Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4182 0 пікір 13 Қыркүйек, 2012 сағат 09:30

Күрішім: қарбыз күні аталып өтті

Күршім ауылының орталық алаңында «Күршім қарбызы күні»  атты фестиваль алғаш рет аталып  өтті. Фестивальды ұйымдастырушылар - аудандық ішкі саясат, кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімдері мен Күршім ауылдық округінің аппараты. Бұл фестивальға  Күршім, Сарыөлең, Қалғұты ауылдық округтерінің шаруа қожалықтары қатысуға ниет білдірді. Шара барысында орталық алаңда үстелдер қойылып, қатысушы шаруа қожалықтары өздерінің қарбыздарын әкеліп, арзандатылған бағамен өз өнімдерін сатты. Фестиваль «Ең дәмді қарбыз», «Ең үлкен қарбыз», қарбыздан түрлі шығармашылық туындылар жасау сайыстарынан тұрды. Мереке барысында «Кім қарбызды жылдам жейді?», қарбыздың салмағын көз мөлшермен анықтау сияқты ойындар ұйымдастырылды. Барлық сайыстар мен ойындардың  қорытындыларын шығарып, жеңімпаздарды арнайы комиссия мүшелері анықтады. Комиссия құрамында санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының қызметкері, кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің маманы, мәдениет үйінің әдіскері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы болды. Нәтижесінде «Ең үлкен қарбыз» сайысы бойынша І орынды Б.Қалиолданов, «Ең дәмді қарбыз» сайысы бойынша І орынды Қалғұты ауылдық округінен Қ.Қасенов, қарбыздан шығармашылық туындылар жасау бойынша Сарыөлең ауылдық округі І орынды иеленді.

Күршім ауылының орталық алаңында «Күршім қарбызы күні»  атты фестиваль алғаш рет аталып  өтті. Фестивальды ұйымдастырушылар - аудандық ішкі саясат, кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімдері мен Күршім ауылдық округінің аппараты. Бұл фестивальға  Күршім, Сарыөлең, Қалғұты ауылдық округтерінің шаруа қожалықтары қатысуға ниет білдірді. Шара барысында орталық алаңда үстелдер қойылып, қатысушы шаруа қожалықтары өздерінің қарбыздарын әкеліп, арзандатылған бағамен өз өнімдерін сатты. Фестиваль «Ең дәмді қарбыз», «Ең үлкен қарбыз», қарбыздан түрлі шығармашылық туындылар жасау сайыстарынан тұрды. Мереке барысында «Кім қарбызды жылдам жейді?», қарбыздың салмағын көз мөлшермен анықтау сияқты ойындар ұйымдастырылды. Барлық сайыстар мен ойындардың  қорытындыларын шығарып, жеңімпаздарды арнайы комиссия мүшелері анықтады. Комиссия құрамында санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының қызметкері, кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің маманы, мәдениет үйінің әдіскері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы болды. Нәтижесінде «Ең үлкен қарбыз» сайысы бойынша І орынды Б.Қалиолданов, «Ең дәмді қарбыз» сайысы бойынша І орынды Қалғұты ауылдық округінен Қ.Қасенов, қарбыздан шығармашылық туындылар жасау бойынша Сарыөлең ауылдық округі І орынды иеленді. «Кім қарбызды жылдам жейді?» атты сайыста Е.Ақиолдин І орынға ие болды.
Мереке жеңімпаздары және барлық қатысушыларға мақтау грамоталары мен арнайы сыйлықтар табыс етілді. Фестиваль өте қызықты өтті.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1080
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2632
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 755
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 723