Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2933 0 пікір 4 Қыркүйек, 2012 сағат 09:18

Жарық тартылып, халық қуанып қалды

Қала көшелерінің жарықтандырылуына қатысты жүріп жатқан ауқымды шаруалар барысына семейліктер көптен куә болып келе жатқаны белгілі. Жақында ғана сапалы жөндеуден өткен Гагарин көшесіндегі көз тоятын көріністер  жоспарлы жұмыстардың нәтижесі. Бұдан бөлек қаланың шығаберіс бағытындағы жолдардың бойын жарықтандыру да рет-ретімен жүзеге аса бастады. Өткен аптаның жұма күні кешкісін Семей -Алматы бағытындағы күре жолдың  бойына жарық бағаналары тартылып, халық тағы бір игілікті істің жүзеге асқанының куәсі болды.

- Бұл іс қала әкімінің тапсырмасы бойынша атқарылып отыр,-дейді «МЭПС» ЖШС директорының орынбасары Болат Жұмаділов,- Шілде  айының 22-інен тамыз айының 22-жұлдызына дейінгі аралықта Лебаев көшесінен қала шетіне дейінгі 3 шақырым 200 метр жол бойына жарық желісін тарттық. Өткен жылы қаламыздың Павлодар бағытындағы жолдың 7 шақырымына, Қарауыл бағытындағы жолдың 3 шақырымына дейін  жарықтандырылған болатын.

Кеш түсісімен самаладай жарқырап сала беретін Семей көшелерінің енді сыртқы көріністері осылайша алыстан жарқыраса нұр үстіне нұр, әрине. Б.Жұмаділовтің айтуынша, қала шетіндегі Жол полициясы бекетіне дейінгі қашықтыққа төселген бағаналардағы  10 киловаттық жарық қуаты сағат 20.00-ден бастап, түнгі 3-ке дейін беріледі. Жарықтандыру ісіне қалалық бюджеттен бөлінген қаржы 6 млн.400 мың теңгені құрайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351