Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
2950 0 пікір 3 Наурыз, 2022 сағат 17:56

Украинада 227 бейбіт тұрғын қаза тапты

БҰҰ Украинадағы бейбіт тұрғындар арасында қанша адам қайтыс болғанын айтты.

БҰҰ жоғарғы комиссарының адам құқықтары жөніндегі басқармасы (БҰҰ АҚЖКБ) Twitter-дегі ресми парақшасында 24 ақпанда соғыс басталғаннан бері Украинада кемінде 227 бейбіт тұрғын қаза тауып, 525 адам жарақат алғанын айтты.

"2022 жылы 24 ақпанда таңғы сағат 4-тен Ресей Федерациясы Украинаға қарсы соғыс қимылдарын бастаған кезден бері 2022 жылы 1 наурыз түн ортасына дейін Украинада 752 адам қайтыс болды немесе жарақат алды. Соның ішінде 227 адам қайтыс болды (31 ер адам, 25 әйел, 6 ұл және 3 қыз, сондай-ақ, жынысы әлі анықталмаған 6 бала және 156 ересек) және 525 жаралы (42 ер адам, 33 әйел, 7 қыз және 2 ұл, сондай-ақ, жынысы әлі анықталмаған 19 бала және 422 ересек)", - делінген құжатта.

Бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқан немесе жарақат алған жағдайлардың себебі ауыр артиллериядан, реактив зымырандардан және әуе соққыларынан, жарылғыш құрылғылардан болған.

БҰҰ АҚЖКБ нақты сан әлдеқайда жоғары деп санайды, бұл ақпарат қосымша расталуы қажет. Соғыс қимылдары жалғасып жатқан кейбір жерлерден ақпарат алу қиын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 951
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2447
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 654
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 637