Танымал вайнерлер қаржы пирамидасын құрған
Танымал вайнерлер қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді.
Танымал блогерлер Мейіржан Төребаев, Азизжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязов қаржылық қылмыс жасауы мүмкін деген күдікке ілінді. Олар Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі 2-тармағы "Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету" бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Олардың қылмысы дәлелденсе бес жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Тергеу соты олардың екеуін кепілмен босатып, біреуін екі айға сырттай қамауға алған. "Азаматтар Т. және Ш-ға қатысты 1000 АЕК мөлшерінде кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат қанағаттандырылды. Азамат С-ны сырттай қамауға алу туралы арыз түсті. Өтініш қанағаттандырылды: күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - деді соттың баспасөз қызметіндегілер.
Abai.kz