Жұма, 22 Қараша 2024
Дей салдым-ау 5309 23 пікір 1 Сәуір, 2022 сағат 10:32

Қытай тарихи мүмкіндікті сәтті пайдаланды

АҚШ-тың «Үнді-Тынық мұхит»  стратегиясы

(басы)

АҚШ пен Қытай арасындағы дипломатиялық байланыс 1979 жылы орнаған.  БҰҰ  мен АҚШ  осыған дейін өздері Қытайдың заңды мұрагері санап келген Тайваньмен болған  дипломатиясын тоқтатты да,  Пекинмен ресми түрде дипломатиялық байланыс орнатты әрі оны дамытты. АҚШ-тың Қытайдың білім беру саласына гранттар бөлуден бастаған қолдауы үлкен инвестицияға, мол қаржылық несиелер беруге жалғасты. Қытай басшысы Дэн Сяопин де орайды мықты ұстап, экономикалық даму үшін – АҚШ-тың маңызын басты орынға қойды.

АҚШ саясаткерлерінің айтуынша, 1988 жылдан бастап АҚШ-тың Қытайға ұстанған стратегиялық саясаты  шатаса бастаған. АҚШ Үкіметі «Қытай экономикалық даму арқылы ғана саяси құрлымының өзгеріске эвалюциялық жолмен келетін болады...» деген иллюзияға сенді әрі оған дәлел ретінде Жапония мен Оңтүстік Кореяны еске алудан ары аспады. 1989 жылы Пекиндегі студенттердің демократиялық толқуын жаныштағанда да АҚШ үкіметі түсіністік танытқандай мәміледе болды. Қытай АҚШ-тың тамырын ұстап, іс-әрекетке көше берді. 1991 жылғы АҚШ-тың  Ираққа қарсы «Құмдағы дауыл» жорығы да Қытай үшін игілікке айналды. «Әлемнің қаншалық тынышсыз, аумалы-төкпелі болғаны – Қытай үшін игілік. Өйткені АҚШ-тың бізді қадағалауға мұршасы болмайды» деген Қытай ұстанымының айы оңынан туды. Батыстың Қытайдағы демократиялық үдерістер мен құндылықтарды қадағалау мүмкіндігі кейінге қала берді.

Қытай экономикалық жақта, әсіресе шетел инвестициясын тартып, өндіріс ашуға барынша жеңілдік жасау саясатын  ұстанды. Арзан еңбек күш, үлкен нарық – шетел инвесторларын қатты баурады. Тұтас Батыс әлемі Қытаймен экономикалық игіліктерді бөлісумен ғана болды да, Батыстың әуелгі құндылығы – еркіндік пен демократия қағидаттары екінші орынға ысырылды. Қытай АҚШ-тың, тіпті, тұтас Батыстың экономикалық жеңілдіктердіктерінің бәріне қол жеткізді. Экономикасы күрт көтеріліп, экспорты еселенді. 2001 жылға жеткенде ДСҰ-ның шарттарына толмаса да, уәдені үйіп-төгіп, ұйымға ресми мүшелікке өтті.

Міне, осы жылдан бастап Қытай экспорты күрт еселенді. Инвесторлар ағылып, Қытай – «әлем фабрикасына» айналды. Қытай шетел валюталық ($) резерві бойынша әлемде  алдыңғы орынға шықты (4 трлн $).  ЖІӨ көлемі Жапонияны басып озып, әлемнің екінші экономикасына айналды.

Бұл – Қытайдың геосаяси  эмбициясының көтерілуіне негіз болды.

АҚШ-тың геосаяси стратегиялық басты бағыттан адасуы

2001 жылғы АҚШ-тағы 11 қыркүйек уақиғасы – АҚШ-тың стратегиялық  сыртқы геосаясатын Азия-Тынық мұхит аймағынан Таяу Шығысқа ауыстырып, мұсылман әлемінен «террор» аулауға бағыттаған жылдары – Қытай мен Ресейдің «ет алып, күш жинауына» мүмкіндіктер тудырды.  Айдаһар мен Аюдың ылғи да Батыстың, әсіресе, АҚШ-тың бастамаларына  қарсы қарекеттерімен қалыптасқан  позициялары  АҚШ-тың Таяу Шығыстан  «террор» аулау статегиясына келгенде, күрт өзгеріп, қолдай кетеді.  Нәтижесінде,  АҚШ-тың  «террор» опорациясын Қытай мен Ресей  өз пайдаларына жаратты. Бір кездегі Пекиннің экономикасын көтеру үшін,  Батыстың «адам құқығы» туралы талаптары ендігі жерде ұмыт қалады. Қытай  да қарап жатқан жоқ, өз еліндегі азшылық ұлттарды  «террор» статиясы  арқылы қалауынша ретке салып үлгерсе,  Мәскеу энергетикалық ресурстарын жоғары бағаға саудалап, күш шинаудан тыс, Кавказдағы ұлттық эмбициялы шағын қауымдарды жаныштап, орнына қойып алды.  Бұл кез – АҚШ, жүйеден тұтас Батыстың «адам құқығы, демократия» атты әсілгі құндылықтарынан көз жазып қалған қасыретті жылдары болды. Бұл да Қытай мен Ресейдің  геосаяси амбициясының күшеюіне айтарлықтай әсер етті.

Жоғардағыдай, Батыстың геостратегиялық қателіктері Қытай мен Ресейдің ес жинауына мүмкіндік тудырды да бүгінде соның зардабын өзі тарта бастады.

Қытай  экономикалық жетістіктері әскерінің күшеюін, технологиясының тез жаңаруын тездетті. Ішкі мәселелерін реттеп үлгерген Пекин билігі ендігі жерде Азиядағы стратегиялық аймақтарды нысанаға алды. Тайваньды күшпен қосып алуға әрекеттене бастады, Жапония меншігі делінетін  Diaoyu аралына таласты. Оңтүстік Теңіздегі аралдарды өзінікі санап, күшпен инфрақұрылымдар тұрғызып алды. Филиппин өз аралының құқығын Халқаралық сотта қорғап шыққанымен, сот шешімін Пекин билігі  мойындамады. Шығыс-Оңтүстік Азиядағы көршілерін ақшамен бопсалап, күшпен ықтырып отырды.  Бұл аймақтың геосаяси маңызы, Қытай үшін де,  әлем үшін де маңызы тым зор екені белгілі.  Сондықтан, Қытай мен АҚШ  қандай бодау бергенімен, Қытай бұл стратегиялық аймақққа болған қожалығын сақтап қалуды көздері анық. Үнді-Тынық мұхиты түйілісіндегі Малака (Strait of Malacca) бұғазы арқылы өтетін жүк тасымалы әлемнің теңіздегі жүк тасымалының  60 %-тін ұстайтыны, Қытай импортының  80%-ті осы бұғаз  арқылы келетіні белгілі.  Сондықтан, Қытай үшін де, аймақ үшін де бұл  өткелдің стратегиялық маңызы өте зор.  Қытайды тізгіндеуді көздейтіндер үшін,  Малака бұғазына қожалық ету – басты мақсат болмақ.

Малака бұғазы арқылы келетін негізгі мұнай көзінен тыс, Қытай  Оңтүстың Азиядағы көршісі Непал арқылы да Үнді мұхитын жалғайтын үлкен стратегиялық мұнай  құбырын салып, балама энергия тасымалын  іске  қосып,  энергетикалық қауыпсіздігіне баса мән беруде. Яғни, осы құбыр арқылы  араб-парсы өңірінен энергия тасымалын жүзеге асыруда.

Қытай Орта Азия арқылы Қазақстаннан құбыр арқылы  шикі мұнай және ABC желісі арқылы қазақ-өзбек-түркімен табиғи газын тасымалдайтын   құбырлар  салып тастаған.

Бұдан тыс, Қытай мен Қазақстан арасындағы Батыс Қытай-Батыс Еуропа авто жолы мен Темір жол логистикасы да  Қытайдың стратегиялық тасымалы үшін жұмыс істеуде.

Қытайдың  құрлықтан таситын ең үлкен мұнай-газ тасымалы Ресейдің Қиыр Шығысынан Қытайға тартылған мұнай-газ құбырлары арқылы іске асуда. Бұл – ең қауіпсіз энерготасымал көздерінің бірі екені белгілі.

Міне, осындай энергетикалық тасымал көздері – Қытай алып өндірістерінің негізгі қуаты әрі кепілі саналады. Осы стратегиялық тасымал көздерін сақтау – Қытай қауыпсіздігінің кепілі іспетті.

Қытай  қажетті энергетиканың 70%-ін шеттен тасымалдайтын ел.

Осы төрт энергия тасымал көздеріннің қауыпсіздігі – Қытай үшін өте маңызды. Сол себепті, Қытай үшін бұл аймақтардың тыныштығы  өте қымбат.

Қытайдың құрлықтан тасымалданар энергия көздері бүгінше АҚШ-тың ықпалынан алыстау немесе АҚШ-тың сұғына төте ілінген жоқ.

Қытайдың экономикалық, әскери және саяси ықпалының артуының түбінде қуатты экономикасы жатса, сол экономиканың локомотиві, әрине,  знергетика. Түбі, Қытайды тежеу үшін оған келетін энергетика көздеріне тосқауыл қойылуы ықтимал.

Пекин билігі Батыстың селқостығын сәтті пайдаланып,  20 жыл ішінде төрт құбыласы тең қуатты елге айналып, бүгін Азия-Тынық мұхит  аймағының ең ықпалды елі саналса, ертеңгі күндері әлемнің қожалығын АҚШ-пен бөлісуді көздейтін  амбициясын аңғартып қойды. «Адамзаттың ортақ тағдыры» атты қытайлық арман-мұрат ұранын ортаға тастады. Әрі оны жүзеге  асырудың экономикалық-қоғамдық тетігі ретінде  «Бір белдеу, бір жол»  жобасын ұсынды.

«БББЖ» жобасы арқылы Азия, Африка мен Оңтүстік Америкадағы автаритарлы, жемқорлық жайлаған елдердің қолдауына ие болған Пекин билігі әлемдік аренада өзінің қолдаушылар қарасын көбейте білді.  Өзімен  альяныстағы елдерге 400-500 млрд $ қаржы да таратты. Осындай жүрістерден кейін халқаралық  саяси аренада қолдаушылары артып, лидерлік  амбициясы  үдей түсті. Әрине, Пекиннің бұл қарекеті АҚШ-тың қалыптасқан әлемдік титуылды орнына қатер төндіру болып саналары анық.

АҚШ-тың геосаяси стратегиясындағы бетбұрыс

Сөйтіп, АҚШ бастаған Батыс елдері геостратегиялық саясатта адасып, уақыт жоғалытты. Бірақ,  Барак Обама тұсында есін жиып, ояна бастаған АҚШ  «Азия-Тынық мұхит» әскери стратегиясын жариялады.

Таяу Шығыстағы АҚШ әскерін  Азия аймағына беттетті. Ондағы АҚШ-тың әскери қуатын күшейтті. Яғни, ендігі геостратегия  Азия-Тынық мұхиты аймағы болып, АҚШ-тың әскери үстемдігін сақтау, аймақтың қауыпсіздігі мен гүлденуін қатамасыз етуді негізгі мақсат етті деуге болады. Себебі, бұл өңірде Қытайдың қауып-қатері асқынып келе жатты.

АҚШ билігіне 2016 жылы  Дональд Трамп келді. Ол бүгінгі күннің басты қатері Қытай екенін бірден атады. Алдымен АҚШ-тың Қытаймен  арадағы теңсіз сауда баланысына назар аударып, Қытайдың АҚШ-қа жылына 500 млрд доллар зардап әкеліп отырғанын жариялады.  Осыдан барып, екі ел арасындағы сауда соғысы саясистратегиялық жоба-жоспарға ұласып, бұрынғы «Азия-Тынық мұхит» стратегиясын  «Үнді-Тынық мұхит» геостратегиясына өзгертіп, Үнді мұхиты мен Үндістанды Қытайға бағытталған одаққа жегеді.  Әрі бұл жаңа стратегияның  Қытай  агрессиялық эмбициясына бағытталғанын ашық айтты.

Дональд Трамп Қытай экспанциясына қарсы тұру үшін, Азия аймағындағы одақтастарымен бірге іске кірісуді көздеді.  Күресті алдымен Қытайдың экономикалық өсуін ауыздықтаудан және жаңа технологияларды Қытайға экспорттауды шектеуден бастады. Азия-Тынық мұхит аймағындағы одақтастарымен ымыраласып, Үндістанды экономикалық, әскери және технологиялық жақтарынан күшейтіп, Қытайға қарсы күш  альянсын  қалыптастыруды мақсат тұтты. Қытайға орнығып алған Батыстың  ірі кәсіпорындарын еңбек күш ресурсі мол, арзан, үлкен нарық әрі саяси одақтасы, заң үстемдігінде кепілдігі  бар Үндістан мен Вьетнам,  тб Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияға көшіруді бастайды.

Дональд Трамптың Қытайға ұстанған саясаты Билікке Джо Байден келгеннен соң да жалғасын тапты. Айырмасы, Джо Байденнің Қытайға  бағытталған өктемдік саясатын, өзінің Батыс одақтастарымен ортақ тіл табыса отырып, жүйелі түрде  іске кірісуі болды.  Ол «Жаңа Үнді-Тынық мұхит» статегиясын жәриялады. Трамп бастамасын дамытты.

QUOS – Аустралия, Үндістан, Жапония, АҚШ төрттік қауыпсіздік одағының,  AUKUS (Аустралия, Брита, АҚШ) – англо-саксондың үйымның құрылуының түп мақсаты да – Қытайдың аймақтық, әлемдік агрессиясына бағытталғаны белгілі.

Теңіз әлеміндегі  жоғардағы қуатты елдер тұтас аймақтағы күштерді жұмылдырып,  Қытай  қатерін залалсыздандырып, аймаққа бейбітшілік сыйлайды деген сенімде.  Қытайдың амбициясы Жапонияның  әскери әлеуетін қайта көтеруіне  тарихи мүмкіндік тудыруда.  Болашақта Азия-Үнді-Тынық мұхит аймағының   қауыпсіздігі, түптеп келгенде, аймақ елдері  Үндістан, Аустралия мен Жапония елдерінің  жүктелмек.

Джо Байденнің «Жаңа Үнді-Тынық мұхит» стратегиясы – Қытайды қоршаған аймақты түбегейлі демократиялық һәм нарықтық өзгерістерге түсіру арқылы Қытай жүйесіне ықпал етуді көздейді.  Тайваньға  Қытай ықтимал қарулы шабуыл жасаған жағдайда,  әскери қолдау беруге уәде бермей,  «статегиялық дүдәмәлдік»  танытып отырған  АҚШ жаңа стратегиясы арқылы  Тайваньға «бейбіт орта, қауыпсіз аймақ» тудыруды көзеп отырса керек.  Яғни, Тайваньнің қауыпсіздігін тұтас Үнді-Тынық мұхит аймағының қауыпсіздігімен байланыстырған   стратегияға  тоқтаған деуге келеді.

АҚШ-тың «Үнді-Тынық мұхит» геостатегиялық саясатының іске асуы үшін Жапонияға да үлкен үміт артуда. Өткен ғасырдың 40 жылдарына дейін Жапония Азиядағы ең қуатты әскери держава болып келді. Оның теңіз күші сол кезде әлемнің алдыңғы үштігінде болатын. Екінші Дүниежүзлік соғыстан соң АҚШ-тың ықпалымен Жапония «Бейбітшілік конституциясын» қабылдап, онда «Ешқашан жаппай қаруланбауды, қорғанысқа ЖІӨ-нің 1%-тінен артық қаржы бөлмеуді Ата заңдарына енгізген. Арада 77 жыл өтсе де,  Жапонияның өз қорғаныс министрлігін құрып, қорғаныс бюжетін арттырып, Қытай қатеріне қарсы тұруға Конституциясындағы  жазылған әлгі шектеулер қолбайлау болуда. Жапонияның әр реткі үкіметі осы шектеулерді алып тастауға талпынумен келеді. Конституцияны өзгертуге  соғыстан мезі болған жапондықтардың өзі  көніңкіремесе, енді бір жағынан Қытай билігі бұл ойларына қатаң қарсылық білдіруде. Қытайдың күрт күшейіп, аймаққа төндіріп отырған қатері мен АҚШ-тың қолдауы Жапония Конституциясындағы шектеуді жойып, Жапонияның Азия аймағы  қауыпсіздігі үшін үлкен жұмыс атқаруға мүмкіндік беретіні байқала бастады.

АҚШ-тың әлемдегі ең ұтқыр F35  әскери  ұшағының жүздеп Жапонияға сатылуы – бұл үлкен сенімнің дәлелі. Осыншама көп бұл тиіптегі ұшақ АҚШ-тан соң, тек жапондықтарға ғана тиесілі. АҚШ пен Жапония бүгінде экономикалық, қорғаныс, технологиялық жақтарынан ең етене одоқтастар. Жапондықтардың өзық техникасы болашақта да аймақ қауыпсіздігі үшін жұмыс істейтіні белгілі. Қытайдың әлемдік амбициясын басу үшін аймақтағы күшті одақтастарын қолдау арқылы мақсатына жету – АҚШ-тың реалдық тактикасы деуге болады.

Дональд Трамп тұсында АҚШ үкіметі Қытаймен өзі ғана бетпе-бет келсе, бүгінгі Джо  Байден билігі Үнді-Тынық мұхит аймағы  елдерінен тыс, Канада, Британия  және Еуроодақ  елдерімен одоқтаса отырып Қытайға қарсы бір бағытты майдан құруды таңдады.  Нәтижеснде, Қытайдың Еуроодаққа жасайтын үлкен инвестициялық келісімі тоқтады әрі  Қытайға  жоғары технологиялық шектеулер енгізді.  Өркениеттің өзегі мен дамудың үлгісі болған бұл елдердің жасайтын шектеулері мен санкциялары Қытай билігі үшін тым бодаулы бола бастады.

Қытайдағы Батыстың ірі кәсіпорындарын Үндістан, Вьетнам, Индонезия,  т.б. елдерге көшіру стратегиялық проссесі жүруде. Қытайдың «Әлем фабрикасы» атағынан айырылып қалуы да уақыттың еншісіндегі мәселе. АҚШ стратегтері Қытайдың агрессиялық амбициясын әлсіретудің ең төте жолы – оның экономикасын әлсірету деп түйсе керек.

Қорта келгенде, АҚШ  Азия-Үнді -Тынық мұхит аймағындағы Қытай қатерін Жапония,Үндістан және Аустралия негізіндегі аймақ елдеріне иек арытса,  Оңтүстік Азияның тыныштығы үшін Үндістан үлкен рол атқармақ.

Орта Азия аймағындағы  дәл қазіргі қалыптасқан геосаяси жағдай АҚШ-ты қатты алаңдата қоймасы анық. Бұл – Ресей, Қытай, Иран, Түркия және Сауд Арабия елдерінің  мүделері  тоғысқан  қым-қуыт шиленісті аймақ. Онда Қытай үшін энергетикалық ресурстан тыс, бұл аймақтан келер ықтимал қатерлер де  Пекин билігінің  жүйкесін тоздыратын болады. Ресейдің тәуелсіз Украин еліне жасаған шапқыншылығы – Кремль билігін жардың басына әкелді.

Ендігі жерде Ресей экономикалық, техникалық һәм моралдық жақта аймақтың абсалютты державасы болудан қалады.

Сондықтан, Орта Азиядағы ықпалы бұрынғыдай бола алмайды. Күш  баланысындағы өзгерістер  ендігі уақытта Орат Азиядағы тартыс  та  күшейте түсетін болады. Әрине, АҚШ-тың Кремль  қабағына қарайтын күні тамамдалып,  Орта Азиядағы  АҚШ пен Еуроодақтың ықпалы арта түсетін болады.

P.S:

АҚШ бастаған Батыс елдерінің  Қытайды Шығыстан, Шығыс –Оңтүстіктен құрсаулауы – Орта Азияның Қытайға деген маңызын арттырып, экономикалық  игілікке жету мүмкіндігін еселейді.

Әсіресе, негізгі салмақ  ортақ шекарасы ұзын Қазақстанға түсіп, барыс-келіс жиілейтін болады.  Бұл жағдайдың  қатерімен қоса, жүйелі пайдалана білген жағдайда, экономикалық тиімділігі де зор болмақ.

Ал, экономикалық құрсау мен техникалық шектеуде болатын Қытайдың дамуы, қызуы бұрынғыдай болмаса да аймақта, дамушы елдер арасында  ірі экономикалық мемлекет ретінде ықпалын жалғастыра бермек.

Бақан Берікжан

Abai.kz

23 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5295