Сенбі, 23 Қараша 2024
1933 4 пікір 23 Ақпан, 2022 сағат 15:02

Автокөлік утильалымы 50 пайызға дейін төмендетіледі

Автокөлік және ауыл шаруашылығы техникасына кәдеге жарату алымы 50 пайызға дейін төмендетіледі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті.

«Атамекен» алаңында пікірталастың 4-5 раундын өткіздік. Оларды Экология, геология және табиғи ресурстар, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері, сарапшылық қауымдастықтар ұйымдастырды. Нағыз сарапшылар, өтірік сарашылар, автомөндірушілер, бәрі-бәрі қатысты. Әрине, пікір өте көп. Елімізге шетелдік ескі-құсқы көліктерді кіргізу үшін утильалымды мүлдем алып тастау мәселесі де көтерілді. Отандық машина жасау саласына нұқсан келтіруге тырысқандар да болды», - деді Роман Скляр «Хабар-24» телеарнасындағы «Сұхбат» бағдарламасы барысында.

Дегенмен, ол утильмалымға қатысты теңгерімді шешім қабылданғанын атап өтті. «Автоөнеркәсіпті ынталандыру деңгейі жалпы бізге көліктің барлық түріне және құрастырылатын ауыл шаруашылығы техникасына кәдеге жарату алымы 50 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді», - деді бірінші вице-премьер.

Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев таяда Үкіметті кеңейтілген отырысында утильалым төңірегіндегі дауға қатысты пікір білдірген болатын.

«Қазақстанда халықаралық жүк тасымалына 7,5 мың тіркемелі көліктер жұмыс істейді. Ресейдің халықаралық тасымалында 34 мың, Белаурь елінде 15 мың, Өзбекстанда 8 мың көлік қатысуда. Отандық кәсіпорындар нарықта орнын жоғалтуда. Көршілерімізден ұтылып жатырмыз деген сөз. 2017 жылдан бері отандық тасымалдаушылардың халықаралық тасымал нарығындағы үлесі 1,5 еседен астам қысқарған. Сондықтан, Үкіметке бұл саладағы саясатты жетілдіру, оның ішінде утильалым бойынша ұсыныс дайындау керек», - деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3232
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341