Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Деп жатыр 2913 6 пікір 16 Ақпан, 2022 сағат 16:32

Петиция: Тұрғымбаев доғырысқа кетсін!

Жақында «egov.press» порталында тағы бір петиция жарияланды. Бұл жолы нысанаға ілінген шенді – ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев болған. «Бұл мәселені ҚР Президенті шеше алады», - деп көрсетілген петиция – 12 ақпан күні жарияланған.

Күні бүгінге дейін аталған петицияға 3,5 мыңнан астам адам қол қойыпты. Петиция авторы – Тоқмурзин Достияр Дүйсембайұлы деп көрсетілген.

Петиция мәтінінде: «Азаптауға, түрлі заңсыздықтарға жол берген ІІМ министрі Ерлан Тұрғынбаев отставкаға кетуі тиіс.

06.01.2022 жылы кешкі уақытта «Халық террорист емес» деген үлкен жазумен алаңда тұған бейбіт халыққа ескертусіз оқ атылды деген шағымдар мен хабарламаларды, дәлелдерді жіті тексеру қажет. Дәлелденген жағдайда бейбіт халыққа оқ атқандар қылмыстық жауапқа тартылуы керек. Сондай-ақ, 07.01.2022, 08.01.2022 жылы өлтірілгендердің қандай жағдайда, кімнің қолынан қаза тапқандарын толық анықтау керек. Ауыр қылмысқа қатысы жоқ митингіге қатысқандардың бәрін түгелдей бостандыққа шығару керек», - деп жазылған.

Аталған петицияға қатысты 400-ге жуық пікір жазылыпты. Олардың басым бөлігі министр Ерлан Тұрғымбаевтың доғарысқа кетуін талап етсе, пікіршілердің екінші жартысы Тұрғымбаев жұмысына көңілдері толатындарын жазған.

Пікіршілердің бір бөлігі: «Құқық қорғау органдарына сенім жоқ. Балық басынан шіриді», «Қаншама жазықсыз адамдар құрбан болып, қаншамасы түрмелерде азапталып жатыр», «Қазақстанда азаптауға жол жоқ», «Соттау керек! Қазақстанға Гестапо емес, демократиялық ІІМ керек»,  -дейді.

Ал пікіршілердің екінші бөлігі: «Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев өзінің қызметіне адал және іскер маман! Тек полицияның ғана емес халықтың да жағдайын жақсартуға өзінің шексіз үлесін қосқан тұлға!», «Жақсы Министр полиция қызметкерлерінің имидж жақсартты», «Жақсы реформалар жүргізіп жатыр», «Осындай қиын жағдайда ІІМ министрі елде тәртіпті сақтау үшін үлкен жұмыс істеді», - дейді.

Ерлан Тұрғымьбаевтың доғарысқа кетуін талап ету кеше-бүгін ғана айтылып отырған жоқ. Қасіретті қаңтар оқиғасынан кейін, тергеуге әкетіліп, азаптауға ұшыраған жандар жайлы түрлі ақпараттар әлеуметтік желіні дүр сілкіндіруде. «Бауырымды алып кетті», «әкемді соққыға жығуда», «досым жоғалды», «інім тергеуге кеткеннен келмеді» деген хабарлама көп. Тергеу изольяторында ұрып-соғып, азаптаудың сан түрі болып жатқаны да айтылуда.

2019 жылдың ақпаны. Қазақстанның Ішкі істер министрі ауысты. Қалмұханбет Қасымов сегіз жыл тапжылмай отырған креслоға Ерлан Заманбекұлы келіп қонжиды. Сөйтіп, Қасымовқа қош айттық та, Тұрғымбаевты төрге шығардық. Ел-жұртқа сүйеудей сүйкімі қалмай бара жатқан соң, ел басшылығы өзгеріс жасауды тапсырғанда, форма ауыстырғаннан әрі аса алмаған қазақ полициясына министрдің ауысуы оң әсер етер дедік. Өкініштісі, баяғы жартас – сол жартас күйінде қалды. Ал кешегі «қаңтар оқиғасынан» кейін Тұрғымбаев министрлігіне сын көбейді.

Белгілі дін маманы, қоғам қайраткері Қайрат Жолыдайұлы: «Қаңтар оқиғасында көпшілік халық көшеге әділдік сұрап шықты. Олардың наразы көңілін билік ішіндегі ең ықпалды клан өз мүдделеріне пайдаланып, арандатушылық әрекетті әдейі ұйымдастырды. Бандиттер мен кейбір радикалды топтарды қолданды. Бірақ олардың саны наразылық танытып, көшеге шыққан бейбіт халықтан әлде қайда аз. Қаңтар оқиғасының негізгі себебі террористер емес, 30 жылдық сірескен жүйеден шаршаған халықтың әділдік сұрап шыққан наразы көңілі. Билік осының ара-жігін ажаратып айтуы керек.

Митинге қатысқандарды түрмеде ұрып, соғып, жантүршігерлік тәселдермен азаптаған полиция қызметкерлері тұтқындалып, қылмыстық жауапқа тартылуы қажет. Азаптауға, түрлі заңсыздықтарға жол берген ІІМ министрі Ерлан Тұрғынбаев отставкаға кетуі тиіс», - деп жазса, белгілі заңгер Айгүл Орынбек: «Біз қәзір үнсіз қалсақ, ертең полиция тарапынан «үтік басу» әдетке айналады! Ұрапағың үтіктеліп жүрмесін десең, бұл жағдайды ұмытпай, үтік басқандарды анықтап ел алдына шығаруды талап етуіміз керек!

Президент бүкіл уақытша ұстау мекемелеріне бейне бақылау камераларын қоюға тапсырма берген! Бүкіл бейне бақылау камераларына түскен видеоларды ел алдына шығарсын! Халықты қинамағанын көрейік! «Бір-екі күн шулайды, сосын ұмыталады», деулері мүмкін. Бұл жәй ғана ұмытып кететін дүние емес. «Ұрып соқты» дегенге құлақ үйренген, ертең «үтікпен күйдіріпті» дегенге де құлақ үйреніп жүрмесін! «Жаңа Қазақстан» зорлық зомбылықсыз, азапсыз Қазақстан болу керек», - деп жазады. Ал Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы: «Ішкі істер министрлігін азаматтық тұлға басқаруы керек», - деген пікірді жазады.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1553
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3347
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6207