартысын төбеден тамашалай алады. Парламент дәл алақаныңда тұрғандай әсер қалдырады. Неміс жастарын көрермендер арасынан ғана емес, ортадағы залға жайғасқан депутаттар арасынан да кездестіру оңай.
СТУДЕНТ ДЕПУТАТТАР
Жас депутат – Германия парламенті үшін таңсық құбылыс емес. Мысалы, 90 Одағы/Жасылдар партиясының өкілі Анна Люрманн 2002 жылы мектеп аттестатымен қоса депутат мандатына қол жеткізді. Әлбетте жас саясаткер 13 жасынан бастап «жасылдар» қызметіне белсенді түрде араласқан. Бұл бойжеткен осымен екінші мәрте парламенттің ең жас депутаты атанған. 2006 жылы Люрманның парламентте жұмыс істеумен қатар, жоғары оқу орындарында оқитын бес студент әріптесі болған.
ПАРЛАМЕНТТІК ҒИБАДАТХАНА
Рейхстаг ғимаратында бәрі мұқият ойластырылған. Тіптен депутаттардың бір сәт құдайға жалбарынып, тәубесіне келуі үшін арнайы бөлме жабдықталған. Сессия кезінде депутаттар таңертеңгі христиандық діни ғұрыптарын жасау үшін сол бөлмеге барады. Дюссельдорфтық суретші Гюнтер Уеккер әшекейлеген бұл бөлме бір сәт ойға шомып, медитация жасауға лайықталған.

Айжан КӨШКЕНОВА
“Айқын” газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377