Сенбі, 23 Қараша 2024
2062 0 пікір 14 Ақпан, 2022 сағат 14:58

Зейнетақы қорынан 41 млрд теңге қаражат алынған

Шетелге көшіп кеткен қазақстандықтар БЖЗҚ-дан 41 млрд теңгеден астам қаражат алды, деп хабарлайды LS сайты.

Зейнетақы қорынан 2021 жылы 17,3 мыңнан астам адам Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты (әр жылдары) төлемдер алып отырған.

Жалпы сомасы 41,3 млрд теңге. Салыстырмалы түрде 2020 жылдың ұқсас кезеңінде салымшылардың саны 18,1 мың адамнан асып, төлемдердің жалпы сомасы 36,8 млрд теңгені құрады.

2 мыңнан астам өтініш беруші 41,3 млрд теңгеден ұлттық валютада 5,9 млрд теңге, 14,5 мың адамға рубльмен – 33 млрд теңге, доллармен 343 салымшыға – 1,5 млрд теңге, евромен 163 салымшыға – 720 млн теңге және фунт стерлингпен 22 салымшыға – 110 млн теңге төлемдер алды.

Фунт стерлингпен төлемдер Ұлыбританияға, Польшаға және Ресейге; доллармен – Ресейге, Беларусияға, Украинаға, Польшаға, Түркияға, Қырғызстанға, Өзбекстанға, АҚШ-қа, Канадаға және басқа елдерге; евромен – Германияға, Польшаға және басқа елдерге жүргізілді.

"БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары мерзімсіз түрде жеке шоттарда сақталады. Ол төлемдер үшін Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткеннен кейін кез келген уақытта жүгінуге болады", -деп түсіндірді зейнетақы қоры.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475