Сенбі, 23 Қараша 2024
2582 2 пікір 18 Ақпан, 2022 сағат 10:47

Президент Жаңа Қазақстанның келешегін аңғартып сөйледі

- ҰҚҰШ-ға мүше елдердің әскерін шақырғаныңызға өкінбейсіз бе?
- Ресейге қарыз болып қалған жоқпыз ба?
- Кейбір Ресей саясаткерлері қазақ жерінің тұтастығына көз алартып, Солтүстік облыстарымызды алып қоюды айтып жүр.
- "Қаңтар қасыретіне" қатысқандардың бәрі лаңкестер емес қой? Ол жайында не айтасыз?
- Уақытша тергеу орындарында қатігездік болып жатқанын білесіз бе?
- Талдықорғандық Азамат Батырбаевтың денесін күйдіріп, ыстық үтік басқанынан хабардарсыз ба?
- "Қаңтар қасыреті" неден туды? Оған не себеп болды?
- Сіздің "Әке туралы толғау" атты кітабыңыз бойынша бір продюсерлік компания фильм түсіруге кірісіп кетіпті. Оған не дейсіз?
- Соңғы кездері олигополия туралы жиі айтасыз. Олигополия деген не?
- Шетел асып, офшорларға тығылған қазақтың қаржысы елге қайта ма?
- Тұңғыш президент туралы Конституцияға енген баптар өзгере ме?
Мен жолма-жол, сөзбе-сөз қайталап отырған жоқпын, бірақ, Мемлекет басшысы Қ-К Тоқаевқа тележурналистикамыздың жауынгер қызы Жайна Сламбек қойған батыл да, өткір сұрақтардың мазмұны осылай болды. Мойындайықшы, бұрын дәл осындай сұрақтар қойылып, оған ашық әрі шынайы жауаптар болып па еді?

Сонымен...
Президенттің Ұлттық арна тілшісіне берген сұхбатын соңына дейін көріп, тыңдадым. Дұрыс. Ашық сұхбат болды. Жайна Сламбек көптің көкейінде жүрген, әртүрлі күмән тудырып жүрген сұрақтарды төтесінен қойып отырды. Президент соның бәріне байыппен жауап берді.
Алдағы уақытта жүзеге асуға тиіс реформалар туралы және оны күзге дейін созбай наурыз айындағы Жолдауында жариялайтыны да көңілге қонды. Өйткені уақыт тығыз.

Шетел асқан қаржыны қайтаруға шындап кіріскені байқалды Президенттің. Халық болып қолдауымыз керек.
Еңбекті, еңбекқорлықты идеологияға айналдыру керек деген сөзі әсіресе ұнады. Тіл жайында да шегелеп тұрып айтты.

Отыз жыл қайдағы жоққа амалсыздан болса да сеніп келген халқымыз отыз күнде мүлде өзгерді. Өзгеріс өте керек. Бірақ отыз жылдағы келеңсіздік атаулының отыз күнде орнына келе қалуы да қиын екенін ескеріп, игілікті істерді алдағы күндерден де күте білейік. Қысқасы, бүгінгі сұхбатында Президент Жаңа Қазақстанның келешегін аңғартып сөйледі. "Бәрекелді!" деймін өз басым.

Дәурен Қуат

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5437