Халыққа қайтарсын байлықты
Қарар
Халыққа қайтарсын байлықты
Дөңгелек үстелге қатысушылардың қабылдаған қарары
Нарықтық экономикаға көшу кезеңi басталған 1994-98 жылдары елiмiзде жүргiзiлген жекешелендiру процесiнде үлкен қателiктерге жол берiлдi. Қазақстандықтардың ұрпақтан-ұрпаққа берiлiп келген стратегиялық маңызды нысандарын, тау-кен өнеркәсiбi мен металл өңдеу өндiрiсiн, отандық өнеркәсiп салаларын Қазақстан үкiметi жекеменшiкке өткiзiп жiбердi. Қазақстандағы жекешелендiру науқаны үшiн арнайы құрылған оффшорлы компаниялар осы байлықтардың меншiктi қожасына айналды.
Бұлар - ENRC (Еуразиялық топ), "ҚАЗАҚМЫС", "ҚАЗМЫРЫШ", "МИТТАЛ СТИЛ".
Жекешелендiру науқаны "жеке жоба" бойынша қысқа мерзiм iшiнде жасырын-жабық күйде жүргiзiлдi. Тау-кен өндiрiсi саласына беделдi әрi танымал халықаралық компаниялар қатыстырылмады, осылайша Қазақстанның экономикалық мүддесi тиiстi дәрежеде қорғалмады. Осының өзiнен-ақ бұл процесте жең ұшынан жалғасқан жемқорлық орын алды деп болжауға негiз бар.
Қарар
Халыққа қайтарсын байлықты
Дөңгелек үстелге қатысушылардың қабылдаған қарары
Нарықтық экономикаға көшу кезеңi басталған 1994-98 жылдары елiмiзде жүргiзiлген жекешелендiру процесiнде үлкен қателiктерге жол берiлдi. Қазақстандықтардың ұрпақтан-ұрпаққа берiлiп келген стратегиялық маңызды нысандарын, тау-кен өнеркәсiбi мен металл өңдеу өндiрiсiн, отандық өнеркәсiп салаларын Қазақстан үкiметi жекеменшiкке өткiзiп жiбердi. Қазақстандағы жекешелендiру науқаны үшiн арнайы құрылған оффшорлы компаниялар осы байлықтардың меншiктi қожасына айналды.
Бұлар - ENRC (Еуразиялық топ), "ҚАЗАҚМЫС", "ҚАЗМЫРЫШ", "МИТТАЛ СТИЛ".
Жекешелендiру науқаны "жеке жоба" бойынша қысқа мерзiм iшiнде жасырын-жабық күйде жүргiзiлдi. Тау-кен өндiрiсi саласына беделдi әрi танымал халықаралық компаниялар қатыстырылмады, осылайша Қазақстанның экономикалық мүддесi тиiстi дәрежеде қорғалмады. Осының өзiнен-ақ бұл процесте жең ұшынан жалғасқан жемқорлық орын алды деп болжауға негiз бар.
Күнi бүгiнге дейiн осы өндiрiс салаларының басшылары ешбiр бақылаусыз ел байлығын өз мүддесiне қарай пайдалануда. Қысқа мерзiм iшiнде олар жерасты байлықтарының қымбат бағасының есебiнен экономикалық табысқа жеткенiн сараптама қорытындысы көрсеттi. Сондай-ақ өнеркәсiптердiң өндiрiстiк қорлары болмашы ғана жаңартылған, ал еңбек ету шарты мен техникалық қауiпсiздiк мәселесi сын көтермейтiн жағдайға құлдырады.
Сонымен қатар бұл компаниялар ұзақ уақыт бойы салық, кедендiк, көлiк және қоршаған ортаға тигiзер зияндық жөнiнде көптеген жеңiлдiктерiн негiзсiз пайдаланып келдi. "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ-ын бетке ұстаған мемлекет Қытай даму банкiнен "Қазақмыс" үшiн 2,7 миллиард доллар, "Еуразиялық топ" қажеттiлiктерi үшiн 1,5 миллиард доллар несие алуына кепiл болды.
Халықтың несiбесiнен қалтасын толтырған компания басшылары қазақстандық жемқорлықтың аясын кеңейтiп, ел экономикасын өз құлқынының қамына қарай пайдалануда. 2001 жылы жасырын жолмен жекешелендiрiлген жүйеқұраушы "Халық Банкi" осы "дәстүрдiң" айқын көрiнiсi.
Мемлекеттi өз мүдделерiне қарай икемдеп, олар экономиканың шикiзатқа тәуелдiлiгiн арттыра түсуде, индустриалды-инновациялық даму мен диверсификацияны тежеуде, капиталдарын шетел асырып, мемлекеттiң түбегейлi тоқырауына ықпал етуде.
150 жыл бұрынғы жабайы капитализм әдiсiн Қазақстанда қайта жаңғырту арқылы олар халықты жаппай кедейшiлiкке ұрындыруға, әлеуметтiк қарсылықтар тудыруға және қоғамды ыдыратуға итермелеп келедi.
Өз болашақтарын Қазақстанмен байланыстырмайтын, қазақстандықтардың мүддесi мен мақсатын ескермейтiн инвесторлар әр кезде де бiздiң мемлекеттi пайда табу көзi ретiнде ғана қабылдайды.
Сондықтан да бiз Қазақстандағы әлеуметтiк-экономикалық және саяси проблемаларды шешу үшiн ENRC (Еуразиялық топ), "ҚАЗАҚМЫС", "ҚАЗМЫРЫШ", "МИТТАЛ СТИЛ", "ХАЛЫҚ БАНК" АҚ -ын мемлекет меншiгiне қайтаруды талап етуiмiз керек деп санаймыз.
Мұндай қадам ұлттық экономикаға ашықтық және бәсекелестiк ұғымдарын ендiрiп, қазақстандықтардың көз алдында әдiлеттiң үстемдiк құрғанын көрсетедi, мемлекеттiк бюджеттi толтыру жөнiнде жаңаша принциптегi мүмкiндiктерге жол ашып, әлеуметтiк және индустриалды-инновациялық даму саясатын күшейтедi, орта және шағын кәсiпкерлiктiң салық жүктемесiн азайтып, елiмiздiң жаңғыртылуы мен әрбiр азаматтың лайықты өмiр сүруiне қатысты өзге де көптеген проблемаларды шешедi.
Осы сұрақтарды Жалпыхалықтық референдумға шығара отырып, Қазақстанның бар байлығы белгiлi бiр топқа емес, тұтас халыққа тиесiлi болсын деген талап қоямыз.
Алматы, 16 қазан 2012 жыл.
Ядролық отын банкi мен АЭС Қазақстанға қажет емес
Дөңгелек үстелге қатысушылардың қабылдаған қарары
Бiздiң елiмiзде АЭС пен ЯОБ салу мәселесi қоғамдық талқылаусыз шешiлiп жатыр. Қазақстан - бiздiң өз елiмiз, ортақ мекенiмiз. Ал мұндай мәселелердi халықсыз, өз бетiнше шешiп жатқан қазiргi шенеунiктер күнi ертең-ақ, экологиялық апат болса, Қазақстаннан қашып, шетелден бiр-ақ шығары анық. Бүгiнгi таңда әлемнiң прогрессивтi елдерi АЭС-тен бас тартуда. Германия, Швейцария, Бельгия, Швеция, Италия, Жапония және жақында Болгария да жаңа атом электрстансаларының құрылысына тоқтау салды. Тек Ресей ғана 2030 жылға дейiн 30 жаңа АЭС салуды қиялдап отыр. Бұған Қытай мен Иран да қосылды. Демократиялық және ғылыми дамыған мемлекеттер халықтың қауiпсiздiгiн ескерiп шешiм қабылдайды.
Бiзде күн мен желдiң, судың қуаты жеткiлiктi. ХХI ғасырда жасыл энергетиканы дамыту керек. Хиросима мен Нагасакидегi қасiреттердi басынан өткерген жапондықтарды қосқанда, қазақстандықтар - ХХ ғасырда ядролық жарылыстардан басқа елдерден әлдеқайда көп зиян шеккен халық. 1949-89 жылдары арасында қазақ жерiнде 500-ден астам ядролық жарылыстар жасалды. Кеңестiк жүйе кезiнде республика аумағында 230 миллион тоннадан астам радиоактивтi қалдықтар мен қоқыстар жиналды. Бұған 6 iрi уран кендерi бар геологиялық аймақтар мен көптеген уран өңдiрiп жатқан кенiштерден бөлiнетiн табиғи радиацияны және табиғат қорғау ережелерi мен iс-шараларын бұзушылықтың әсерiнен еселене түсетiн радиоактивтi қатердiң ұлғайғанын қоссақ, Қазақстанның экологиялық апатты жағдайын пайымдаймыз. Бұлардан арылудың орнына ядролық қатерi бар бастамалар мен жоспарларға құлшыну - жауапсыздық әрi қылмыс. Чернобыльдiң, Фокусиманың алапат апат әкелгенiн көре тұра, Ресейдiң пайдакүнем жобаларына жол ашу бүгiнгi билiктiң ел ертеңiн болжаудан қалғанын көрсетедi.
Бiз елiмiздi мекендеген барша халықтың бүгiнi, ұрпағымыздың келешегi үшiн бiрауыздан былай деп мәлiмдеймiз: қауiпсiз әрi зиянсыз табиғи қуат көздерiн игеруге басымдылық берiлсiн. Қазақстанда АЭС салуға, ЯОБ орналастыруға келiспеймiз! Бiз бұл мәселенi бүкiлхалықтық референдумға шығаруды талап етемiз.
Алматы, 16 қазан 2012 жыл.
"Жас Алаш" газеті