Жексенбі, 24 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 3748 27 пікір 14 Наурыз, 2022 сағат 14:25

Кремльдің қателігі, Украинаның табандылығы

Украина соғысына жарты айдан асты. Ресей қолбасшыларының бастапқыдағы жоспары іске аспады. 48 сағатта Киевті аламыз деген Мәскеу әскері Донецк пен Луганск облысытарында, оңтүстікте Херсон мен Одесса бойында тұрып қалды.

24-ақпанда Украина қалаларын бомбалап, зымыранмен атқылап, артыншы жылдам блицкриг жасау жоспарын іске асырмақ болған еді. Алайда бұл тұрғыдан Мәскеу бірнеше қателік жібергені айтылуда. Ол қарсыластың күші мен санын бағамдай алмау, қарсыластың рухы мен психологиялық көңіл-күйін толық білмеу, қарсылас  Қырымдағыдай өз еркімен беріледі деп есептеу, өз әскерінің күшін тым жоғары деп санау және Украинаға Батыстық тараптан тым жоғары қолдау болады дегенге сенім артпау. Әрине, бұл соғыстан кейін Путин билігі ірі әскери шендегі қызметкерлерді қызметінен босатып, кейбірін соттауы да мүмкін. Себебі теледидардан қанша мақтаса да, шындық басқаша сайрап тұр. Мыңдаған Ресей әскері қырылған және жүздеген техникасы жойылды. Осының барлығы "әлемдегі екінші қуатты әскер" атты имидждің тас-талқанын шығаруда. Ендігі таңда "расымен де қуатты ма" деген заңды сұрақ туындауда.

Ресей әскері тікелей шабуыл адам шығынын көбейткендіктен, тактикасын өзгерте бастады. Нақтылап айтқанда ендігі таңда зымырандық соққылар санын арттырды және әуе шабуылын көбейтті. Осы арқылы Мәскеу Украина қалаларының қарсыласу рухын сындыруды көздеп отыр. Соққылар жылу қазандықтарына, су құбырларына және электр жарығын басқару орталықтарына жасалуда. Сусыз-жарықсыз қалған халық елді-мекенді тастап, босып кетеді деген тактиканы іске асырып жатыр.

Сарапшылар Ресей Украинаның бір қаласын тұтас атқылап, жойып жіберу мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Сол арқылы өзге қалалардың өз еркімен берілуін жылдамдатады деп есептейді. Ол Харьков қаласы болуы әбден мүмкін.

БҰҰ мәліметі бойынша бүгінгі уақытта Украинадан 2.3 млн адам босқын болып, өзге елдерге кеткен. Оның ішінде Польша мен Молдова елдері көш бастап тұр. Ал ішкі босқындар саны 4 млн адамға жетеді. Ұрыс жүріп жатқан аймақтардан елдің батысына кетушілер саны артқан. Әсіресе Львов қаласына босқындар ағылып келуде.

Өткен аптада Ресей мен Украина СІМ Түркияда келіссөздер өткізді. Келіссөздер айтарлықтай нәтиже бермеді, ал бүгін 4 мәрте келіссөздер өтеді. Мамандар екі тарап та келіссөзге мүдделі екенін айтуда, Кремль ультиматум позициясынан келісім позициясына өтуге ниетті.

Abai.kz

 

 

27 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5624