Сенбі, 12 Қазан 2024
Жаңалықтар 3936 0 пікір 4 Қазан, 2012 сағат 08:24

Тұяғынан айырылған жаралы жұртты жұбатқай...

Кеше Қазақстанның Халық әртісі, күйші-композитор Тұяқберді Шәмеловты туған жұрты ақыреттік сапарға шығарып салды. Тұяқберді Қажыгерейұлы ұзақ жылдар Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық оркестрінің домбырашысы болып еңбек етті, шәкірт тәрбиеледі. Жеке орындаушы ретінде көптеген елде өнер көрсетіп, халқымыздың күй дәстүрін насихаттады. Оның: «Домбыра», «Ауылымды сағындым», «Тырналар» әні ел ішіне кеңінен тараған.

Тұяқберді Шәмеловтың сүйегі атақты күйші Мәменнің қасына, Жаңақала ауданы жеріне қойылды.

Марқұмның ел-жұртына, ағайын-туысына қайғырып, көңіл айтамыз. Тұяқберді ағамыздың алды пейіш, арты кеніш болсын!

«Abai.kz» ұжымы

Мұнайдар Балмолда. Ұлы дала төсінде атың қалды Тұяқтай

Ақ Жайықтың төсінде әнің қалды айтылмай,

Домбыраның шегінде күйің қалды тартылмай.

Жылы жақты бетке алған сүйріктей сұлу тырнаның,

Көмейінде бүлкілдеп сазың қалды сарқылмай...

Сарғаяды Саралжын, Нарынқұмың алтындай,

Қамыс-Самар сыбдырлап, егіледі халқың-ай...

«Мың тұяқтың дүбірі - бір Тұяқтың саусағы»,

Күй төккенде күмбірлеп, жан дүние балқыды-ай!..

Құрманғазы, Динаның көзіндей ең Тұяғым,

Мәмен, Қали, Оқаптың өзіндей ең Тұяғым.

Жаңа жауған ұлпадай аппақ еді-ау иманың,

Аппақ жанды ажалға, қалай ғана қиямын?..

Ұлы дала төсінде атың қалды Тұяқтай,

Күйдің күмбір көшінде сазың қалды бұлақтай.

Айнала ұшқан төбеңнен ән-сұлулық тізілген,

«Қариға-қариға тырналар...» қаралы жұртты жұбатқай,

0 пікір