Бандиттік топтар, қылмыс әлемі: Қазақстан қалай күресуде?
Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топтар бар ма? Ол қалай өзгеріске ұшырады? Бұл туралы Орда.кзке сілтеме жасап, Abai.kz хабарлайды.
90 жылдары «Сары Алмас», «Атаба», «Адай», «Депутатский корпус», «Төрт ағайынды» деген ұйымдасқан қылмыстық топтардың аты естілсе саудагерлер мен бизнесмендердің жаны зәр түбіне кететін. Олар қан төгу, зорлық-зомбылық, қатыгездіктің көрінісіндей болды. «Крыша» болуға келген оларға кез-келген фирманың басшысы үн-түнсіз ғана ақшасын ұстататын. БАҚ материалдарынан көріп-біліп жүрген қарапайым ел азаматтары ірі қылмыстық топтардың жазаланбайтынына қайран қалатын. Неліктен полиция олардың қылмысына шек қоя алмайды, мұның артында кім тұр? деген сияқты сан түрлі сұрақтарға жауап іздеді.
Жылдар өте тұрмыс өз қалпына келе бастады. Қылмыстық топтар туралы сот залынан репортаждар азайды, БАҚ бетінде олар туралы бұрынғыдай бұрқыраған материалдар көп жазылмады. ІІМ-не бірі келіп бірі кеткен бастықтар елдегі қылмыстық істердің төмендегені туралы есептер беріп жатты. Бұл халықтың ойына «елде қылмыстық топтар ақырына жетті, олар тек өткеннің елесі болып қалды» деген ойды орнықтырды. Тек кейбір адамдар ғана бұл ойдың соншалықты өтірік, өзін-өзі алдау екенін ұқты.
«Ұйымдасқан қылмыс ешқайда да кеткен жоқ. Ол болды, қазір де бар, болашақта да бола бермек. Әлемнің кез-келген елінде кез-келген билік режимінде бар нәрсе. Тек қана бір жерлерде оны құқық қорғау органдары басқара алады, ал кейбір жерлерде басқара алмайды. Біздің елімізде ұйымдасқан қылмыс жоғарыға шығып кеткен. Гүлденіп жатыр. Ол экономиканың квазимемлекеттік секторына шықты және жайлап виртуалды алаңды жаулауға көшті. Шүкір, Қазақстанда Батыстағыдай немесе Ресейдегідей ұйымдасқан киберқылмыс әзірге жоқ , бірақ басталған істің қиындығы жоқ»-, дейді отставкадағы полиция полковнигі Балтабек Маратұлы.
Оның айтуынша, ұйымдасқан қылмыс біздің елімізде шартты үш даму кезеңінен өткен: «90 жылдары басбұзарлар баюдың әдісін пайдаланбай тек бастапты капиталды лас жолмен жинады. Ал, 2000 жылдардың басында биліктің жемқор шенеуніктерінің көмегімен өздерінің жеке кәсіптеріне сол ақшаларын салды. Соңғы жылдары олар өздерінің ықпалын кеңейтіп, мемлекеттік меншікті ұрлап, экономиканың барлық салаларына бақылау орнату үшін мемлекеттік секторға кіруге тырысып жатыр».
25 жыл ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың қылмыс жасау тәсілдері өзгерді.
«90 жылдары олар негізінен пайда табу үшін қатігез қылмыстарға барды: бопсалау, кісі өлтіру, қарақшылық, ақша бопсалау үшін адам ұрлау. 2000 жылдары экономикалық қылмыстарды істеді: рейдерлік, контрабанда, кедендік баждар мен алымдарды төлемеу, қаржы пирамидаларын құру. Соңғы 10 жылдықта тіпті конституция негіздеріне және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыс жасауға дейін батылы жетті. 2015 жылы мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған сыра патшасы Төлешовтің ұйымдасқан қылмыстық тобының үстінен қозғалған атышулы сот процесінің өзі неге тұрады?» ,-деп жалғастырды ол.
Короновирус пандемиясын қылмыстық топтарға бас пайдасына жаратты.
«Заңға бағынған жұрт төрт қабырғаға қамалып карантинде отырған кезде, хакерлер мен алаяқтардың түр-түрі көбейді. Олар қашықтан істейді оның үстіне виртуалды алаңда оларды ұстау қиынырақ. Ресейдің «К» бөлімінің жедел қызметкерлері «ройлар», «хабтар», «гибридтер» сияқты желіде кибер қылмыс жасайтындарды әшкерелеп отырады. Бірақ бізде қалай екенін білмеймін. Мен тек әлеуметтік желі қолданушысы ретінде білетінім хабтар фишингпен, жыныстық қылмыстармен, зиянды бағдарламаларды таратумен айналысады. Бізде де мұндай нәрселер болуы керек. Қалай десек те бүгінде қазақстандық полицияның айналысатын жұмысы жетерлік»,-деп түйіндеді Балтабек Маратұлы.
«ҚР ІІМ-нің қазіргі басшылығы да ұйымдасқан қылмыстың ешқайда кетпегенін түсінді. Ол бұрынғыдан гөрі күрделі, әккі әрі қантөгіс аз. Төрт жыл бұрын Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұйымдасқан қылмысқа қарсы күреске маманданған бөлімшелерді таратқан болатын. Бұл ішкі істер министрлігінің қылмыстық полиция комитетіне бағынатын Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi аймақаралық басқармасы мен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы еді. Генерал сол кезде олардың көп штатын ұстаудың қажеті жоқ деп есептеді, себебі елде қылмыс азайды, сондықтан таратылған үлкен басқармалардың орнына қалалық және облыстық полиция департаменттеріндегі шағын бөлімдерді ғана қалдырды. Мүмкін, оның өзін сабырға шақыруға 2018 жылы ұсталған және сотталған ҰҚТ басшыларының ауыр қылмыстық істері себеп болған шығар. Бірақ көп ұзамай елдегі қылмыстық жағдай нашарлап, ол шешімін қайта қарауға мәжбүр болды. 2020 жылғы қарашада Ерлан Тұрғымбаев брифингте ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментін құруды жоспарлап отырғанын, оның құрылымында адам саудасына қарсы күрес бөлімшесі қайтадан құрылатынын хабарлады», дейді ішкі істер органдарының ардагері, запастағы полиция подполковнигі Рустам Мырзабаев.
" Мен Нұр-Сұлтанда сонша уақыт кетіріп жаңа департамент құрғанша ескі аумақтық бөлімшелерді қайтару керек деп санаймын ", – дейді Рустам Мырзабаев.
– Екі жыл өтті, әлі жұмыс істеген жоқ. Біз бұлай босқа тұрып алтын уақытымызды, кадрларды жоғалтамыз. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi аймақаралық басқармасы мен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бандитизммен күресте баға жетпес тәжірибе жинақталды, ол жерде жоғары деңгейлі мамандар жұмыс істеді. Олады таратып жібергеннен кейін әркім әр жаққа кетті, енді қазір ҰҚТ қарсы күресетін кішкентай бөлімшелер үлкен жұмысты атқаруға әрең үлгіріп жатыр»
Ол ҰҚТ қарсы бөлімдерді таратудың негізгі себебін айтып берді.
"Жасыратыны жоқ төрт жыл бұрын министр «погон таққан қасқырлардың» істеріне байланысты төтенше жағдайлар қайталана берген соң Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi аймақаралық басқармасы мен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасын таратты. Сол кезде бірнеше экс-қызметкер сыбайлас жемқорлық және қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін сотталды, бірақ олардың кесірінен тұтас бөлімдерді таратудың қажеті қанша?! Кадрлық таңдауға ережелерін қатаң бақылауға алса жеткілікті, сонымен болды»,-деді ол.
Құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлыққа батқаны еліміздегі қылмыстық топтардың "ұзақ өмір сүруіне" себеп болып келеді. Погон таққан жоғары лауазымды парақорлардың қамқорлығының арқасында қылмыстық көшбасшыларға Фемиданың тісі батпады. ІІО ардагерлері де бұл пікірмен келіседі.
«Жемқорлық фактілерінің кесірінен үнемі ҰҚ-пен күресу үнемі қиын болып келді. Ал, қазір олар сегізаяқ сияқты биліктің барлық саласын шырмап алды. Таңғалатыны жоқ, скептиктер онымен күресті жел диірмендерімен не көлеңкемен күрескен сияқты деп есептейді. Бұл жағдайды одан әрі нашарлататын бұрыс азаматтық ұстаным. Қылмыспен барлық күшпен, құралдармен, амалдармен күресу керек! Бірінші кезекте, құқық қорғау органдарымен».
ІІМ жедел бөлімшелерінің ішіндегі ең көбі Алматы ҚІІББ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы болып саналған.
"Алматы ҰҚҚКБ-ның 80 қызметкері бопсалау,жеңгетайлық, экономикалық қылмыстарға қарсы , діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімдерінде жұмыс істеді. Сондай-ақ аса қауіпті қылмыстарды, қылмыстық топтарды тергеу және қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын заңдастыруға қарсы іс-қимыл бойынша тергеу жұмыстарымен айналысты. Біздің жұмысымыздың шегі болмайтын, өйткені сол жылдары қылмыстық топтардың көп бөлігі оңтүстік астанада және оның айналасында жұмыс істеді. Мен ҰҚҚКБ-да 15 жыл жұмыс істедім. Рэкетирлер мен бандиттермен, адам ұрлап ақша бопсалайтындармен күрестім. Содан кейін «Қара Алмас», «Сары Алмас», «Атаба», «Төрт ағайынды» қылмыстық топтарды анықтау ісіне қатыстым. Біздің басқармадағы жедел-іздестіру қызметінің тәжірибесі мол болды, соның арқасында көптеген криминалдық билік қылмыстық жауапкершілікке тартылды".
Айта кетейік, ҚР Президентінің 1997 жылғы 5 қарашадағы №3731 Жарлығымен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес өкілеттігі ІІМ-ге жүктелді. Алайда, бұл тек полиция бөлімі біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпке жауап береді дегенді білдірмейді. Қылмысқа қарсы күреске ҰҚК, Қаржы мониторингі агенттігі, ҰҚК Шекара қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі біріге қатысады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ардагері, запастағы генерал-майор Шынтас Утяпов өзінің қызметі туралы айтып берді. 2008-2010 жылдары ол "Шығыс" өңірлік басқармасын басқарды және Қытаймен және Ресеймен шекарада Отанымыздың шығыс шептерін қорғауға жауапты болды. Ал 2010-2013 жылдары "жағалау күзеті" өңірлік басқармасының бастығы болды және елдің теңіз шептерін күзеткен.
"Кез-келген шекара бөлімшесі екі мемлекеттің шекара аумағында жұмыс істейтін трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күресуге тура келеді. Менің жағдайымда, бұл Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасында орналасқан ҰҚТ болды. Біз қару-жарақ пен есірткі тасымалдау арналарын жаптық, халық тұтынатын тауарлар контрабандасының, заңсыз көші-қонның, декларацияланбаған қолма-қол ақша тасымалының жолын кестік. Паспорттық бақылаудан өту кезінде әртүрлі қылмыс жасады деген күдікпен республикалық және халықаралық іздеуде жүрген адамдарды автокөлік және жаяу жүргіншілерді өткізу пункттерінде ұстадық", – дейді Шынтас Өтепов.
Сондай-ақ, "Шығыс" шекара басқармасының жеке құрамы ҰҚКД-мен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының орнында Шығыс Түркістан халифатын құруды жақтаған экстремистік топтардың қылмыстық әрекеттерінің жолын кесу бойынша бірлескен арнайы іс-шаралар өткізген. Шетелдік эмиссарлар өздерінің ізбасарларын Жаркент пен Шонжыда жіберуге тырысты, бірақ олар уақытында ұсталды.
Әзірбайжан мен Иран шекарасында Қазақстанның Каспий акваториясын күзеткен шекарашылардың жұмысы да жемісті болды.
"Біздің күзет кемелері экипаждары сол кезде "уылдырық мафиясы" деп аталатын. Қазақстан аумағының көлдерінде бекіре мен басқа да бағалы балықтарын заңсыз аулаған шетелдік браконьерлермен күресті. Жалпы алғанда, шекарашылар өзіне сеніп тапсырылған аумақта заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полицейлер мен кеденшілермен жақсы жұмыс істеп жатқанын атап өткім келеді", – деді генерал.
Елімізде әр жылдары жұмыс істеген ұйымдасқан қылмыстық топтар туралы ақпаратты желіден табу оңай. Мысалы, «сары Алмастың» ҰҚТ-ы 90-шы жылдары ойын-сауық және шоу-бизнесті, автосалондар желісін және Алматыдағы бірнеше киім-кешек базарларын, сондай-ақ Маңғыстау облысындағы бірқатар мұнай ұңғымаларын басқарды. "Төрт ағайынды" ҰҚТ-ы 20 жыл бойы Ақтөбе облысында мұнай ұрлаумен айналысқан. "Атаба" ҰҚТ-ы 2000 жылдары ликер-арақ бизнесін, кеден бекеттерін, казино мен киім-кешек нарығын басқарды. Бірақ осы жылдар ішінде бәрі өзгеріп, топтар өздерінің ықпал ету аясын кеңейтті.
"2000-шы жылдардың басында Алматы ҰҚҚКБ-нан жедел ақпарат тарап кетті", – дейді Рустам Мырзабаев. - ҰҚТ туралы деректер желіге тарады және оны журналистер бірден сенсация қылып жариялады. Бұлар бейресми ақпараттар, яғни оны бүкіл әлемге жарнамалаудың қажеті жоқ еді. Бірақ қалам мен микрофонның «акулалары» деректердің сенімділігіне бас қатырмайбарлық ақпаратты сол күйінде берді. Мен ол кезде ІІББ өзіндік қауіпсіздік басқармасы ақпараттың жария болу фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізді ме, білмеймін, бірақ біздің жігіттерден ешкім жауап алмағаны есімде".
ІІО ардагерлерінің айтуынша, өңірлерде соңғы 10 жылда "Крыкбаевские", "Кировские", "Алибовские", "Ибрагимов", "Каримов", "Махмудовские" және т.б. ҰҚТ-ны басқарып келеді. Алматыда «Дикий Арман» сияқты жаңа "бригадалар" мен жаңа қылмыстық билік жұмыс істейді. Олардың барлығы ұзақ уақыт бойы ықпал ету салаларын өзара бөлді және 30 жыл бұрынғыдай қанды соғыстарды жүргізбеді.
"Бандиттік соғыстардың шыңы 90-шы жылдардың ортасында, олар ықпал ету салаларын өзара бөліскен кезге тура келді", – дейді Рустам Мырзабаев. – Төбелес барысында біреу қаза тапсағ біреу түрмеге қамалды және жаңа келіспеушіліктерге алып келді.Рэкетирлер өздерін әлемнің жаңа элитасы деп санады, ұрылардың түсініктерін мойындамады және басқаларға өздерінің ойын ережелерін мойындатуға тырысты. Осыған байланысты олардың және түрменің «ықпалдылары» арасында көшбасшылық үшін ұзаққа созылған шайқастар болды.
«Бауырлар» колонияларда "отбасыларға" деп бірікті де қылмыстық иерархияда "заңдағы ұры" болып тағайындалған "положенцы-ға" және белгілі бір аумақта, мысалы, тергеу изоляторларының камерасында немесе корпусында, лагерьдегі баракта тәртіп үшін жауап берген сотталғандар «смотрящий-ге» қарсы соғысты. Соғыс әр түрлі өтетін. Біз, жедел қызмет уәкілдері, «бауырлардың» қылмыстық тобын "бригадалар"деп атайтынбыз. Тиісінше, олардың көшбасшылары - "бригадирлер", қарапайым мүшелері – "торпедалар", ал олардың арасындағыларды – "актив", қысқартылған " ҰҚТ белсенді мүшелері" деп аталатын,-деді Мырзабаев.
Алайда соғыс балтасы көмілгелі көп болды. Бүгінгі таңда ҰҚТ өз қаржысына, ірі мәмілелерден ақша табу мүмкіндігіне көбірек алаңдайды. Міне, олар мұнай-газ секторына, ауыл шаруашылығына, темір жол тасымалдарына, темекі өнімдерін, спиртті, ликер-арақ және алкогольсіз өнімдерді шығаратын кәсіпорындарға, түсті және қара металдардың қайталама нарығына жоғары қызығушылық танытып отыр. Сондай-ақ балық, орман, көмір және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына, алтын өндіруші компанияларға, кеден бекеттеріне және уақытша сақтау қоймаларына көз тігіп отыр.
"Қазақстандық ҰҚТ-ның ресейлік ҰҚТ-дан басты айырмашылық, олар іс жүзінде антиквариат, мәдени құндылықтар, радиоактивті заттар, сирек жер және ядролық материалдар контрабандасымен, адам ағзаларын сатумен айналыспайды, бірақ сирек жағдайларда ондайлар да ұсталуы мүмкін. Біздің басбұзарлар әдетте қылмыстық кәсіппен айналысқанды жөн көреді: есірткі трафигі, жеңгетайлық, бопсалау, оған қоса жеке заңды бизнестен пайда табу сияқты» ,– дейді Рустам Мырзабаев.
Егер ескі қазақстандық ҰҚТ тарихына қайта оралсақ, онда олардан ұсақ сынықтар сияқты топтар қалды. Бірде-бір ірі басбұзарлар бригадасы халықаралық деңгейге көтеріле алмады және өзін қуатты трансұлттық қылмыстық қауымдастық ретінде көрсете алмады. Әдетте қылмыстық "ескі гвардия" жауынгерлерінің тағдыры стандартты: ҰҚТ-ның белсенді қатысушылары қазір ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылады немесе бизнес жүргізеді. Ал кейбір қатардағы қатысушылар есірткіге салылып кетті.
"90-шы жылдар мен 2000-шы жылдардың басында ҰҚТ басшыларына, басқалармен қатар, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін "Бандитизм" бабы тағылды. Қазіргі уақытта олардың көбі босап шығып, коммерциямен және заңды бизнеспен айналысады, – дейді Балтабек Маратұлы. – Менің бұрынғы тергеуге алғандарым негізінен автобизнеске қатысы барлар. Олардың өз автосалондары, ТҚС кешендері, автобөлшектерді сататын дүкендері бар. Олар молшылықта өмір сүріп жатыр.Ештеңеге шағымданбайды".
Баскесерлердің кейбіреуі Фемиданың қудалауынан қашып, шетелге жасырынып үлгерді. Енді оларды Отанына экстрадициялай алмаймыз, өйткені қазақстандық құқық қорғау органдарында көптеген шетелдік әріптестермен уағдаластықтары жоқ. Қылмыстық көшбасшылардың кейбірі о дүниеге аттанды. Мысалы, 1993 жылы Қордай асуындағы автокөлік апатынан«Қара Алмас» қайтыс болды. Сол жылы Алматыдағы Малая станица ауданындағы жеке үйлердің бірінде «Баха-Фестиваль» деген лақап атпен тағы бір қылмыс серкесі алты сыбайласымен бірге атылды. «Атаба» 2012 жылдың желтоқсанында полицияның қуғынына ұшырап дәл сол жерде жүрекгі тоқтап қайтыс болды. Әйгілі «Сары Алмас» 1998 жылы Барселона вилласынан омыртқасы сынған күйі өлі табылды.
Қылмыстық эпопеясы басталғанда түрмеден құтылып кеткен қылмыс әлемінің көшбасшылары ақыры 2018 жылы ІІМ мен ҰҚК жедел бөлімшелерінің нақты үйлесімді жұмысының нәтижесінде түрмеге қамалды. Мысалы, банкирді өлтіргені үшін 10 жарым жылға бас бостандығынан айырылған «Мурка» лақап атымен танымал ықпалды баскесер немесе Ақтөбе облысының кен орындарынан шикі мұнайды ұрлағаны үшін, рейдерлік, бопсалау, қаруды заңсыз сатып алу және сақтаумен айналысқан "Төрт ағайынды" ҰҚТ басшысы Еркін 12 жылға бас бостандығынан айырылды. «Адыл-Қытай» лақап атымен танылған тағы бір ҰҚТ көшбасшысы Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы тауар контрабандасымен, бопсалау, адам ұрлаумен айналысып, кісі өлтіргені үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Қазіргі уақытта ол Жамбыл облысында жазасын өтеп жатыр.Бір қызығы, бірдей қылмыстық іс бойынша оның екі ұлы бірге ұсталды . Біріншісі ұлы бір жыл және екі ай бостандығы шектеліп оңай құтылды. Екіншісі алты жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ өткен жылы шартты түрде босатылды.
Кез-келген журналистер мен блогерлердің қылмыс әлемінің серкелерімен байланыс жасауға талпыныстарынан ештеңе шықпады. Олар өткен-кеткен өмірінің не болмаса қазіргі өмірінің сырымен бөлісіп отыруға ниеттері жоқ. Олардың адвокаттары да БАҚ-пен араласудан аулақ. Олар үкім шығарғаннан кейін біз өз клиенттеріміздің тағдырына араласпаймыз, ешқандай бөтен ниет жоқ, тек бизнес қана дейді олар.Тек тергеушілер ғана аса маңызды істер бойынша жасаған тергеулері мен тергеуге алғандарды жақсы біледі.
"Менің "крестниктерім" көп, – деп еске алады Балтабек Маратұлы, – аса ауыр қылмыс жасағаны үшін аса ауыр жаза – ату жазасына кесілген тергеудегілерді біз бұрын осылай атағанбыз. Алматы тергеу изоляторының бункерінде кімдер өлім жазасына кесілгені әлі есімде. Өлім жазасына мораторий енгізгеннен кейін, ату жазасы өмір бойына бас бостандығынан айырумен ауыстырылып, баскесерлерді Арқалық қаласы маңындағы атақты "Қара бүркіт" колониясына жібере бастады. Олар қазір де сонда. Қатаң режимдегі колонияларда 10-15 жылдан бері қызмет еткен экс-тергеушілерді кейін Алматының қоғамдық орындарында кездестірдім".
Біздің кейіпкеріміздің айтуынша, олардың бұрынғы қорғалушыларының ешқайсысы түрмеде аурудан, жазатайым оқиғалардан не қастандықтан қайтыс болмаған. Қазір олар әрқайсысы әр түлі өмірі сүріп жатыр.Бірақ молшылықта өмір сүреді. Бұрынғы серіктестерімен көпшілігі араласпайды.
Әңгіме соңында сұхбат беруші 90-шы жылдары 2000 жылдары ұйымдасқан қылмыспен қалай күрескендерін айтып, еске түсірді.
Сол жылдары полковник Балтабек Маратұлы былай еске алады:
"Ұйымдасқан қылмыстың шыңы мен агрессивті түрі 1995-2005 жылдары аралығында болды. Мен ол кезде Мемлекеттік тергеу комитетінде аса маңызды істер бойынша аға тергеуші болып жұмыс істедім, содан кейін оны таратқан соң Алматы ҚІІБ тергеу басқармасына бардым. Бірнеше жыл бойына әріптестеріммен бірге күн мен түнді жұмыс орнымда өткіздім. Өйткені жұмыс көлемі үлкен болды. Әрқайсымыз басқа істермен қоса, жылына кемінде 10 көп томдық ҰҚТ-ға қатысты қылмыстық істерді тергедік".
Жәбірленушілер көбінесе ҰҚТ істері бойынша тергеу неге ұзаққа созылатынын түсінбейтін. Оларға қылмыстық істердің осы санатын тергеудің ерекшеліктерін шыдамдылықпен түсіндіруге тура келді.
"Қылмыстар адамдардың сөз байласуымен жасалды, сондықтан барлық қатысушыларды, олардың ҰҚТ-дағы рөлін және қылмыс жасау мән-жайларын анықтау қажет болды, бұл көп уақытты қажет етті. Бір қылмыстық іс көбінесе 20 эпизодты қамтыды, ал қылмыстар көбінесе Алматыда ғана емес, басқа аймақтарда да жасалды. Келесі басбұзарды ұстап алып, іс бойынша орта есеппен 12 адам қатысқан кезде, бәрін біріктіруге, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қосымша тексеру жүргізуге тура келді".
Көптеген жәбірленушілер мен куәгерлер куәлік беруден қорыққандықтан, тергеу айыптаудың дәлелді базасында шым-шытырықтар болатын.
"Көрдіңіз бе, тек АҚШ-та құнды куәгерлер бірнеше жылдар бойы штаттан штатқа көшкенде ФБР агенттері өздері қадағалап жүреді. Олар құжаттарды ауыстырады, тіпті пластикалық операциялар жасайды және т.б. онда куәгерлерді қорғау бағдарламасы өте жақсы жасалған. Бізде бәрі оңай. Маңызды куәгерлер қылмыстық істер бойынша бүркеншік аттармен жүретін, біз олардың нақты мекен-жайы мен жұмыс орнын жасырдық".
ҰҚҚКБ жедел қызметкерлері куәгерлерді тергеу мен сот кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларды әртүрлі мекен-жайларға жасырған.
"Куәгерлер айғақтарды алдын ала жазбаша түрде беретін, өйткені сот процесіне қатысушылар онлайн-режимде қашықтан сөйлесе алатын қазіргі кездегідей техникалық мүмкіндіктер болған жоқ. Сот олардың айғақтарын ескермеген кезде, тергеушілер көбінесе сараптама нәтижелері мен заттарға баруға мәжбүр болатын. Егер сот оларды қабылдаса, онда айыпталушыларға ауыр жаза төніп тұрды, ең ақыры дегенде «аз қанмен» құтылатын.
Көптеген әңгімелер "кіндік шешелер", яғни қылмыстық қауымдардың әйел көшбасшылары тақырыбында болды. Адвокаттар Қазақстанда «Айка-Бегемот» пен «Зәурені» мысалға келтіре отырып, осындай тұлғалар болғанын айтады. Біріншісі, «Сары Алмас» қайтыс болғаннан кейін оның ҰҚТ басқарды, ал екіншісі "Төрт ағайынды" ҰҚТ жетекшісінің оң қолы болды деп айтылады. ҰҚҚКБ жедел қызметкерлері мұнымен келімпейді.
"Бізде ешқандай "кіндік шешелер " болған жоқ, - дейді Рустам Мырзабаев. - Қалай болғанда да, бұл жоғары қылмыстық мәртебеге жедел уәкілдер беретін жауап. Шынында да, «Сары Алмастың» қылмыстық тобының қатысушыларымен байланысқан корпулентті формалары бар туысы болған. Соның салдарынан ол біздің ҰҚКБ жедел қызметкерлерінің қолына түсті. Бірақ Айка ешқашан оның оң қолы болған емес те ол қайтыс болғаннан кейін ҰҚТ басқарған да емес.
«Сары Алмастың» тобы ыдырап, бірнеше топтарға бөлініп кетті. Соның ішіндегі ең мықтысы "Төрт ағайынды" болды. Оны Құрман, Асқар, Серік және Еркін басқарды, олардың бір-бірімен туыстық байланысы болған жоқ. Содан кейін Құрман мен Серік "Ағайындылар" құрамынан шығып, өзінің "бригадасын" құрды. Уақыт өте келе оны Руслан, Оралхан және Аухат басқарды.
"Осы ҰҚТ-ның бірде-біреуіне Айка-Бегемот бұйрық бермеген, тіпті қасына да жоламаған. Менің білуімше, ол БАӘ-не баяғыда кетіп қалған және табысты бизнес-ледиге айналды деседі. Ол қазір қайда жіне немен айналысатынын білмеймін, мені қызықтырмайды", – деді Мырзабаев.
Адвокаттар «Айка-бегемотпен» «Зәуре» бәсекелес болуы мүмкін дейді. Ұйымдастырушылық қабілеті мен төзімділігі мықты ханым ретінде 2000 жылдары "Төрт ағайынды" ҰҚТ жетекшілеріне коммерциялық жағынан көмектесті. Ол сотты күтіп тергеу изоляторында отырған кезде өзінің қатал мінезімен танымал болды. Бір кездері ол камерада Алматы облысындағы жезөкшелерді аяусыз қырып-жоюмен танымал болған «Борма»н бандасының мүшелерін қудалауды жақсы көрген. Зәуре бірқатар қылмыстары үшін ұзақ уақыт жазасын өтеді, содан кейін ол із-түзсіз жоғалды.
"Зәуре есімде жақсы сақталыпты, ол «Төрт ағайынды» ҰҚТ-мен байланысы болды. Бірақ оны қылмыс әлемінде танымал деп атауға болмайды. Жалпы, де-юре әйелдер ҰҚТ жетекшілері болды,мысалы, әйгілі жеңгетай «мама Роза». Оларға "ҰҚТ құру және басқару" және "жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру немесе ұстау" баптары бойынша жаза тағайындалды. Бірақ іс жүзінде олар «ерлер әлемінде» тең болып саналмады", - деп түсіндірді әңгімелесуші.
Оның айтуынша, журналистер қылмыстық топтардың көшбасшылары мен жеке ҰҚТ туралы қиял-ғажайып әңгімелерді өрбітеді.
"Кейде журналистердің мақалаларын оқисың, Қазақстанда әрбір екінші ҰҚТ-ны заңдағы ұры басқаратын сияқты. Шындығында, бізде «заңда тек екі ұры» бар – бұл «Серік Голова» және «Леха Маймыш». Олар 1996 және 1997 жылдары Ресейдегі ірі ұрылардың жиналыстарына қатысып, қазіргі уақытта жазасын өтеп жатыр. Екінші миф біздің елімізде есірткі трафигіне, алаяқтыққа, қару-жарақ сатуға, жалған ақша жасауға және т. б. мамандандырылған көптеген этникалық қылмыстық топтар бар деген болжамға байланысты. Мен тіпті басбұзарлардың ұлтын саяси дұрыстық принципі үшін атағым келмейді. Мәселен, Қазақстандағы этникалық қылмыстық топтар саусақпен санарлықтай және олар қылмыстық әлемде маңызды рөл атқармайды".
ҰҚҚКБ жедел қызметкерлері елге шетелдіктер келген кездегі қайғылы естеліктерін айтты. Оларға нағыз «аулау» сол кезде басталған.
"90-шы жылдары Алматыдағы шетелдіктер барлық криминалды тұлғалардың «аулау» нысандарына айналды. Біздің жігіттер қылмысты ізге түсумен ашып жүрді, бірақ екі жағдайда қылмысты аша алмады. Бірде баскесерлер Үнді коммерсантын, бірде Қытай кәсіпкерін ұрлап кетіп, үлкен сомада ақша талап еткен. Әдетте іс бұлай насырға шаппайтын, бірақ сол кезде қиын болды. Баскесерлер арнайы құтқарушы күш келгенше екі құрбанның шаруасын тындырып болды", - деп бөлісті Рустам Мырзабаев.
"Ағайындылар" жедел қызметкерлердің өмірін қиындатқанды жақсы көрген. «Өлтіреміз» деп айтуға қорқатын, сондықтан тығылып жасайтын.
" Олар және олардың адвокаттары бізге жиі шағым жазатын. Азаптау және айғақтарды бұрмалау болды деп айыптайтын, сондықтан қалалық прокуратураның, ҰҚКД, ІІМ және ІІББ өзіндік қауіпсіздік басқармасының кеңселері әрқашан шытырман сот істеріне толды. Маған да бір өтініш берушінің шағымының негізділігін тексеру үшін Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері келді, бірақ олардың келуінен дым да шықпады", – деп жалғастырды Мырзабаев.
Алматы ҰҚҚКБ –дағы сыбайлас жемқорлық туралы қауесет өте көркемделіп берілді. Оның 20 жылдық тарихында тек екі орта буын офицері ұсталды. Екеуі де жеңгетайларды «қамқорлыққа» алды деп айыпталды (Мама Роза және оның мұрагері Лола). Олар алты жылға бас бостандығынан айырылды.
Қаңтардағы қайғылы оқиғалар біздің елімізде ұйымдасқан қылмыс әлі де бар екенін көрсетті. Әйтпесе, сауда нысандары мен қаржы институттарына үлкен шабуылдар (қарақшылық шабуылдар мен тонау), полицияның әкімшілік ғимараттарына, мәйітханаларға және ауруханаларға шабуылдар болмайтын еді. Алматыда қылмыс көшбасшысы «Дикий Арман» тұтқындалып, мыңдаған қылмыстық іс қозғалмас еді. Президент Тоқаевтың өзі шетелдік жалдамалылар мен қазақстандық қылмыскерлерден тұратын бандалық құрылымдардың жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар екенін бірнеше рет мәлімдеді.
Abai.kz