Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2371 0 пікір 8 Қазан, 2012 сағат 13:26

Азат ПЕРУАШЕВ: АМАНЖАНДЫ ТАБА АЛМАДЫҚ...

Азат ПЕРУАШЕВ, Мәжіліс депутаты:

Көптен бері Мәжілісте қара көрсетпеген ақжолдық депутат Аманжан Рысқали ақыры қылмысқа қатысты болып шыққанын газетіміздің өткен санында жазған болатынбыз. Бес жылдан астам Атырау облысын басқарған Бергей Рысқалиев қызметінен босағаннан кейін, Аманжанның басына қара бұлт үйіріле бастағандай болып еді. Ақыры сол жайт оның депутаттық мандатын тапсыруына ғана емес, қамауға алынуына да себепші болды. Құзырлы орындар мұндай шешім қабылдағанымен Аманжан Рысқалидың қайда жүргені әзірге белгісіз. Ал біз осыған қатысты «Ақжолдың» көсемі Азат Перуашевті сөзге тартқан едік.
-     Сіз басқаратын партияның мүшесі болған Аманжан Рысқалидың қылмысқа қатысы бары соңғы екі-үш күндікте нақты айтыла бастады. Осы уақытқа дейін бұл туралы ештеңеден хабарсыз болып келдіңіздер ме?
-     Атырау қалалық сотының шешімімен Аманжан Рысқалиды қамауға алу туралы санкция бергеннен кейін біз партияның кезексіз шақырылған призидиумы кезінде бұл мәселені қарастырдық. А.Рысқали бізбен байланысқа шықпағаннан кейін және ресми орыннан осындай шешім шыққан соң оның мүшелігін тоқтатып отырмыз. Оны ұстау туралы санкция берген Атырау қалалық №2 соты.
-     Сіздер әріптестеріңізді іздеп табуға тырыстыңыздар ма?

-  Өкінішке қарай Аманжан Рысқали бізге хабарласқан жоқ. Біз шамамыз келгенше оны табуға тырыстық. Атырау облысындағы партия филиалының жетекшісі мен мүшелерін шақырып, сөйлестік. Олар да экс-депутаттың қайда жүргенін біле алмай отыр. Телефоны сөндірулі.
-     Сонда шет елге қашты деген ақпарат шын болып отыр ғой?
-     Ол туралы ешқандай нақты ақпарат жоқ.
-     Сонда оның әлдебір қылмыстарға қатысы болса, қалайша Мәжіліс депутаты болып жүрген?
-     Не болса да мұндай жағдайда тек ресми орындардың ақпаратына ғана сенуіміз керек. Ол бар болғаны партиялық тізім арқылы депутаттық мандатқа ие болды.
-     Партияда қанша жыл мүше болды?
-     Бір жылдан астам уақыт қана.
-     Партияға мүше болу туралы ұсынысты өзі айтты ма, әлде сіздер өтініш жасадыңыздар ма?
-   Аманжан Рысқали бұрындары «Атамекен» кәсіпкерлер одағының Атырау облыстық филиалын басқарған. Тіпті, ол қызметке менен бұрын келгенін де айтуымыз керек. Кейін «Ақжол» партиясына келу туралы шешім шығарғанда «Атамекенде» жүрген бірқатар әріптестерім менің соңымнан ерді. Соның бірі Аманжан Рысқали. 
-     Партия мүшелігіне өтетін кезде үміткердің жеке басына қатысты деректер ескеріле ме?
-     Партияға мүшелікке өткен кезде саяси партия заңы бойынша біз олардың сотталмағандығы туралы ақпаратты тексеруге құқымыз жоқ. Тек оның азаматтығы мен жасы ғана қаралады. Басқа ешқандай талап жоқ.
-     Аманжан Рысқалидың орнына келген депутатты қалай таңдадыңыздар?
-     Қазір қатарымызға жаңадан қосылған депутат - Талғат Ерғалиев деген азамат. Тіпті, оны кәсіпкер деп те айтуға болады. Құрылыс компаниясының жоба менеджері. Ақмола облысының тумасы.
-     Талғат Ерғалиевтің сенатор Жабал Ерғалиевке туыстығы жоқ па?
-     Ол жағын білмедім...
З.ТАУДАЙ

"Халық сөзі" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406