Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
8735 7 пікір 28 Ақпан, 2022 сағат 16:50

Соғыстағы Ресейдің шығыны қандай?

Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығыста Ресейдің қандай шығынға ұшырағаны туралы деректер жарияланды.

Бұған Ресей Қорғаныс министрлігі қаза болған ресейлік сарбаздардың санын жасырып келген болатын.

Украина Қорғаныс министрінің орынбасары Анна Малярдың айтуынша, Ресей армиясы 24-28 ақпан аралығында Украинамен соғыстағы төрт күн ішінде 29 ұшақ, 29 тікұшақ, 3  ұшу аппараты және 5 әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарынан айырылды.

Сонымен қатар, оның айтуынша, осы кезеңде басқыншы 191 танк, 816 әскери броньды машина, 291 автомобиль техникасы, 60 цистерна және 2 кемеден айырылды.

Зеңбіректерден Ресей армиясы 74 зеңбірек, 1 «Бук» пен 21 «Град» зениттік-зымыран кешенін жоғалтты. Жау жақтан жойылған адам саны шамамен 5 300 адам.

"Ақпарат болжаммен беріліп отыр, әлі нақтылануы мүмкін. Ұрыстан кейін ақпарат алу өте қиын, өйткені командирлердің назары ең алдымен соғыста. Сонымен қатар, біз ақпаратты ұрыс аяқталғаннан кейін ғана ала аламыз, ал, ұрыс уақыты ұзақ. Деректер келесі күні не болмаса бүрсігүні келіп жатады", – деді министрдің орынбасары.

Бұған дейін Ресей Қорғаныс министрлігі ресейлік сарбаздардың шығынын мойындағысы келмеді. Тек соғыстың төртінші күні Қорғаныс министрлігі Ресей әскери қызметшілерінің арасында қаза тапқандар мен жараланғандар бар екенін мойындады.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036