Сенбі, 23 Қараша 2024
3038 36 пікір 18 Ақпан, 2022 сағат 12:43

"Ұлы көш Күні" бекітілмек

1991 жылдан бастап Қазақстан Атажұрттан жыраққа тарихтың тепкісімен кеткен қандастарды қайтару жобасын бастады. Осы уақытқа дейін елімізге 1 млннан астам қазақ келді. Олардың басым көпшлігі Өзбекстан, Қытай, Ресей елдерінен келсе, алыс шетелден де Атажұртқа ат басын бұрған қандасымыз жеткілікті. 

Ал ендігі таңда Қазақстанда тағы бір мереке күні пайда болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасындағы мерекелер тізіміне қосымша дайындады.  Осылайша, Қазақстандағы мерекелер тізбесі 43-1-тармақпен толықтырылсын деп жоспарлануда.

Ол Ұлы көш күні. Ұлы көш күні 18 қараша атап өтіледі.

Түсіндірілгендей, бұл толықтыру Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021жылы 16 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында берген тапсырмасы аясында жасалған.

Құжат жобасы 3 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында орналастырылған. Құжаттың толық нұсқасы төмендегідей:

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгеріс толықтыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

1. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган атауы
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2. Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 16 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 25 тармағы.
3. Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)
Осы қаулы жобасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат талап етілмейді.
4. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын салдарлар
Қаулы жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.
5. Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі
Жобаны қабылдаудың мақсаты 18 қарашаны мерекелік күндер тізбесіне (Ұлы көш күні» (Великий переселения күні) деп енгізу.
6. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер
Жоқ.
7. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы мауы
Талап етілмейді.
8. Көрсетілген жобаның халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат
Халықаралық шарттар болып табылмайды.
9. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі
Рұқсат етіледі.
10. Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)
Жоба:
1) 2022 жылғы ** ақпандағы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz веб-сайтында орналастырылды, файлдың көлемі ** КБ;
2) 2022 жылғы ** ақпандағы мемлекеттік органдардың «Электрондық үкімет» www.egov.kz порталында орналастырылды.
11. Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады
Жоқ.
12. Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі
Сәйкес келеді.
13. Үкімет актісінің жүзеге асуына байланысты жеке кәсіпкерлер субъектілерінің шығындарын төмендедту және (немесе) арттыруды дәлелдейтін есептердің нәтижесі
Талап етілмейді.
14. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлік палатасы және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептеріне негіздеме
Қаулы жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды.

Ұлы көш күнінің маңызы әзірге белгісіз. Солтүстікті қазақыландыру ма, әлде, шеттегі қазақты елге шақыруды ынталандыру ма, ол жағы толық айтылмады. Бұған дейін "Алғыс айту күні" бекітілген болатын. Алайда оның идеологиялық маңызын қоғамда нақты көрінбеді.

Abai.kz

36 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406