Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3774 0 пікір 24 Қазан, 2012 сағат 06:46

Бұқарбай Бейсен. Түркі түгелденсе, Орыс қайда барады?

Путин қазақты ренжітсе қаран қалады

Соңғы бір жылдан бергі Орыс саясаткерлерінің тірліктері түсініксіз болып бара жатыр. Тіпті, Орыс президенті Владимир Путин де шалыс басып жүр.  Әсіресе, Путин мырзаның Кеден Одағы төңірегіндегі  атқарып отырған жұмыстары қарынды ашырады. Себебі, Кеден Одағында қолдау жоқ, тек мүдде саясаты жүріп жатыр. Осы мүдде саясатының өзі де өте тар шеңберде іске асуда.  Кезінде Қазақ президенті Нұрсұлтан Әбішұлының аузымен айтылған «Евроазиялық Одақ», «Кеден Одағы» деген идеялардың  алғашықы жемісі ретінде құрылған Кеден Одағы Россия үшін май шелпек болып тұр. Ал Қазақ елі үшін саяси жақтан шала, экономикалық жақтан пайдасыз бір ұйым болып қалуда.

Путин қазақты ренжітсе қаран қалады

Соңғы бір жылдан бергі Орыс саясаткерлерінің тірліктері түсініксіз болып бара жатыр. Тіпті, Орыс президенті Владимир Путин де шалыс басып жүр.  Әсіресе, Путин мырзаның Кеден Одағы төңірегіндегі  атқарып отырған жұмыстары қарынды ашырады. Себебі, Кеден Одағында қолдау жоқ, тек мүдде саясаты жүріп жатыр. Осы мүдде саясатының өзі де өте тар шеңберде іске асуда.  Кезінде Қазақ президенті Нұрсұлтан Әбішұлының аузымен айтылған «Евроазиялық Одақ», «Кеден Одағы» деген идеялардың  алғашықы жемісі ретінде құрылған Кеден Одағы Россия үшін май шелпек болып тұр. Ал Қазақ елі үшін саяси жақтан шала, экономикалық жақтан пайдасыз бір ұйым болып қалуда.

Россия, Беларусь, Қазақстан арасындағы Кеден Одағының соңғы уақытта еліміз экономикасына кедергісін нақты статистика көрсетті. Біз миллиондаған қаржыдан қағылдық.  «КО» құрылғалы Беларустың экспорты - 22 пайызға, Ресейдікі  - 28-ге өскен. Ал, Қазақстанда керісінше, 30 пайызға кеміген!  «КО» дейін де Ресеймен саудада 0 пайыздық кедендік ставка болатын. «КО» аясында 92 пайыз кедендік тариф саясаты Ресейдікі болғандықтан, шетел тауарларының бағалары күрт өсіп жатыр. Кедендік салықтардан түскен қаржының 88 пайызы Ресей бюджетін, 7 пайызы ғана Қазақстан бюджетін толықтырады (http://www.ult.kz/kz/article/view?id=621). Ал, орыстар осы жағдайды көре тұрып, нақты қадамға бармады, себебі олар нағыз саясатты түсінседе, болашақтарына жұмыс жасауды ұмытып қалған сыңайлы.

Менің айтайын дегенім, дәл осы Қазақ елінің кеден одағының  біраз салмағын көтере тұра, пайдасынан қағылуына Путин мырзаның  ешқандай аңыс білдірмеуі болып тұр. Бұл шынын айтқанда, Кеден Одағының тағдырына қатысты мәселе екені Путинді ойландырмай ма?  Грецияға есепсіз ақша аударған Европа Одағынан үлгі алып, ақшасын бермеседе тығырықтан шығуына бар күшін салып көмектесуге міндетті. Бұл жағдайды көре тұрып басқа елдердің бұл одаққа кіруге талпынуы мүмкін емес. Тек бір-біріне көмектесіп, пайда келтіргенде ғана барлық мүше біріге алатынын орыстар түсінбей ме? Міне, бұл орыстардың  тәкаппарлығы мен саяси танымдарының қаншалықты екенін көрсетпей ме?

Бізге болашаққа стратегия керек. Ол - Түркі одағы

Бұл жерде Қазақтың «Өз өлтірмейді, жат жарылқамайды» деген мақалы біраз нәрсені түсіндіріп берді. Орыстар бізді ешқашан жарылқаған емес, жарылқамайды да.  Дәл солай Түркия республикасы да Евро одақтан дәмете-дәмете «Қошқардың енегінен дәметкен кәрі қасқырдай» салпаңдап-салпаңдап, ақыры үмітін үзгелі қашан. Енді сол Европа Одағына кір деседе кірмейтінін Ережеп Тайып Ердоған ашық айтқанын жұрт біледі. Қазақстанды орыстар «былай» лақтырып отыр. Дәл осы себептен Түркия елі жаңа саяси бағыт жасауға талпынып отыр, оған «іздегенге сұрағандай» болып Қазақстанның қосылу заңды.

Бұл жерде мәселе көтерген саясаткерлер «Өзбек синдромын» алға тартып, Түркі жұртының бірігуіне күмәнмен қарайды. Шын мәнінде, Өзбекстан сияқты  бірер елдің бұл идеяға ешқандай пайдасы да зияны да жоқ. Олар ешқандай өзгеріс әкеле алмайды.  Түркі Халықтары одағын құру шын мәнінде біраз уақыттан бері жемісті түрде алға жылжып келеді.  Егер осы Түркі жұртының бірігуі іске асып жатса, негізінен кіші Азия түбегінен Түркия, Орта Азядан Қазақстан, Қап тауынан Әзербайжан, Россиядан Татарстан елдері басты рөл ойнайды. Ал оған Шығыс Европадан Венгерлерде қосылатыны соңғы 5-6 жылдан бергі саяси жағдайдан белгілі болып отыр.

Бұл саясатта этнографиялық туысқандық өте маңызды рөл ойнайды. Яғни, Қазақ, Қырғыз, Татар, Башқұрт, Қарақалпақ, Ноғай, Құмық қатарлы ұлттардың тілі ешқандай аудармашысыз түсініледі,  тілдері 95 пайыз ұқсас. Оған діндері мен қатар жағырапиялық жағын қоссаңыз, бұл ұлттар бірін-бірі бір ұлттай сезіне алады. Бұл халықтар бір-біріне жұтылып кетеміз деп те қорықпайды сол үшін кез келген істе бірге болатыны даусыз. Ал, өзбектер баяғысынша анадан бір қызғанып, мынадан бір қызғанып екі ортада жүреді.  Өзбектерге жақындығы бар Ұйғырлар мен Тәжіктердің азғантай ықпалы болуы мүмкін. Бірақ жалпы тұрғыдан олар шамаларының келісінше ортақ топта болғысы келеді. Әзербайжандар мен Түркия Түріктерінің айырмашылығы шамалы ғана, енді оған Қап тауы  халқы жақын екені белгілі. Міне, осы елдер өзара бір блок болуы мүмкін. Бұл жерде тағы Хакастар (Қазақтар кәпір қырғыз дейді, Ислам діні тарамай қалған Енесей қырғыздары) мен Алтайларды (Ислам діні жетпей қалған Қазақ тайпалары) тегі мен тіліне қарай отырып, ортақ топқа қосуға мүмкіндік бар, себебі олар сонда ғана өсіп-өркендей алатынын түсінсе, бірден бізге тартылады және өздеріне пайдалы блок жасауына барынша көмектескен жөн. Ал, онан әрмен Жақұттар (Якутия) мен Тваларды, Чуаштарғада кеңейтіп, ақырындап көмектесуге болады.

Мүмкін біреулер Россиядағы Түркі жұртымен қалай байланысқа түседі деп ойлап қалар. Менің көзқарасымша, бұл да мына бірнеше саяси себептерден біздің пайдамызға шешілуі мүмкін. Біріншіден, Россияда Түркі жұртының үлкен тобы тұрады, оның үстіне олар саяси, ғлыми, шаруашылық жақтан нығаю үстіндегі Автономиялық республикалар. Жалпы Россия  халқының  25%-нан астамын ұстайтын халықпен санаспауы мүмкін емес. Екіншіден, Россия Орта Азиядағы өз  ықпалынан айырылып қалудан қорқады, тіпті стратегиялық маңызға ие елдермен атап айтқанда, Түркі тілді мемлекеттермен тығыз қарым-қатынаста болуға мүдделі болады. Үшіншіден, қазіргі халықаралық геосаяси жағдай барған сайын күрделенуде. Міне, бұл орыстарға сенімді серікті, мүдделі одақты керек етеді. Европа одағының ешқашан Россияға пайда әкелмесі анық, Арабтар күйреуде, енді Масондардың Сионистік тәртібі Орыс империясына бағытталуда. Сондықтан Россияға біз ең сенімід одақтас бола аламыз, ол бізгеде пайдалы, бұл жерде Орыс бізбен санаспаса әрине опық жейді. Төртіншіден, Түркі жұрты тарихи сыннан өтті, кімнің дос, кімнің қас екенін түсінді. Ата салты мен дінін сақтаған, рухани жақтан орныққан жұрт. Ал Россиядағы  Түркі республикалары даму жолында әрі сындарлы саясат қолдануда,  қазірдің өзінде және болашақта олар саяси сахнада Роосияның атойшылары бола алады.

Дәйек ретінде бірнеше саясаткердің көзқарасын беруді жөн көрдік:

Қазақстан Республикасының Президент Нұрсұлтан Назарбаев: (қазақ-түрік бизнес-форумының жабылу салтанатында сөйлеген сөзі)

- Ататүрік айтқандай, «Бүкіл түркілердің бірігетін кезі келеді». Сондықтан, мен бүкіл түркітілдес ағайындарды қуанышпен қарсы ала отырып, біз доспыз дегенді айтқым келеді. Алтай мен Жерорта теңізінің аралығында 200 миллионнан астам ағайындар өмір сүруде. Егер біз, барлығымыз бірігетін болсақ, әлемдегі үлкен күшке айналамыз.

Кирилл Бенедиктов (Россия):

- о том, сменит ли Нурсултан Назарбаев евразийство на пантюркизм? Население самого Казахстана - 16,4 млн человек, из них собственно казахов - 10,5 млн. Еще 75 млн тюрков живут в Турции. В общий счет пошли также прочие государства Средней Азии и Азербайджан. Но остальные-то миллионы где? Вероятно, в России. И, судя по всему, именно проживающих на территории нашей страны тюрков намерен включить Назарбаев в то «большое и влиятельное в мире государство», про которое он рассказывал в Стамбуле.  Идея не новая. Называется она, правда, не евразийство, а пантюркизм. Идеалом пантюркизма является воссоздание великого государства всех тюрок - когда-то оно у них было и называлось Вечный Эль (что приблизительно соответствует немецкому «Тысячелетнему Рейху»). Судя по словам Назарбаева, новый Вечный Эль должен раскинуться от Алтая до Белого моря, включая в себя Турцию, республики Средней Азии, Кавказа, Поволжья... Совершенно очевидно, что подобное национальное образование может возникнуть только в случае полного распада Российской Федерации. Тогда евразийская интеграция автоматически меняется на тюркскую - даже если под сурдинку придется ассимилировать оставшихся на новых территориях Вечного Эля русских.

(http://izvestia.ru/news/537872 )

Серік Ерғали, саясаткер:

- Ой, осы жұртты-ай. Елбасы Мәскеуден Анкараға барып саяси бағытты өзгерте салады дегенге кім сенеді.Онда оған орыс та, түрік те сенбес еді. Бұл жерде көпвекторлы саясаттың бірыңғайлана бастағанын, кімнің дос, кімнің бауыр екенін ажырату қажетігі туғанын уақыт көрсетіп тұр ғой. Бұдан нәтиже шыға қоятыны, әрине мүмкін емес. Бірақ болашаққа іргетасты осылай неге құймасқа.

Мұхтар ТАЙЖАН, саясаткер:

- Қазір Кеден Одағына кіруден ба­сы­мызға бақтың орнай қоймағанына көзіміз анық жетті. Күнделікті қант-шайымыз бен құрт-майымызға, эконо­микалық сауда-саттығымызға орасан нұқсан келтіргенін, әсіресе, Ресеймен шекаралас облыстардың іскер адам­дары айтып-шағынғанда, етектері жас­қа толады. Менің ойымша, Елбасынан бастап, елдің ең жасына дейін, ең алдымен, ұлттың тағдыры мен мемлекеттің мүд­десіне қатысты мәселелерді ең маңыз­ды қатарға қоюы керек. Өркениетті ел­дердің өнегесі біздің бәрімізді және әрбірімізді елдің тағдырынан бөлін­беуге үйретеді. Сондықтан, Қазақстан оппози­циясы өкілдерінің жалпыұлттық референдум өткізу туралы бастамасы шырт ұйқыдағы жұртты шошытып оят­­қандай болды. Қазақстанның 14 об­­лысынан және Алматы мен Астана қа­­лаларынан 30 делегат жиналып бір мәмілеге келсе, жалпыұлттық референдум өткізуге болады. (http://dala.tv/news/reseimen-odak-kursak-tagy-da-otar-elge-ainalamyz )

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ (Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары):

- Иә, бүгін Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен Түркия Президенті А.Гүлді Кеңестің көк байрағын көтеріп, ғимаратымызды ресми түрде ашады деп күтіп отырмыз. Былайша айтқанда, түгел болған төртеудің туы тігіліп жатыр Стамбул көгінде. Сонымен қатар, Кеңестің кеңсесінде мүше елдердің де тулары ресми түрде көтеріледі. Енді Стамбулда Қазақстанның туы тұрақты желбірейтін тағы бір мекеме бар деп айтуға болады.(Араша сайытына 2012жылы 12 -қазанда берген сұхбаты http://arasha.kz/post/1008 )

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5353