Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
4687 5 пікір 23 Ақпан, 2022 сағат 12:51

Зеленский: Бүгін үндемесек, ертең жоқ боламыз

Украина президенті Владимир Зеленский резервтегі азаматтарды әскерге шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы мемлекет басшысы телеграм арнасына жарияланған үндеуінде айтты.

«Мен тек жедел резервке кіретін азаматтар туралы айтып жатқанымды мәлімдеймін», - деді ол халықты толық жұмылдырудың әзірге қажеті жоқ екенін ескертіп.

Сондай-ақ бизнес пен банк жүйесі уақытша салықтан босатылды және жанармай мен дизельге қосымша құн салығы төмендетілді. Украинаның Төтенше жағдай қызметі Луганск жылу электр станциясы зеңбірекпен атқыланғанын хабарлады.

«Ресей Минск келіссөздерінен бір жақты жолмен шығып кетті. Біз үшін бүгін атысты тоқтатуға күш салудан басқа амал жоқ. Мен бұл мәселені екі жақты келіссөздер арқылы және басқа көшбасшылардың қатысуымен шешуге дайынмын. Серіктес елдердің санкциялар енгізіп жатқанына қуаныштымын. Украина – бейбітсүйгіш халық, бірақ бүгін үндемесек, ертең жоқ боламыз”-, деді Президент.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1497
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3112
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1105
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1033