Жексенбі, 24 Қараша 2024
2700 0 пікір 17 Наурыз, 2022 сағат 15:16

"Целинный" орталығы Боранбаевқа араша түсуде

"Целинный" қазіргі заманғы мәдениет орталығы 16 наурызда экс-президенттің бұрынғы құдасы, кәсіпкер Қайрат Боранбаевты қолдап, билікке хат жолдады. Бір күн бұрын жергілікті БАҚ Боранбаевтың ұсталғанын хабарлаған.

"Целинный" сайтында жарияланған хатта мәлімдеме иелері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан "Қазақстан мәдениеті мен спорты және өзге де әлеуметтік салаларға маңызды үлес қосқан Қайрат Боранбаевтың ісін ашық жүргізуді" сұраған.

Хатта Қазақстан мәдениеті мен өнерін дамытумен айналысатын аталған орталықты Қайрат Боранбаевтың ашқаны да жазылған.

"Целинный" мәлімдемесі – Боранбаевтың тергеліп жатқанын дәлелдейтін алғашқы ресми хабарлама. 15 наурызда жергілікті БАҚ Қайрат Боранбаевтың ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалғанын жазған. Ақпарат бойынша, оны Қаржы мониторинг агенттігі ұстаған.

Ресми орындар Боранбаевтың ұсталуына байланысты ақпаратты терістеген жоқ, растамады да.

Қайрат Боранбаев - елдің экс-президенті Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы. Боранбаевтың қызы Алима Боранбаева Дариғаның ұлы Айсұлтан Назарбаевқа (2020 жылы қайтыс болған) тұрмысқа шыққан. Кейін Айсұлтан мен Алима ажырасып кеткен.

Боранбаев Forbes Kazakhstan рейтингі бойынша, Қазақстандағы ең бай елу бизнесменнің қатарына кіреді. Байлығы – 519 миллион доллар. Ол 2000-2002 жылдары "ҚазТрансГаз" компаниясының атқарушы директоры және "Intergas Central Asia" коммерциялық директоры, 2006-2014 жылдары "ҚазРосГаз" компаниясының бас директоры болды.

Боранбаев – Алматының "Қайрат" футбол командасының иесі. Fitnation фитнес клубының, "Рахат Палас", Comfort Hotel Astana қонақ үйлерінің иесі, Esentai Mall, Esentai Tower бизнес орталығын, "Алмалы" сауда орталығын, Латвиядағы Jurmala Golf Club & Hotel қонақүйін серіктесімен бөлісіп басқарады. McDonalds тамақтану орнының Қазақстандағы және Ресейдегі франчайзинг иесі.

Оның Британия, Чехия, Ресейде қымбат үйлері бары да белгілі болған.

Боранбаев Қарағандыдағы фармацевтикалық кешенін де бақылайды. Қазақстан билігі "Спутник V" екпесін Қарағанды фармкешенінде шығару үшін 15 миллиард 175 мың теңге бөлген.

Боранбаев жайлы хабар Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталғаннан кейін екі күннен кейін шықты. 13 наурызда жемқорлыққа қарсы агенттік Сатыбалдыұлын шетелге ұшпақ болған жерінен ұстағанын хабарлаған. 15 наурызда сот Қайрат Сатыбалдыұлын екі айға қамаған. Ол "Қазақтелеком" компаниясынан аса ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікке ілінді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5636