Жексенбі, 24 Қараша 2024
1844 0 пікір 9 Наурыз, 2022 сағат 15:12

БҰҰ: Украинадан 2 миллион адам босып кетті

Ресейдің қарулы күштері Украинаға басып кіргелі бері елден босып кеткен азаматтар саны екі миллионға жетті, деп хабарлады 8 наурызда БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарсы комиссары Филиппо Гранди. БҰҰ мәліметінше, Еуропада Екінші дүниежүзілік соғыстан бері мұндай дағдарыс болмаған.

Украинадағы соғыстың басталғанына екі апта өткен жоқ. Соған қарамастан 900 мыңға жуық украиндық бас сауғалап Польшаға өтсе, 150 мыңы Венгрияны паналады. Еуроодақ өз аумағында 6,5 миллион босқынды қабылдауға дайын.

Бір тәуліктің ішінде украин шекарасынан батысқа қарай 132 мың адам өтті, деп хабарлады Мемлекеттік шекара қызметі.

"Бізге атыстың тыйылғаны, бізге бітім керек, сол кезде адамдар елден қашпайды, үйлеріне қайта оралады. Бірақ олар қазір әбден шошып қалған", - деді Гранди "Әл-Жазира" телеарнасына.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5602