Жұма, 22 Қараша 2024
Ел іші... 4635 13 пікір 25 Ақпан, 2022 сағат 09:29

Мандатын тапсырған Дариға Назарбаева енді қайтпек?

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева Мәжілістегі мандатын тапсырып, депутаттықтан кеткені белгілі болды. Бұл туралы Дариға Назарбаеваның өзі мәлімдеген.

«Бүгін Мәжіліс депутаты деген мандатымды өз еркіммен тапсырып беру туралы шешімге келдім. Әрі қарай толықтай қоғамдық, гумантиарлық, мәдени және қайырылымдылық қызметтермен айналыспақпын», - депті экс-депутат.

Қазақстанның саяси өмірінде айтарлықтай өзгеріс жасаған, жүздеген адамның өмірін қиған қасіретті «қаңтар оқиғасынан» бері үнсіз жатқан экс-депутат Дариға Назарбаева алғыс айтып, сол бір «қаңтар оқиғасы» туралы пікір білдіріпті.

«Қасіретті «қаңтар оқиғасы» бізге бейбітшіліксіз, халық бірлігінсіз Қазақстанның гүлденуі, еліміздің әрі қарай дамуы мүмкін емес екенін көрсетті. Осы болған оқиғалар – біздің халқымыз үшін ауыр трагедия», - депті.

Ол сондай-ақ, болған оқиғаларды мүұқият әрі обьективті түрде зерттеу керектігін айтқан. «Кінәлілер анықталса, әділетті түрде жазаға тартылуы, ал кінәсіздер босатылуы керек. Біз осы оқиғалардан сабақ алуымыз керек», -  депті Назарбаева.

Айта кетейік, Дариға Назарбаева жыл басындағы «қаңтар оқиғасы» кезінде де, одан кейін де ел алдына шыққан жоқ. Мәжілістегі жұмыс орнына келген жоқ. Оның көмекшісі Дариға Нұрсұлтанқызының коронавирус жұқтырып, емделіп жатқанын бірнеше мәрте хабарлаған.

Кейін Дариға Назарбаева Дубайда жүр деген де ақпарат тарады. Ал Мәжіліс депутаты Айдос Сарым бастаған топ Дариға Нұрсұлтанқызының ел алдындағы жауапкершілігін нұсқап, «депутаттық мандатын тапсыруы керек», деп мәлімдеген. Осыдан кейін Дариға Назарбаеваның отставкаға кетуін тарап еткен арнайы петиция да ұйымдастырылды.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5289