Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
3370 10 пікір 4 Наурыз, 2022 сағат 12:06

Ресей Украинада АЭС-ті атқылауда

Украинадағы Запорожье атом электр станциясы аумағында өрт шықты. Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Энергодар қаласындағы Запорожье атом электр станциясындағы өртке ресейлік әскердің шабуылы себеп болғанын мәлімдеді.

"Ресей армиясы Еуропадағы ең ірі атом электр станциясы Запорожье атом электр станциясын жан-жақтан атқылап жатыр. Өрт қазірдің өзінде тұтанып үлгерді. Егер ол жарылса, Чернобыльдан 10 есе жойқын болады. Ресей тез арада атысты тоқтатуы керек, өрт сөндірушілерге қауіпсіздік орнатуға мүмікіндік керек", - деді Украина сыртқы істер министрі.

Энергодар қаласының мэрі Дмитрий Орлов жұмаға қараған түні жақын маңдағы Запорожье атом электр станциясының ғимараттары мен блоктары үздіксіз шабуылға ұшырап, салдарынан Еуропадағы ең ірі атом электр станциясында өрт шыққанын мәлімдеді.

Abai.kz

 

10 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 992
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2541
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 697
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 669