Жексенбі, 24 Қараша 2024
Алаң 4155 10 пікір 17 Наурыз, 2022 сағат 14:07

Торғай неге ұмыт қалды?..

2017 жылы Abai.kz  ақпараттық порталында Сүйеубай Байқадиұлының «Семей қайтадан облыс бола ма?» атты мақаласы мақаласын жариялаған болатын. Енді жұртты толғанандырған осы сауалға Президент осы жолғы Жолдауында нүкте қойды.

Бірақ 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысында ерек орын алған Торғайдың облыс атанбауы көпшіліктің жүрегін күпті етті. Бұл турасында танымал сыншы Амангелді Кеңшілікұлы:

«Жаңадан үш облыс ашылатын болды. Бірақ Торғайдың сол ашылатын аймақтардың санатына енбей қалуы жаныма қатты батты.  Ахмет пен Міржақып дүниеге келген Торғай –  алты Алаштың  алтын бесігі. Соңғы 30 жылда тап осы біздің Торғайдай  азып-тозып кеткен елдімекен жоқ шығар. Басқасын айтпағанда, Ахаң мен Жахаңның ауылына (Ақкөл мен Бидайық) баратын жол жоқ. Президентке Жолдауды дайындап берген кеңесшілері неге Торғайды елеп-ескермеген?.. Тоқсаныншы жылдардағы асырасілтеушіліктің кесірінен жабылған облыс қайта ашылса, бұл – Торғайға ғана емес, ұлтымыздың рухына көрсетілген құрмет болар еді ғой», - деп өз пікірін ортаға салды.

Семейдің облыс атануына қатысты ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, «Ақ жол» партиясы төрағасы орынбасары Қазыбек Иса:

«Мысалы, Парламенттің өкілеттігін кеңейту, Президенттің партияда болмауы, әкімдердің партия филиалдарын басқармауы және Семейді қайта облыс етіп ашу немесе жеке статус беру туралы партия төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев парламентте талай көтерген болатын.

Біз үш-төрт жыл бұрын Семей қаласына Абайдың атын беру керек деп жазғанымызда көпшілігі қолдағанмен, қарсы  шыққандар да болып еді. Міне, енді Ұлы Абайдың аты қала түгілі облысқа берілді.

Парламентте халық мүддесін қорғап келе жатқан «Ақ жол» партиясы саяси бағдарламасының басым бөлігі Президент Жолдауында қолдау тауып, іске асып жатқаны үшін халыққа да,  құрылғанына бүгін 20 жыл толып жатқан партиямызға да зор тарту деп білеміз.

Иә, жаңа дәуірді жасауға бәріміз өз үлесімізді қосуымыз керек!», - деп өзінің пікірін білдірді.

Біз өз тарапымыздан Семейдің облыс атануына қатысты жорналшылдық зерттеу жүргізген шағымызда, «алдымыздан аймақтық биліктің орынтағына қонжиатындар орыс тілділер бола ма, әлде қазақ тілділер бола ма» деген сауалдың басы ашық қалуда» деп, мемлекетшілдік рухтағылар зар қақты.

Бұл жаңадан ашылатын үш обылыстың шенеуініктік құрамының тілдік ахуалға қатысты қалай қалыптасуы - қазақ тілді ортаның мүдесіне жауап бере ала ма деген түйткілді шешіп бере ала ма?!

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627