Жексенбі, 24 Қараша 2024
2436 1 пікір 17 Наурыз, 2022 сағат 15:05

Ақтауда Бейжің компаниясына айыппұл салынды

Ақтаудағы Бейжің компаниясының филиалына миллиондаған айыппұл салынды,- деп жазды Ақтаулық «Лада» сайты.

"Тергеу барысында сатып алуды ұйымдастырушы " КМК Мұнай " АҚ тауар нарығына қолжетімділікті шектеп не одан нарықтың басқа субъектілерін жойып, Бейжің мұнай жабдықтау жөніндегі "Янгуантяньчуан" ЖШҚ Ақтау филиалымен шарт жасасқаны анықталды", - делінген хабарламада.

Тергеу ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 169-бабы 3-тармағының 5-тармақшасы (тауар нарығына қолжетімділікті шектеу немесе одан белгілі бір тауарларды сатушылар (жеткізушілер) немесе оларды сатып алушылар ретінде нарықтың басқа субъектілерін жою) бойынша жүргізілді.

"Егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса (ҚР ҚК 221-бабы), онда санкция монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған монополиялық табысты бір жылдан аспайтын мерзімде тәркілей отырып, табыстың 3-5 пайызы мөлшерінде айыппұл салуды көздейді", - деп түсіндірді ведомствода.

Сот қаулысына сәйкес, Бейжің мұнай жабдықтау жөніндегі "Янгуантяньчуан" ЖШҚ Ақтау филиалы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 159-бабының 1-бөлігі бойынша 5 940 706 теңге сомасында айыппұл түрінде, 14 747 851 теңге мөлшерінде монополиялық табысы тәркіленіп, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5636