Жексенбі, 24 Қараша 2024
2696 6 пікір 18 Наурыз, 2022 сағат 14:57

АҚШ: Украинада Ресейдің 7 мың жауынгері опат болды

Ресей әскері Украина аумағына басып кіргелі бері жеті мыңнан астам ресейлік жауынгер қаза тапты. Ирак пен Ауғанстанда 20 жылға созылған әскери қимылдарда опат болған америкалық жауынгерлер саны бұдан аз, деп жазды The New York Times. Газет АҚШ барлауының мәліметтеріне сүйенген.

Басылымда жарияланған мәліметтерге қарағанда, Ресейдің 14-21 мың аралығындағы сарбазы жараланған. Украинадағы соғысқа 150 мыңға жуық ресейлік жауынгер тартылған, деп жазды The New York Times.

Дереккөздер мұндай мәліметтің ашық дереккөздер, соның ішінде Украина қорғаныс министрлігінің ақпараты мен спутниктен түсірілген суреттер негізінде дайындалғанын ескертті.

Украина билігі көрші елдің басқыншылығы кезінде Ресей шамамен 14 мың жауынгерінен айрылды деп мәлімдеген. Ресейдің қорғаныс министрлігі болса украин жағы 18 мың сарбаз жоғалтты деген мәлімет таратты.

Ресейдің қорғаныс министрлігі қаза тапқан жауынгерлер туралы мәліметті бір мәрте ғана жариялады. Министрлік 2 наурызда 498 жауынгер опат болғанын хабарлады. Украина қорғаныс министрлігі қанша жауынгерінен айрылғанын айтпады. Украина президенті Владимир Зеленский 1300 украин сарбазы опат болғанын осы аптада мәлімдеген.

Соғыс жүріп жатқан уақытта жанжалдасушы тараптардың мәліметерін тексеру мүмкін болмай отыр.

Ресей әскері Украина аумағына 24 ақпанда Владимир Путиннің бұйрығымен басып кірді. Ол Кремльдің бұл әрекетін НАТО-ның Украинаны Ресейге қарсы форпостқа айналдыруына жол бермеу деп түсіндірді. Украина мен НАТО бұны жоққа шығарып отыр.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618