Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3658 8 пікір 24 Наурыз, 2022 сағат 15:25

Президентін түсінбеген халық мықты ел құра ала ма?

Президент Тоқаев мырза "Президенттің туыстарына мемлекеттік қызмет атқару құқына шектеу қою" туралы Заң қабылдау қажеттілігін айтты.
Бұл ұсынысқа "адам құқына сай келмейді" деген сын айтып жатқандар да бар...
Кең мағынасында - бұл әрине солай сияқты болып көрінеді...
Бірақ, біз "Кең мағынадағы мемлекет" емес, нақты - Қазақстан мемлекетін құрып жатқан халықпыз.
Ендеше, біз жоғарыдағы Президенттің ұсынысына "жалпыәлемдік" форматта емес, "ұлттық мүдде" тұрғысынан қарауымыыз керек сияқты...
Осы тұрғыда төмендегі ойларыммен сіздермен бөлісуді жөн көрдім:
.......Иә, әлемдік заңнама жүйесінде бұл "адам құқына" сай келмейді. Бірақ, Заң дегеніміз - жалпы мағынадағы "қоғамдық келісім" болып табылады. Қоғам өз ішінде "келісімге келу" арқылы бір заңдарды қабылдайды, сөйтіп өздері осы заңды орындауды міндетіне алады.
Сондықтан, Заң "қоғамдық келісім" түрі болғандықтан, ол "Қоғамның дәстүрін, менталитетін, салттарын, мәдениетін, дүниетанымын ескерген болуы тиіс" болып шығады. Онсыз бұл заңды қоғам қабылдамаған болар еді...
...Ендеше, "Президент туыстарына шектеу заңы" да біздің менталитетті толық ескерген мақсатта ұсынылып отыр десе болады.
Егер біз, менталитетімізді ескермей, "жалпыәлемдік адам құқын" алға тартып, мұндай заңды қабылдамасақ - онда біздің қазақ қоғамында "Президент туысын, не танысын, не руласын, не жерлесін қолдауда" деген сөз тыйылмайды.
Ал бұл қоғамда Президентке де, басқа шешуші мемлекет басқару деңгейлерінде де билікке деген теріс көзқарас тудырады.
Ол көзқарас одан әрі қоғамдағы жаппай іс- әрекеттерге ұласып, бұл Қазақ халқының тұтасуына, ұлт болып қалыптасуына кері әсерін тигізе береді...
НЕГЕ?
....Себебі, біздің ұлт әуел бастан "рулардың ерікті одағы" ретінде, яғни - "рулық конфедерация" тұрғыда қалыптасқан.
Кейін біз "Қазақ Хандығы" атымен, өзімізді "қазақ ұлтымыз" деп санап кетсек те, ұлттық менталитетте "рулық сана" жойылмады. Оны жою мүмкін емес еді.
Себебі, "Шежірелік заңмен" өмір сүруші қазақ ұлтының "Шежіресі" Қан мен Жан тазалығын ұстап тұрған бірден-бір тетік болатын - "Шежіре" кетсе, Қазақ деген ұлт та болмайтынын бабалар білген. Сол себепті, "шежіренің" түп негізін құраушы "рулық сана" да сақталып отырды...
"Руды сақтау" жершілдік не басқа себеп үшін емес, ол ҚАЗАҚТЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ҚАТЫНАСТАР жүйесін, не болмаса, МОРАЛДІК-ЭТИКАЛЫҚ жүйесін сақтау үшін қолданылды. Соның әсерінен қана қазақта "Аға-іні, бауыр, нағашы-жиен, құда-құдағи, бөле, жезде, келін, күйеу т.т." қатынас ережелері қалыптасты. Бұл ережелердің бәрі де Қазақ ұлтын ыдыратуға емес, тұтастандыруға қызмет етті. Болмаса, Қазақ баяғыда ыдырап, қайтадан дербес өмір сүруші "рулық қалыпқа" оралар еді.
...Қазақ оған оралмады. "ҚАЗАҚПЫЗ" деп қала берді, яғни, Мемлекеттілігін сақтауды қалады...
Бірақ, мемлекетпен бірге "ЖЕТІ АТАҒА ДЕЙІН ҚЫЗ АЛЫСПАУ" заңы сақталды. Ол да мемлекеттік мүддеге қызмет етті. Ұлт тазалығы, Қан тазалығы және Қоғамдық қатынастар жүйесі осындай "СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ заңмен" жүзеге асырылды.
Енді, бүгінде біз осы қалыптан аттап өте алдық па?
Меніңше - жоқ.
Себебі, Назарбаев 30 жыл бойы қазақтың осы ерекшелігін өз пайдасына жарату мақсатымен, оны үрлеп отырды, қоздатып отырды.
...Сөйтіп, ол Қазақ халқының ҰЛТ БОЛЫП ҚАЛЫПТАСУЫН ондаған жылдарға шегерді...
Мұның басты тетігі ретінде кландық-рулық-туыстық коррупция қолданылды. Оны АВТОРИТАРЛЫҚ БИЛІК (мемлекет) қолдап отырды.
Нәтижесінде - мемлекет пен халық мүддесі одан зор зардап шекті...
...Сондықтан, дәл қазіргі жағдайда, елімізде "өзін-өзі реттеуші" толыққанды демократиялық-құқықтық мемлекет орнамайынша, Қоғам осы - "Президенттің туыстық қатынасына шектеу қою" Заңын қабылдауы керек...
Яғни, мұндай Заң Президенттің тек қана ЕЛ МҮДДЕСІМЕН қызмет жасауына пәрмен береді.
Ал ол болмаса, "ҚАСҚЫРДЫҢ АУЗЫ ЖЕСЕ ДЕ ҚАН, ЖЕМЕСЕ ДЕ ҚАН" деген принципі іске қосылып, әр деңгейдегі Ұлттық тұтастыққа жету қиындайды.
РУШЫЛДЫҚ БҰРЫНҒЫДАЙ САЛТАНАТ ҚҰРА БЕРЕДІ.
Ал, Ел тұтас болмаса мықты мемлекет құру мүмкін емесі әркімге де түсінікті болса керек...
ОСЫНЫ ТҮСІНГЕН ПРЕЗИДЕНТТІ - ХАЛЫҚ ТА ТҮСІНУІ КЕРЕК!

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5602