Сенбі, 23 Қараша 2024
1721 1 пікір 22 Ақпан, 2022 сағат 15:08

ІІМ: Әбіш пен Маминге қатысты іс қозғалған жоқ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбішке, Павлодар облысының Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовке, экс-премьер-министр Асқар Маминге қатысты ешқандай іс жүргізіліп жатпағаны туралы мәлімдеді.

«Ішкі істер органдарында сіздер сұраған азаматтарға қатысты ешқандай іс жүргізіліп жатқан жоқ», – деп жауап берген БАҚ сауалына.

Естеріңізге сала кетейік, ІІМ ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіш пен Павлодар облысының Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов екеуі бір күнде, 17 қаңтарда қызметінен босатылды.

Самат Әбіш ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары қызметін 2015 жылдан бастап атқарған. Ал, Кәрім Мәсімовтың інісі Нұрлан Мәсімов полиция департаментін 2019 желтоқсанынан бастап басқарып келген.  Бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин биыл 5 қаңтарда мемлекет басшысы өткізген кеңесте өз орнынан кету туралы өтініш беріп, оны президент қабылдады. Бұған дейін билікте жоғары лауазымдарға ие болып келген Мамин премьер-министр қызметін 2019 жылы бастаған болатын.

Ал, мемлекетке опасыздық жасады, билікті басып алуға тырысты деген күдікпен ұсталған ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377