Жексенбі, 24 Қараша 2024
2106 3 пікір 1 Наурыз, 2022 сағат 13:46

Тоқаев: Cанкциялық сын-қатерлерге дайын болу керек

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан экономикасын санкциялық сын-қатерге дайындауды тапсырып, оның күрделігін елемеуге болмайтынын ескертті.

"Мен Қауіпсіздік кеңесінде бірқатар кездесу өткіздім. Үкімет алдына санкциялық текетірестің шиеленісуі жағдайында елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жөнінде нақты міндет қойдым. Дағдарыс жағдайында үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін экономикамыз санкциялық сын-қатерлерге дайын болуы керек. Алдағы сын-қатерлер мен қиындықтарды бірге еңсереміз деп ойлаймын. Олардың күрделігін елемеуге болмайды. Бірақ асыра сілтеуге де болмайды", - деді Мемлекет басшысы  партияның кезектен тыс съезінде.

Тоқаев Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы жанжалды реттеуге, соның ішінде медиация қызметтерін көрсетуге жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін айтқан болатын.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560