Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3724 0 пікір 26 Қазан, 2012 сағат 10:57

«Жаңаөзен» оқиғасының куәгері: «Полиция сап түзеп келе жатып әйел, бала-шаға деместен ашықтан-ашық оқ жаудырды»

 

«Жаңаөзен» оқиғасының куәгері: «Полиция сап түзеп келе жатып әйел, бала-шаға деместен ашықтан-ашық оқ жаудырды»

Жаңаөзен қасіретінің куәгері әрі жәбірленуші

Шолпан ӨТЕКЕЕВА:

Өлгендер мен жаралыларды

киізге салып тасығанды көрдім

 

Енді аз уақытта Жаңаөзен қасіретінің орын алғанына бір жыл толады. Ақиқат бірден ашылмаса да, мейлі сотта болсын, мейлі қандай да бір жиында болсын, әр кез бір шындық айтылып, жұртшылыққа жетуде. Оған елдегі оппозиция құрған Қоғамдық бақылау комиссиясының ықпалы аз емес. Осы жолы үлкен жиын үстінде тағы бір жан түршігерлік айғақты жұрт куәгердің өз аузынан естіді. Адамдарды себепсіз қамау мен ұрып-соғу, түрлі жәбір-жапа көрсетіп, қорлау жағынан Жаңаөзендегі қанды қырғын 1986 жылғы 16 желтоқсанды еріксіз еске салды. Бірақ қоғам қазіргідей ояу болса, Жаңаөзен ақиқаты Желтоқсан сияқты ширек ғасыр бойына жабулы қалмайтынға ұқсайды. Жиырма бес жылыңыз не, Жаңаөзен қанды қырғынының ащы шындығы таяу арадағы бес жылға да жетпей ашылатынға ұқсайды. Осы қанды қырғынның ортасында болған куәгер Шолпан Өтекееваның сөзін біз өзгертпестен жариялап отырмыз.

 

 

«Жаңаөзен» оқиғасының куәгері: «Полиция сап түзеп келе жатып әйел, бала-шаға деместен ашықтан-ашық оқ жаудырды»

Жаңаөзен қасіретінің куәгері әрі жәбірленуші

Шолпан ӨТЕКЕЕВА:

Өлгендер мен жаралыларды

киізге салып тасығанды көрдім

 

Енді аз уақытта Жаңаөзен қасіретінің орын алғанына бір жыл толады. Ақиқат бірден ашылмаса да, мейлі сотта болсын, мейлі қандай да бір жиында болсын, әр кез бір шындық айтылып, жұртшылыққа жетуде. Оған елдегі оппозиция құрған Қоғамдық бақылау комиссиясының ықпалы аз емес. Осы жолы үлкен жиын үстінде тағы бір жан түршігерлік айғақты жұрт куәгердің өз аузынан естіді. Адамдарды себепсіз қамау мен ұрып-соғу, түрлі жәбір-жапа көрсетіп, қорлау жағынан Жаңаөзендегі қанды қырғын 1986 жылғы 16 желтоқсанды еріксіз еске салды. Бірақ қоғам қазіргідей ояу болса, Жаңаөзен ақиқаты Желтоқсан сияқты ширек ғасыр бойына жабулы қалмайтынға ұқсайды. Жиырма бес жылыңыз не, Жаңаөзен қанды қырғынының ащы шындығы таяу арадағы бес жылға да жетпей ашылатынға ұқсайды. Осы қанды қырғынның ортасында болған куәгер Шолпан Өтекееваның сөзін біз өзгертпестен жариялап отырмыз.

 

- Сәламатсыздар ма, құрметті азаматтар мен азаматшалар! Мен бүгін Жаңаөзеннен келіп отырмын. Мұнайшының зайыбымын. Зайыбым Дүйсен Рүстембеков. Өзім 2011 жылы 15-16-17 желтоқсан күндерінде көзіммен көрген оқиғаларды айтқым келіп отыр.

15 желтоқсан күні Жаңаөзендегі алаңда киіз үйлер тігілді. Киіз үйлер жақын жердегі елді мекендерден әкелінді. Қаланың өзінде киіз үйлер жоқ. Алаңға киіз үйлер тігіліп жатқанда, мен апалардың жанына барып: «Сіздер бұл жерге қалай киіз үй тігесіздер? Алаңда жеті айдан бері мұнайшылар тұр емес пе? Қалай дәттеріңіз барады?» - дедім. Олармен сөйлескенде менің білгенім - ол үлкен кісілер мұнайшылардың әлі де алаңда тұрғанын білмеген! Олар машинамен жеткізілген киіз үйлерін түсіргілері келмей: «Мынауымыз обал болар» деп, киіз үйлерін тіккілері келмеді. Сөйтіп олар кері қайтатын болды. Сол кезде әр киіз үйдің айналасына жиырма шақтыдан полиция қойылды. Олар киіз үйлерді түсірткізді. Алаңнан кеткісі келгендер кете алмады. Тек бір машина ғана алаңнан шығып кете алды. Жиырма шақты киіз үй алаңның ортасына тігілді. Алаңда бір нәрсе болатыны туралы тиді-қашты әңгімелер болды. Бірақ не болатынын ешкім білген жоқ, сезгендері болмаса... Киіз үйлердің иелерін сол сәтінде қала әкімі Сарбөпеев шақырып алып: «Ертең, 16 желтоқсан күні сендердің киіз үйлеріңе бір нәрсе болса, әр киіз үйге екі миллионнан ақы төлеймін», - депті, тіпті қолхат та берген...

Сөйтіп үлкен айғай-шумен киіз үйлер тігілді. Мен қатты ашуланып, ренжіп, алаңнан кетіп қалдым. Мұнайшылар да тарады. Олар: «Егер алаңда ертең, 16 желтоқсан күні қандай да бір жағдай орын алса, біз оған жауапты емеспіз» деген қолхаттарын да тапсырып тастады.

15 желтоқсан күні жергілікті басшы атаулы киіз үйлерге жиналып, қонақасын асқызып, білгендерін жасады. 16 желтоқсан күні мұнайшылар алаңға қайтадан келді. Менің жоғары сыныпта оқитын қызыма мектеп мұғалімдері: «Ертең жылы киініп, алаңға келіңдер» деп тапсырма береді. Студенттерге де сондай тапсырма берілген. Студенттердің, мектеп оқушыларының қолдарына жалаушалар да таратады. Тәуелсіздік мерекесі деп бүкіл қала халқын алаңға жинайды. Сөйтіп, ер-азамат, бала-шаға, әйелдер бәріміз алаңда болдық.

Бәрі аяқ астынан болды. «Халықтың аузы - қазына» дейді ғой, халық бір-бірінен естіп, бәрін біліп отыр. Мәселен, киіз үйде ет жеп отырған бір басшы бір сүйекті алып, целлофан қалтаға салып: «Жеті айдан бері аш тұрған мұнайшыларға апарып беріңдер!» деген. Мұны өз көзімен көрген бір ағамыз айтты. Басқа киіз үйдегілер де солай жасаған. «Өзенмұнайгаздың» директоры Киікбай Ешманов 20-30 жасөспірімдерге қалың күпәйке кигізіп, арандатушы топты дайындаған. Олар сахнаға шығып, құрал-жабдықтарды, алаңдағы шыршаны құлатады. Автобусқа шабуылдайды. Мұның бәрі жеті айдан бері нешетүрлі әділетсіздік пен моральдық қысым көріп тұрған мұнайшыларлың қарсы әрекетін туғызады. Бәрі осы жерден басталды.

Шырша құлап, бір жеңіл автокөлік құлап, автобус өртеніп жатыр. Алаңдағы адамдар қайшыласып, әрлі-берлі жүгіріп кетті. Біреулер киіз үйлерін жинауға кірісті, біреулер баласын, біреулер мен сияқты күйеуін іздеп, халық сапырылысып кетті. Осы кезде ешбір ескертусіз алаңға қарай полиция сап түзеп келе жатып оқ атты! Кәдімгідей адамдарды алаңның ортасына үйіріп қойып, әйел, бала-шаға деместен ашықтан-ашық оқ жаудырды! Мен алаңның шет жағында есімді жия алмай тұрып қалдым: полиция сап түзеп, адамдарға қарата дәл бір фашистер сияқты оқ жаудырып келе жатты! Осы кезде олардан кері қарай жүгірген азаматтар бір-бірін құшақтап, жетектеп жүгіреді! Өйткені оқ әркімнің әр жеріне тиіп жатқан! Бәрі осылай болды...

Полиция кейін шегінген болады да, қайта алға жүріп, қайтадан оқ жаудырады! Олар бұл әрекетті екі-үш қайтара қайталады. Біз орнымыздан қозғала алмай қарап қалыппыз... Бір кезде маған жақындау жерде бір жігіт шалқасынан құлады. Мен шыдамсыздау адаммын, жүгіріп әлгі жігітке келіп, оны демеп жібергім келді. Ол шалқасынан жатыр екен, жанарлары жартылай ашық қалыпты. «Тірісің бе?» деп бетінен ұрып, мойнындағы күре тамырын ұстадым. Ол бір жұтынды да, өңі қашып кетті... Қарасам, оқ қақ маңдайынан тиген екен! Мен қолымдағы орамалмен жігіттің маңдайын таңып, жақын маңдағы адамдарға: «Көмектесіңдер!» деп айғайладым. Бірақ мен ол жігітке шын оқ тиді деп ойлаған жоқпын, әншейін жарақаттайтын резеңке оқ деп ойлап жүрмін! Адамдар көмекке келгенше, бізге қарай оқ жаудырып келе жатқандарға арқамды беріп, жігіттің жанында отырдым. «Резеңке оқ тисе, арқама тисін» деп ойладым... Оқтың даусы естіліп жатыр, мен оны резеңке оқ деп ойладым, сөйтіп оларға ту сыртымды беріп отыра бердім. Осы кезде менің даусыма жеті-сегіз жігіт жүгіріп келіп, жігітті көтеріп ала жөнелді. Мен оларға: «Оқ басынан тиген, басын ұстаңдар!» деп жатырмын. Жігіттер әлгі баланы жақын тұрған үйдің ар жағына жеткізіп, жерге жатқызды да, бәрі тұрған орындарында тұрып қалды: бала жан тапсырған екен! Баланың бас киімі менің қолымда қалып қойды. Бас киімнің желке жағы кәдімгі адамның қанына былғанған! Бас киімді қысып ұстап, шырша тұрған ортаға қарай жүгірдім. Күйеуімді, қызымды іздеп жүгірдім. Бәріміз сол алаңда жүрміз ғой... Бірақ адамдардың бір-бірін табуы, тануы мүмкін емес! Бір қарасам, киіз үйлердің ішіндегі тамақ жасалған аласа үстелдерді қалқалап, жігіттердің тұрғанын көрдім. Полиция әлі де болса оқ атып, әкімдіктің үйіне қарай жақындап келеді. Екінші жаққа қарасам, жарақат алғандарды киіз үйдің ішінен алынған алашаларға салып, әкетіп жатыр екен! Оларды сахнаның артына қарай тасып әкетіп жатты... Осы кезде маған бір апай ұялы телефонға қоңырау шалып: «Шолпан қайдасың?» дей берді. Байланыс сол кездің өзінде бірде естіліп, бірде естілмей тұрды. Әлгі апайдың маған: «Сахнаға қарай... Дүйсен.. аяғы...» - деген сөздері үзіліп-үзіліп естілді. Мен солай қарай жүгірдім. Сахнаның сыртында тұрған апай анадай жерде тұрған уазикті көрсетті: «Күйеуіңнің аяғына оқ тиді» деді. Жүгіріп машинаға келдім. Келсем, машинаның ішіне адамдарды бірінің үстіне бірін салып, тиеп тастаған. Артқы жағында  менің күйеуім жатыр: оң аяғынан оқ тиіп, сүйегін шашып жібергені сонша, аяғы теріс қарап қалған! Кәдімгі әскери автоматтан атылған оқ! 1-8 сантиметрдей сүйегі орнында жоқ! Жаралы адамдарды әлі тиеп жатыр. Енді машина жүрер кезде: «Бір әйел адам мінсін!» - деді біреу. «Менің күйеуім осында, мен барайын», - деп көлікке әзер қыстырылып міндім. Аяқ басатын жер жоқ. Айта кетейін, алаңда жедел жәрдем деген болған жоқ. Алдыңғы жақта мұнайшылардан Нұрлыбек деген жігітті көрдім. Оқ кеңірдегінен тиіп, иығы арқылы жауырынынан шыққан! Тағы бір жігіт: «Қарындас, мен мұнайшы емеспін, бірақ маған екі жерден оқ тиді», - деп сөйлеп жатты, өзгелерінде үн жоқ, бәрі сұлқ түскен, қан кетіп жатыр...

Оқ атылып жатқан жерден айналып өтіп, таса-тасамен емханаға жеттік. Машинадан секіріп түсіп: «Көмектесіңдер! Мұнда адам көп. Носилка керек!» - десем, емхананың алды қарақұрым адам екен. Бізге дейін де жараланғандар әкелініпті. Носилка жетіспейді. Сөйтіп, адамдарды алашамен түсіріп, таси бастады. Біз келген көлікке келген фельдшер ме, біреу екі адамның тамырын ұстап көріп: «Мына екеуін моргқа!» - деді... Сонда бізбен бірге екі өлік барған. Сөйтіп менің көз алдымда үш адам өлді!

Үш қабатты емхананың барлық қабатындағы дәліздердің бәрінде жарақат алған адамдар жатты!

Палаталардағы жүре алатын науқастарды тез үйлеріне қайтарып, жаралыларды орналастырып жатты. Біз орналасқан палатаға қосымша төсектер қойылды, кейбір палатада адамдар еденде де жатты. Дәрігерлердің өздері кімге не істерлерін білмей, естері шығып кетті. Өздері жетіспей де жатыр... Жарақаттары жанына батып айғайлаған адамдар... Бұл - 16 желтоқсан күні емханада орын алған жағдай... Кешке қарай Ақтаудан жеті-сегіз жедел жәрдем жетті. Жолға жарамайтындар қалып, жол жүруге жарайтындардың тізіміне ілігіп, Ақтауға кеттік. Күйеуімнен қан көп кетіп, түрі көгеріп кетті...

Өзім білетін мұнайшыларға тиген оқтың бәрі кілең автоматтың оғы болып шықты. Тапаншадан атылған оқ тұрып қалады екен. Оқты алуға болмайды. Оқ жұлынына тұрып қалған Сансызбай деген жігіт қазір мүгедек. Тағы бір жігіттің сан етіне кірген оқ күре тамырға тұрып қалған, әлі күнге дейін алдыра алмай жүр, Алматыға қанша рет барып келді. Қайрат, Аманқос деген жігіттердің өміріне балта шабылды. Екеуі де жас жігіттер!

17 желтоқсан күні де жаман болды. 17-сі күні үкіметтің адамдары банкоматты тонады, магазинді тонады. Үкіметтің адамдары дегеніміз - полициялар ғой жүрген! Қала тас қараңғы, жарық жоқ, телефон жоқ, ұялы телефондар өшіріліп тасталған! Осы кезде тонау жүріп жатқан. Ал көшеде бейсауыт кетіп бара жатқан адам болса, ол әйел ме, бала ма, қыз ба қарамастан, қолын қайырып машинаға салып, подвалға қамай берген!

Подвалға қатысты сөз өз алдына: ондағы әйел болсын, қыз болсын шешіндіріп, білгендерін жасаған! Жасөспірім балаларды гаражға қамап, аязды күні шешіндіріп, суық су шашып, оларға да дубинкамен білгенлерін жасаған! Сөйтіп әбден қорлап, үйлеріне жіберген. Солардың арасында болған Базарбай деген жігіт бар. Міне, бар қорлықты көріп жатқан тек қарапайым халық, біздерміз. Бүгін Жаңаөзенде ешнәрсе өзгерген жоқ. Әлі күнге қысым көріп отырмыз, әлі де қудалап жатыр. Кеше куәгер болған жас баланы өлтіріп тастады. Оның не жазығы бар? Арандатушы топ әлі жұмыс жасап жатыр. Арандатуды ұйымдастырған жергілікті қалалық, облыстық басшылар және құзырлы органдар! Алаңда тұрған мұнайшылар олардың көзіне шыққан сүйелдей болды. Оларды алаңнан қалай кетірудің жолын іздеді! Осының бәрін ұйымдастырған - компания басшылары: жоғарыдан төмен қарай, тегіс... Келді де, халықты тек қырып кетті! «Байланысты қоссын, Жаңаөзендегі атысты тоқтатсын!» - дегендері үшін Шетпеде де дәл осыны қайталады! Шетпеде жарақат алғандар әлі тиесілі төлемақысын да алған жоқ! Мүгедек болып қалғандар қараусыз қалды!

Біздің сұрайтынымыз - дұрыс қоғамдық комиссия құрылып, осылардың бәрін аралап шығу керек! Қамауда жазықсыз отырғандардың шығуына қол ұшын беріңіздер! Бізді түсінетін үкімет жоқ!

Дайындаған -

Гүлмира ТОЙБОЛДИНА

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 38-39 (166-167) 25 қазан 2012 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5300