Сенбі, 23 Қараша 2024
2313 1 пікір 16 Ақпан, 2022 сағат 17:01

Қырғыз үкіметі Қазақстаннан мың автобус сатып алмақ

Екі мың автобус сатып алуға қаражат табылды, деп мәлімдеді қырғыз министрлер кеңсесінің төрағасы Ақылбек Жапаров 15 ақпанда өткен баспасөз конференциясында.

"2 мың автобус сатып алу жөніндегі тапсырма Бішкек әкімдігіне берілген. Қаражат табылды, мың автобусты Беларусьтан, тағы бір мыңын Қазақстаннан сатып алғымыз келеді. Бірақ өзіміздің автобус өндірушілердің өнімінің сапасы талапқа сай болса, оны да көреміз", - деді Жапаров.

Қазақстан биыл Қырғызстанға Yutong маркалы 1 мың автобус жеткізетіні 2021 жылдың аяғында мәлім болды. Қырғызстан үкіметінің делегациясы 8 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында арнайы меморандумға қол қойды.

Бішкек әкімдігінің мәліметінше, баланстағы 476 автокөлік бар болса, соның ішіндегі 300 автобустың тозығы жеткен. Қазір 130 троллейбус пен 82 автобус жолаушы тасып жүр. Билік қоғам тасымалын дұрыс ұйымдастыру үшін кемінде 1500 автобус керек дейді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475