Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3185 4 пікір 17 Ақпан, 2022 сағат 15:52

Митинг - кедей мен жұмыссыз халықтың ашу-ызасы

Біздің ең үлкен проблемамыз кедейшілік. Кедей халықтың көбісі ауылда тұрады. Ауылда тұратындардың көбісі қазақтар. Президенттің өзі халықтың жартысының табысы 50 000 теңге деп айтты. Ресми статистика соңғы бір жылда кедейшілікпен өмір сүретін халықтын санының 2 есе өскенін жазды. Митинг кедей мен жұмыссыз халықтың ашу-ызасы.

Бізге Американы ашудың қажеті жоқ. Жәй ғана Қытайдың кедейшілікпен күрескен жолын қарасақ жетеді. Былтыр Қытай кедейшілікті ресми жойғанын айтты. 10 жыл алдын планды орындап қойды. Негізі Қытай мен Қазақстанның ортақ тұстары көп. 1990-ыншы жылы Қытайдағы экспорттың 3/2-ін мемлекеттік компаниялар өндірсе 2013-інші жылы бұл көрсеткіш 11%-ға түсті. Қазір Қытайдағы жұмыс беруші орындардың 80%-ы жекеменшік компаниялар. Қытай бұл көрсеткішке экономикалық және саяси санкцияларға қарамастан жақсы нәтижелер шығарды.

Бізде 67 миллиард доллар активі бар "Самұрық Қазына" корпорациясы бар. Өткенде президент осы қордың тиімсіз екенін айтты. Самұрықтың әліге дейін басқарма кеңесінің төрағасы елбасы Назарбаев. Басқарманың 3 кеңес мүшелері бар. Смаилов премьер-министр, Қошанов және Сатқалиев. Самұрықтың ішіндегі ҚТЖ, Қазақтелеком басқаларын да жекеге беру керек сияқты. Бергенде де тиынға сатпай шетелдік компанияларға беру керек. ҚТЖ 30 жылда бір жаңа жол салған жоқ. Не керек ондай компанияның? Шетелге сатса елге доллар келеді. Жаңа жұмыс орындарын ашуға болады. Бірінші кезекте мемлекеттік басқарудан жекешелендіруге өту керек.

Артта қалған өңірлерге жаңа жұмыс күшін ашу. Білім мен медицинаны көтеру. Халықты жаппай қанап жатқан біздегі банктер бар. Солардың пайызын түсіру керек. Алып сатарлықты қадағалау. Қалалық жерлерде жалға алу өте қымбат. Оны да қадағалау керек. Қытай 40 жылда 800 миллион адамды кедейшіліктен алып шықты. Біз 19 ақ миллионбыз. Кешенді түрде бағдарлама қабылдап, заң жүзінде жұмыс істесе ол оңай.

Сабит Рысбаев

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5445