Бейсенбі, 28 Қараша 2024
2530 9 пікір 10 Наурыз, 2022 сағат 14:24

Ресей: Мәскеу Украина билігін құлатуды көздемейді

Ресей Украина билігін құлатуды көздемейді. Сәрсенбі күнгі брифинг кезінде Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова осылай деп мәлімледі. Соғыстың алғашқы күндері президент Владимир Путин Украина әскерін төңкеріс жасауға шақырған.

Захарованың сөзіне қарағанда, соғыстың мақсаты – "Украинаның Донбас аймағындағы ресейшіл сепаратистерді қорғау, демилитаризация, денацификация және Ресейге төнген әскери қауіпті жою". СІМ өкілі Ресей Украинаны жаулап алуды немесе оның мемлекеттігіне нұқсан келтіруді көздемейді деді.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 7 наурызда Мәскеу бейбіт келіссөз кезінде Украинадан Конституциясына бейтараптықты бекітуді, сепаратистердің тәуелсіздігін мойындауды және Мәскеу жаулап алған Қырымнан бас тартуын талап етеді деп айтқан.

25 ақпанда Украинадағы соғыстың екінші күні президент Путин Украина әскерін төңкеріс жасауға шақырып, Киевтегі билікті қолға алуға үндеген. Ол сол кезде Украинаның заңды билігін "нашақорлар мен неонацистер тобы" деп атаған.

Ол кезде Ресей армиясының Киев, Одесса мен Харьковке "шабуылы сәтті жүріп жатқаны" хабарланған. Содан бері Ресей әскері бір ірі қаланы ғана (Херсон) басып алды. Харьков маңындағы елді мекендерге жасалған шабуылға тойтарыс берілді. Ресей әскері солтүстіктегі Чернигов пен Сумы, оңтүстікте Николаев пен Мариупольді ала алмады.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1561
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3364
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6364