Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 2628 0 пікір 4 Қазан, 2012 сағат 10:01

РЕСЕЙДIҢ ПРЕЗИДЕНТI ҚАЗАҚСТАННЫҢ КАДР МӘСЕЛЕСIНЕ ДЕ АРАЛАСА МА?

Ресейдiң "Московские но­вос­ти" газетiнiң саяси шолушысы Аркадий Дубнов екi ел президенттерiнiң (В.Путин мен Н.Назарбаевтың) 19 қыркүйек күнi Павлодардағы кездесуi жөнiнде айта келедi де, былай дейдi: "Ресей президентiне ерекше сенгендiктен Елбасы (Н.Назарбаевты айтып отыр) билiктiң жоғарғы эшалонындағы ауыс-түйiс жөнiнде ой бөлiскен секiлдi. Мәскеуге айрықша ұнап жүрген Кәрiм Мәсiмовтiң премьер-министрлiктен кеткенiмен, бұл қызметтен еш кем түспейтiн Президент әкiмшiлiгi жетекшiлiгi қызметiне ауысқанына В.Путин де разы болған сияқты" (Қараңыз: "Сопромат по евразийски", "Новая газета", №38, 2012 жыл). Қаншама жұмсақтап айтқанымен, А.Дубновтың жоғарыдағы сөзiнен Ресей президентi В.Путиннiң Қазақстанның iшкi iсiне, нақтырақ айтсақ, Қазақстандағы кадр мәселесiне араласатыны байқалып-ақ тұр. Кәрiм Мәсiмовтiң орысшыл, Ресейшiл екендiгiн қазақ саясаттанушылары талай рет айтты. К.Мәсiмовтiң "Мәскеуге айрықша ұнап жүргенiн" А.Дубнов та пысықтай кетiптi. Құдай-ау, сонда бiздердi кiмдер басқарып жүр?..

"Жас Алаш" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053