Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4164 0 пікір 2 Қазан, 2012 сағат 07:05

Көріпкел Бақыт Жұматова «Жаужүрек мың балаға» қарсы

«Елім менің» думанының төрінде талай танымал тұлғалар өз білімдерін ортаға салуда.

Кезекті ойында «Талап» пен «Алтын» тобы болып бөлінген қатысушылар бір-бірін аямады. Мұрат Қожаның тобында  көріпкелдер сайысының 7-ші маусымының жеңімпазы Бақыт Жұматова, ақиық ақын Исраил Сапарбай, «Алматы аруы - 2010» байқауының жеңімпазы Салтанат Байжігітова, ал Қаракөз Тілеубекованың тобына журналист, дизайнер Азамат Сандыбай, әнші Шәкизада және «Жаужүрек мың бала» фильмінде Таймас-тың рөлін сомдаған жас актер  Аян Өтепберген келді.

Ойын барысында Исраил ағамыз көп жерде көрегендік танытып, жастарға жол берсе, ал Шәкизада әндерді табуда  көрермендерге өз ісінің маманы екендігін дәлелдеді.

Азамат журналист ретінде екінші айналымда тілге деген  біліктілігін көрсетуге тырысты. Бірақ, бүгінде елге жүргізушілік қырынан танылып жүрген Салтанат та фразеологиялық тіркестерді айтуда әріптесінен қалыспады.

Бақыт Жұматова көріпкелдік қасиеттерін қарсы командаға қалай пайдаланғанын, Аян Өтепберген өз патриоттық білімін «Таймас»  ретінде қалай көрсеткенін білгіңіз келсе, «Қазақстан» Ұлттық арнасында «Елім менің» думанын көруге асығыңыз. Ойынның қайталау нұсқасын 3 қазан күні, сағат 13:45-те көре аласыздар.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1338
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2911
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 990
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 922