Сенбі, 23 Қараша 2024
Қырдағы әңгіме 2403 5 пікір 15 Ақпан, 2022 сағат 12:31

Түркімендегі билік транзиті: Аркадаг аттан түспек...

Түркіменстан басшысы Гүрбангұлы Бердымұхамедов тақтан кетпек. Аркадагтың аттан түсуі бүгінде Орталық Азиядағы саясатшылардың басты тақырыптардың біріне айналды. 

Түркіменстан басшысы 12 наурызда президенттік сайлау өткізетінін жариялады. Халықтық кеңес отырысында Бердымұхамедов саясатта жастарға орын беру керектігін айтып, екі жыл бұрын пайғамбар жасаны келгенін меңзеп, биліктен кететінін тұспалдаған болатын. Аркадагтың елді басқарып отырғанына 11 ақпанда тура 15 жыл толды.

Соңғы жылдары Түркіменстан басшысының ел басқару қабілетіне мамандар күмән келтіре бастаған еді. Ол халқы әлеуметтік жағдайдың тауқыметін тартып жатқанда, алтын кеме жасатып, арғымақ мініп, итіне ескерткіш тұрғызып, рэп жазып, қымбат көліктер сатып алумен әлекке түсті. Тіпті, жыл сайын бір кітап жазып, оны басты оқуға тиіс әдебиеттер қатарына қосты.

Аркадаг алтын жалатылған сарайында сайран салып жатқан сәтте, түркімен халқы қара нанға зар болып қалды. Елде азық-түлік тапшылығы күн өткен сайын артып келеді. Пандемия басталғалы бері Түркіменстанда қатаң шектеулер енгізілді, дегенмен ресми түрде елде коронавирус жоқ. Тәуелсіз сарапшылар вирустан көз жұмғандар саны Орталық Азия бойынша ең жоғары болуы мүмкін екенін айтуда. Карантиндік шектеулер салдарынан халықтың жұмыс істеу мүмкіндігі де азайған. Ал билік бетперде тақпағаны үшін әр Түркіменстандыққа 11 мың теңге көлеміндегі айыппұлды аямай салып келеді.

Түркіменстан басшысының мұндай шешім қабылдауына елдегі экономикалық жағдаймен қатар мемлекеттік қауіпсіздікке төнген қауіп те әсер етуі мүмкін. Атап айтқанда, Түркіменстан шекарасы маңында соңғы бір жылда бірнеше қарулы қақтығыс болған. Ашхабад ресми ақпарат таратпаса да, шекара маңында түркімен сарбаздары тәлібтермен және ДАИШ содырларымен ұрысқа түскені жайлы ақпараттар бар.

2021 жылы 15 тамызында Талибан лаңкестік ұйымы Ауғанстанды тұтастай жаулап алды. Бұл Ауғанстанмен көршілес елдер үшін үлкен сигнал болатын. Түркіменстан басшысы тәлібтермен келіссөздер жүргізді, екінші жағынан басқа сценарийге де дайын екенін көрсетіп, ел тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты ұйымдастырылған әскери шеруде түркиялық соққы жасаушы «Байрақтар» дрондарын көрсетті. Бұл Орталық Азияға әкелінген алғашқы «Байрақтар» болатын. Жалпы Түркіменстан Орталық Азиядағы қару сатып алу жағынан басымдықты Ресейге емес, Түркияға беретін жалғыз мемлекет екенін осы жолы да көрсетті.

Сердар Бердымухамедов награждает первую олимпийскую чемпионку из Туркменистана Полину Гурьеву

Аркадаг өз елі тығырыққа тірелген сәтте биліктен бас тартуды жөн көрген сияқты. Әрине, ол Түркіменстанның билік элитасынан кетпейді, тіпті Қазақстан моделіне ұқсас қосбиліктік жүйе құруы да мүмкін. Ендігі таңда Түркіменстан билігі сөзсіз оның ұлы, Сердар Бердымұхамедке өтеді.

Сердар Бердымұхамедтің жасы қырықта, ол кеше президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркелді. Осылайша билікті Аркадаг әулеті өз қолында ұстап қалмақ.

Сердар Бердымұхамедов бірнеше саяси лауазымға ие. Бердымұхамедов СІМ орынбасары, Ахал велаятының басшысы, өнеркәсіп министрі, вице-министр қызметтерін атқарған. Елде премьер-министр жоқ болғандықтан, әкесіне тікелей бағынған. Саясаттанушылар Бердымұхамедовтың тәжірибесі Әзербайжан тәжірибесіне ұқсамайтынын айтады және Әлиев сынды жоғары қолдауға ие болуы екіталай.

Елдегі экономикалық жағдайдың нашарлауы салдарынан Түркіменстан билігі алдағы таңда бейтараптық позициядан бас тартып, қандай да бір одақтарға баруы мүмкін деген де болжамдар бар. Мемлекет газ бен мұнайдың арқасында ғана жан бағуда, ал соңғы жылдары түркімен газына Қытайдың иелік етуі еселеп артты.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475