Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2562 0 пікір 19 Қазан, 2012 сағат 09:25

Жаңаөзенде қанды қылмыстың беті ашылды

Жаңаөзенде қанды қылмыстың беті ашылды. Мұнайшылар қаласының екі тұрғыны 24 жастағы жігітті 50 теңге үшін өлімші етіп сабаған.

Күдіктілер қылмысын бірден мойындады. Айтуларынша, марқұм орынсыз жомарттық танытқан. Екеуінің дүкенде алып жатқан суына 50 теңгенің жетпегенін байқап, дүкеншіге өз қалтасынан төлей салыпты.

Сотқарлардың шамына тиген де осы екен. Содан жігіттің шыққанын күтіп, тепкінің астына алған. Ал орынсыз таяқ жеген Жаңаөзендегі жетімдер үйінің түлегі Александр Боженко, ауруханаға жеткенше жан тапсырды.

Десе де алғашында бұл оқиғаны "тапсырыс" дегендер де болды. Өйткені Александр Жаңаөзен оқиғасына қатысты сот ісінде басты куәгерлердің бірі екен. Күдіктілер марқұмның ұялы телефонын саудалап жүрген жерінде қолға түсіп отыр.

Дүкенде ақшамыз жетпей тұрғанда орыс бала келіп қалды. Осы үшін тұрсың ба дегендей 50 теңгені лақтыра салды. Сосын шетке шығарып алдық, ұрдық. Бірақ артық кетіп қалыппыз.

Дереккөз: nur.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407