Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
3428 3 пікір 1 Наурыз, 2022 сағат 14:08

Украинада қалып қойғандар Қазақстаннан көмек сұрады

Қазақстанның Украинадан шыға алмай қалған 50 жүк көлігінің жүргізушісі Қазақстан үкіметінен көмек сұрайды. Қазақстанның әр өңіріндегі компанияларға тиесілі бұл көліктердің басым көпшілігі Киев түбінде, Украина мен Ресей шекарасына жақын маңда тұр.

Ресей шабуыл бастамай тұрғанда Украинаға барып, DAF маркалы жүк көлігіне кондитер өнімдерін тиеп алған Олег Броммер қазір Киев түбіндегі Бровар ауданында. Көлік Ақтөбе қаласының "MR-Logistic Group" компаниясына тиесілі.

"Киевтен 30 шақырымдай жердеміз. Жанымдағы көліктің жүргізушісі Орал қаласынан келген. Құзырлы органдардан көмек сұрап, видео жолдап жатқанымызға бірнеше күн болды. Ешқандай реакция жоқ. Мемлекет бізді ұмытқан сияқты",-дейді Олег Броммер.

Қақтығыс аймағында Ақтөбе облысынан кем дегенде 11 жүк көлігі бар. Оның екеуі "БекАс" компаниясынікі. "БекАс" компаниясына тиесілі екі көліктің бірі Украинаның Дубно, екіншісі Пирятин қаласында қалып қойған. Қауіпсіздікті ойлаған көлік жүргізушілері соғыс қарсаңында тиелген жүкті зауытқа апарып, қайта тапсыруға мәжбүр болған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 927
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2411
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 639
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 620