Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3148 0 пікір 5 Қыркүйек, 2012 сағат 12:59

Сарапшылар Жалпыға бірдей Еңбек Қоғамын қолдады

«Самрұқ-Қазына» АҚ жанындағы «Сарапшы» пікірталас клубы өз есігін қайта ашты. Бүгін Астанада клубтың кезектен тыс отырысы өтті, оның аясында пікірталас қатысушылары - саясаткерлер, мемлекеттік аппарат өкілдері, бизнесмендер, көсемсөзшілер ел үшін ең өзекті мәселелерді талқылау үшін қайта жиналды.

Бұл жолы клубтың жүргізушісі Нұрлан Ерімбетов сарапшылар қауымына Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға бірей Еңбек Қоғамына жиырма қадам» бағдарламалық мақаласында қарастырылған тақырыптарды, сондай-ақ оны іске асырудағы «Самрұқ-Қазына» Қорының рөлін талқылауды ұсынды.

«Самрұқ-Қазына» Қоры еліміздің 320 мыңнан астам адам еңбек ететін 500 артық кәсіпорындарын біріктіреді. Бүгінгі таңда Қор әлеуметтік-еңбек қатынастары бойынша жұмыстың жаңа нысанын қабылдауда.

Пікірталас аясында сарапшылар әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді үлгісін қалыптастыру, Қазақстандағы медиация институтын дамыту, еңбек етушілердің құқықтық мәдениеті мен заңнамалық білімдерін қалыптастыру мәселелерін көтерді.

Пікірталас қатысушылары атап өткендей, қазақстандық жастардың әлеуетін дамытудың да рөлі аз емес.

Талқылау барысында сарапшылар қауымы, сондай-ақ кәсіби одақтардың жұмысын жетілдіру тақырыбына тоқталып өтті. Әлеуметтік жаңғырту мәселелерін шешудегі кәсіби одақтардың рөлін қалай күшейту қажеттілігін сарапшылар бүгін Астанада талқылады.

«Сарапшы» Пікірталас клубының отырысына «Самрұқ-Қазына» АҚ Басқарушы директоры Дархан Калетаев, «Азат» ЖӘДП бас хатшысы Әміржан Қосанов, ҚР Парламент Мәжілісінің Депутаттары Ғани Қасымов, Светлана Романовская, басқарушы «Нұр Отан» партиясының хатшысы Владимир Бобров, сондай-ақ өзге институттар, ұйымдар мен бизнес-қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Естеріне түсірейік,

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры ұ лттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз әсер етуі факторларынан сақтандыру үшін құрылды.

Ұзақ мерзімді құндылықтарын күшейту және әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұ лттық даму институттарының, ұлттық компаниялар мен басқа да заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығында тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару Қорды негізгі мақсаты болып табылады.

Қор экономиканың шынайы секторына инвестициялар тарту, өңірлерде жұмыстарды жандандыру, салааралық және өңіраралық байланыстарды нығайту жөніндегі мәселелерді жылдам әрі шұғыл шеше отырып және бар басымдықтар мен мүмкіндіктерді барынша қолдана отырып Қазақстан Республикасының Үкіметіне барынша жәрдемдесу үшін танылған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364