Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Күбіртке 3679 3 пікір 9 Ақпан, 2022 сағат 16:34

Қаңтар оқиғасы: Дискурс және сценарийлер матрицасы

CABAR.asia «Орталықазия бюросы» қазақстандық тәуелсіз сарапшы Қайрат Молдашевтан Қазақстанда болған тәртіпсіздіктен кейін пікір алып, «Қазақстандағы дағдарыс 2022: Дискурстар және сценарийлер матрицасы» атты зерттеу мақаласын жариялаған екен. Назарларыңызға ұсынамыз.


«Бұл мақалада көрсетілген сценарий матрицасы болашаққа болжау ғана емес, нәтижеге жетудің стратегиясы деп қабылдаған дұрыс. Дәл қазір Қазақстан тарихындағы шешуші сәт және көп нәрсе алдағы айларда істелетін істерге  байланысты», - деді Қайрат Молдашев.


Сараптама:

Не болды? Кім қатысты? Бізді не күтіп тұр? Осы секілді сұрақтар қазақстандықтарды 4 қаңтардан бері мазалап келеді. 2 қаңтарда Ақтау халқы газ бағасының көтерілуі мен жалпы әлеуметтік-экономикалық саясатқа наразы болғандықтан бейбіт митингке шықты. Басқа аймақтардың тұрғындары Ақтау халқын қолдап шеруге шықты. Куәгерлердің айтуынша, басында бейбіт шеру болған. Шеруге шыққандар ашулы отандастарын қақпайлап, тыйып отырған.

Бірақ 4 қаңтардан бастап кейбір аймақтарда наразылық білдірушілерге қару тарату және тонау басталған, азаматтарға, полицияға және әскери күштерге қарсы озбырлық көрсету басталған. Осы оқиғалар жайында, одан кейінгі болған жайттардың хронологиясы көп жазылды. Сондықтан «не болды?» деген сұрақты ысырып қойып, оқиғаға қатысқандарды саралап, Қазақстандағы жағдайдың ықтимал сценариін талқылауға көшейік.

Оқиғаға кімдер қатысты?

Кімдер қатысты деген сұрақты қойғанда, біз нақты бейбіт шерушілер мен озбырлық жасауға итермелеген жасақталған арандатушы топтардың, яғни «терроршылардың» және ұрылардың ара-жігін ажыратып алуымыз керек. Өз наразылығын бейбіт түрде білдіруге шыққан азаматтық белсенділер мен басқа да адамдарды тонауға, зорлық-зомбылық көрсетуге келген арнайы ұйымдастырылған топтармен бір қатарға қоюға болмайды. Белгілі бір уақыт аралығында жағдайды өз мақсаттарына пайдаланып кеткен ұйымдасқан топтардың болғанын жасыра алмаймыз. Олардың қорқытып-үркіту, жәбір көрсету әдістеріне, дайындығына қарап «терроршылар» ретінде басға беруге болар еді. Бірақ «терроршы» тіпті «халықаралық терроршы» деп атау үшін сақтық керек әрі болған оқиғаны зерттей түсу керек. Дәл қазіргі уақытта біз оларды елді төтенше жағдайға алып келген, бейбіт шерудің шырқын бұзған, өте жақсы ұйымдастырылған арандатушы топтар деп қана айта аламыз.

Алматыда және басқа да оңтүстік аймақтарда тәртіпсіздіктер басталмай тұрып азаматтық белсенділерді қамау, қуғанға ұшырату арандатушылардың жұмысын жеңілдетті. Мұндай шаралар кері әсерін тигізіп, митингке шыққандардың ашуына тиіп, олардың ешқандай көшбасшысыз шығуына әкелді. Қаруланған ұйымдасқан топтар оқиға орынан қалай табыла кетті, олардың артында кім тұр, олардың мақсаты не болды деген сұрақтар әлі жауабын тапқан жоқ. Оның үстіне 4-6 қаңтар аралығындағы жағдайды ұры-қарылар пайдаланды. Бұл жағдайда «мородер» дегеннен гөрі ұрылар деген сөзді қолданған дұрыс. «Мородер» деп соғыс алаңында жауын тонағандар немесе жараланған, қайтыс болғандарды тонағандарды атайды. Терминді дұрыс қолдану оқиғаны баяндағанда өте маңызды. Ақорданың талқылауында мемлекет басшысының алғашқы үндеуінде-ақ қатысушылар арасында бөліну пайда болды. Қазақстан президенті 5 қаңтарда оқиғаға қатысушылардың ара-жігін ажыратуға белгі береді және өзін «наразылыққа қатысушымын» деп атаған жеке тұлғаларды нұсқады. 7 қаңтарда Тоқаев «шерудің бейбіт өтуін қамтамасыз еткен аймақ тұрғындарына» алғыс айтты. 5 қаңтардағы үндеуде ұйымдасқан топтар туралы «бұзақылық элементтері кездеседі» «қастандық әрекет» деген сөздер айтылды. Бірақ 6 қаңтарда бесйбастық жасаған шеру қатысуышларын «терроршы» деп атап, террорға қарсы операция басталды. Қазір жергілікті және шетелдік терроршылардың араласып басып кіруі деп мәлімдеуге әлі ерте. Мүмкін бұл мәлімдеме алғашқы кезде ҰҚШҰ әскерін кіргізу үшін айтылған шығар. Бірақ сарапшы Икболжон Корабоевтің пікірінше, мұндай мәлімдеме сыртқы және ішкі саясаттың қауіпсіздік мәселелеріне шамадан тыс назар аударуға әкелуі мүмкін. Ішкі саясатта – бұл күштік құрылымдарға еркіндік береді, ал, сыртқы саясатта біз көпвекторлығымызды және ашықтығымызды жоғалтып алуымыз мүмкін. Иә, қаруланған ұйымдасқан арандатушылардың болғанын мойындау керек. Шындықтың бәрін болашақта біліп қалармыз. Бірақ, бұл қаңтардағы ең маңызды оқиғаның бірі емес екенін естен шығармағана жөн. Ең маңыздысы – Қазақстан тәуелсіздік алғалы алғаш рет елдің бүкіл аймағынан көшеге шыққан адамдардың саны өте көп болды. Олар «шегіне жетті, жетер» деді, және «түбегейлі өзгерісті» талап етті. Қазір Ақордадағы талқылауды талдай отырып, мемлекет басшысы «естіді», содан үміт пайда болды деп айтуға болады. Әрине, бұл сәтті жіберіп алып тағы да ондаған жыл текке кетпесе болғаны.

Қазақстанды алда не күтіп тұр?

Қазір жағдай тұрақталып келеді. Бірақ ары қарай не болады деген көкейде өткір сұрақ тұр. Қаңтар оқиғалары Қазақстанның болашағына қалай әсер етеді? Газ бағасы туралы шешім жарты шылға ғана қабылданды, сонымен бірге сасяи және экономикалық реформалар уәде етілді. Жеке шешімдерге тоқтап отырмай , мүмкін болатын жоспарланған сценарийлер негізінде өз талдауымды ұсынайын. Сценарийлік талдау негізінен бизнесті стратегиялық жоспарлауда қолданылатынына қарамастан, оны саяси экономикада қолдану реформалар мен қазір жүргізіліп жатқан немесе алдағы айларда жасалатын қадамдарға сүйене отырып, мемлекет деңгейіндегі оқиғалардың мүмкін болатын нұсқаларын елестетуге көмектеседі.

Сценарий матрицасы екі негізі белгісіздік аспектісі мен төрт мүмкін болатын сценариді көрсетеді. Қазақстанда болып жатқан оқиғалардың негізгі аспектілер ретінде саяси-әкімшілік реформалар және  ресурстар мен кірістерді қайта бөлу тұр. Саяси және әкімшілік реформалар уәде етілген, бірақ бәрі олардың қаншалықты сенімді болатынын күтуде. Сондай-ақ, билікке жақын белгілі тұлғалардың ресурстары мен активтерін қайта бөлу болады деп күтілуде, бірақ оның қалай болатындығы және осы активтерді иелену не бақылау нәтижесінде алынған кірістерді қайта бөлуге бұл процесс қалай әсер ететінінде нақтылық жоқ.

1-суретте бұл аспектілер плюс және минус белгісімен ұсынылған және төрт мүмкін болатын сценарий көрсетілген.

Жоғарыдағы оң жақ бұрышта неғұрлым қолайлы сценарий - бұл елеулі саяси-әкімшілік реформаларды іске асыру және ресурстар мен кірістерді қайта бөлу кезіндегі демократиялық реформалар контекстіндегі орнықты даму. Ресурстар мен кірістерді әділетсіз қайта бөлу және косметикалық реформалар  тұрған диаметралды қарама-қарсы дамуда Қазақстанды тоқырау мен наразылық көңіл-күйінің күшеюі күтіп тұр. Егер ел басшылығы елеулі саяси және әкімшілік реформаларға барса, бірақ сонымен бірге байлық пен ресурстар аз топтардың қолында қалса, онда демократиялық реформалар тұрақты әрі тең дамуға, әлеуметтік әділеттілікке әкелмейді. Ресурстарды неғұрлым әділ қайта бөлу орта мерзімді кезеңде дамуы мүмкін, бірақ  Қазақстан тойып тұрған жылдары өтіп кеткен, әлеуметтік келісім деп аталатын авторитаризмді күшейтеді.

Қазақстан қандай сценаримен жүретінін білу үшін әрбір белгісіздік аспектісіне ықпал ету диаграммасы қажет.

2-суретте ресурстарды қайта бөлу аспектісіне оң немесе теріс әсер ететін оқиғалар немесе шешімдер көрсетілген.

Осы аспект бойынша оң ілгерілеу үшін елеулі әлеуметтік-экономикалық реформалар қажет. Біріншіден, жағдайға дұрыс баға беру керек, соның ішінде жұмыссыздар мен кедейлік шегінен төмен адамдардың нақты саны. Ең төменгі күнкөріс деңгейі мен әлеуметтік төлемдерді есептеу тәсілдерін қайта қарау қажет. Мойындауымыз керек, көптеген жылдар бойы жұмысшылардың жалақысының өсуі инфляция қарқынына сәйкес келмеді. Инфляцияның өсуі көбінесе көптеген қызмет салаларында монополиялар мен олигополиялардың болуымен байланысты, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлімде импортты алмастыратын өндірістердің пайда болуын қиындатады. Үкімет пен әкімдіктер нақты проблемаларды анықтаудың орнына бағаны қолмен басқару сияқты популистік шараларды жиі қолданады. Мысалы, құнды қоспайтын, бірақ байланысы бар және нарықты басқаратын делдалдардың болуы сияқты проблемалар жиынтық сұраныстың өсуінен гөрі бағаға көбірек әсер етуі мүмкін.

Жалпы, қазір президент пен (аздап) жаңартылған үкімет жариялаған реформалар қордаланған мәселелерден туындар отыр. Басты мәселе олар қаншалықты іске асырылатында. Мәселе әлеуметтік төлемдерді арттыру тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ көптеген адамдардың активтерде үлестері болуына мүмкіндік беретін ашық жекешелендіруде де әділ түрде қайта бөлуде тұр. Нарықтарды монополиясыздандыру және шағын және орта бизнес үшін жағдай жасау да бірінші басымдықтардың бірі болуға тиіс. Ең бастысы-бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік қолайсыз бағдарламалардың бұрынғы жұмысын қайталамау және әкімшілік кедергілерді, шешімдер қабылдау кезінде  ашықтықты және саясатты іске асыруда болжамды азайтуға көбірек көңіл бөлу керек.

3-суретте саяси және әкімшілік реформалар аспектісіне оң немесе теріс әсер ететін оқиғалар немесе шешімдер көрсетілген. Сөз бостандығындағы шектеулер адамдардың жалпы журналистикаға деген сеніміне нұқсан келтіреді, өйткені, ең алдымен, халыққа саяси режим үшін шынайы және қолайсыз ақпарат беретін ақпарат көздері қудаланады. Цензура расталмаған ақпарат пен қауесеттерге жол ашады және ресми дереккөздерге сенімсіздік пен елемеушілікке апарады. Жиналыстар бостандығын шектеу және митингілерді күшпен басу наразылық әлеуетінің жиналуына әкеледі. Егер митингшілердің талаптары туралы айтатын болсақ, онда басты мәселелердің бірі облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы болып тұр.  Қаржысы жетер-жетпес өзінен жоғары  әкім есеп беретін ауыл әкімдерінің сайлануы жағдайға елеулі әсер етпейді.

«Шал кет» ұрандарын тек белгілі бір адамға ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаға табынуды тудыратын супер-президенттік жүйеге қарсылық ретінде түсіндіру керек. Парламенттің рөлін күшейту және әділ сайлау өткізу бірнеше (ондаған) жылдан кейін дежавюден аулақ болуды талап етеді. Сондай-ақ, басымдықтардың бірі құрамды жаңарта отырып және кадрларды даярлау жүйесіндегі өзгерістермен құқық қорғау органдарын түбегейлі реформалау болуға тиіс. Бұл реформаларсыз наразылық көңіл-күйін төмендету және билікке деген сенімді қамтамасыз ету мүмкін емес.

Қорытынды

Елдің болашағын болжау өте қиын және оны стратегиялық жоспарлау құралдарын қолдана отырып жасауға тырысудың өз кемшіліктері бар. Барлығы ескеріліп, барлық аспектілер қамтылмады. Бірақ көптеген елдердің тарихы, саяси режимдер және басқа да фактілер көрсеткендей, егер биліктегі адамдар халыққа есеп берсе және бизнесті еркін дамыту үшін мүмкіндіктер болса, онда ел тұрақты дамиды. Осы мақалада келтірілген сценарий матрицасы-бұл болашақты болжаудан гөрі нәтижеге жету стратегиясы. Қазір Қазақстан тарихында шешуші сәт келді және көп нәрсе алдағы айларда жасалатын әрекеттерге байланысты.

Дайындаған Айжан Темірхан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052