Сенбі, 23 Қараша 2024
2828 6 пікір 14 Ақпан, 2022 сағат 14:40

Энергетика министрі: АЭС-тің артықшылықтары бар

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда Атом электр станциясын салудың артықшылықтарын айтты. Бұл туралы Tengrinews.kzке сілтеме жасап, Abai.kz хабарлайды. 

"Қазақстанда атом энергетикасын дамыту үшін артықшылықтар бар. Оған күш-жігеріміз жетеді. Қазақстан табиғи уран көлемі бойынша әлемде бірінші орын алады. Ядролық отын компоненттерінен өз өндірісіміз бар. Елімізде уранды изотопты байыту жөніндегі қызметтерге қол жеткізе аламыз.

Былтыр Үлбі металлургия зауытының базасында Атом электр станциялары үшін дайын ядролық отын шығаратын зауыт ашылды. Олар бүгінде Қытайда пайдаланылып немесе салынып жатыр. Сондай-ақ, ядролық отынның белсенді өндірісі басталды", - деді Ақшолақов ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, елімізде атом өнеркәсібі мен ғылым саласында 24 мыңға жуық адам еңбек етеді.

"Қазақстанның жоғары оқу орындарында 2010 жылдан бастап ядролық және техникалық физика бағыттары бойынша үш мыңға жуық кадр даярланды. Кейінгі аптада екі ел басшысы Ресейдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында осы салаға кадрлар даярлау жөніндегі меморандумға қол қойды", - деді министр.

Ол Ресеймен келісімшартқа АЭС салу үшін емес, кадрларды оқыту үшін ғана қол қойылғанын айтты.

"Электр энергиясы саласындағы алдағы тапшылықты ескеріп, әлемдік экологиялық күн тәртібіне, сондай-ақ, қабылданған бағдарламаға - көміртегі бейтараптығына көшу туралы мәлімдемеге байланысты көмір генерациясына тәуелділікті азайту қажет. Сонымен қатар, бүгінде өндірістік қуат төмендегенін, елдегі атом энергетикасын дамытудың зор әлеуетін ескеріп, АЭС салу неғұрлым дұрыс шешім болып көрінеді", - деп толықтырды Ақшолақов.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478