Өзбекстан қарызы 41 млрд доллардан асты
2021 жылдың аяғында Өзбекстанның сыртқы берешегі 41 миллиард 600 миллион доллар болды. Бұл туралы республиканың қаржы министрлігі 9 наурызда хабарлады.
Министрлік есебіне қарағанда, 2021 жылы Өзбекстанның сыртқы қарызы 12,7%-ға артып, Ішкі жалпы өнімнің 60,1%-на жеткен.
Есепте 2021 жылы Ішкі жалпы өнім 734,6 трлн сум немесе 69,2 млрд доллар болатыны айтылған.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, былтыр Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы 16 пайызға артып, 42,1 млрд доллар болған.
Дүниежүзілік банктің болжамына қарағанда, 2022 жылы дамыған елдердің экономикасы 3,8%-ға, ал дамушы елдердің экономикасы 4,6%-ға өседі. Орталық Азия елдерінің экономикасы 4,3% өседі деп болжанды. Атап айтқанда, Өзбекстан экономикасы биыл 5,6 пайызға, 2023 жылы 5,8 пайызға күшеюі мүмкін.
Abai.kz