Жексенбі, 24 Қараша 2024
2492 6 пікір 14 Наурыз, 2022 сағат 13:21

Абзал Құспан: арандатушылар қоғам өкілдері мен халықты пайдаланды

Мәжілісінің жалпы отырысында жасаған баяндамасында адвокат қоғамда терроризмге қатысты сұрақ көп екенін айтты. Соған байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 10-тарауы 255 бабына тоқталып өтті.

«Терроризмге жатқызылған ондаған баптар бар. Мысалы, 255 баптың диспозициясына тоқтала кетейін. Терроризм актісі, яғни жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза табуы, елеулi мүлiктiк залал келтiру не қоғамға қауiптi өзге де зардаптардың туындау қаупiн төндiретiн өзге де әрекеттер жасау, егер бұл әрекеттер қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының шешiмдер қабылдауына ықпал ету, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін қаруды не қару ретінде пайдаланылатын затты қолдану, жарылғыш құрылғыларды қолдану арқылы абайсызда адам өліміне немесе жарақатқа әкеп соқса деп көрсетілген. Қаңтар айының алғашқы күндерінде осындай әрекеттер жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар тарапынан анық көрініс тапты. Өкініштісі, олар өз мақсатына қарапайым қоғам өкілдерін, халықты пайланып кетті», - деді адвокат.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5625