Шалқар ЕСТЕН. ЧЕМПИОН - ӘКІМ
Олимпиада чемпионы, әлемнің екі дүркін қола жүлдегері Бақтияр Артаев ауыл әкімі атанды. Бейжің Олимпиадасынан кейін біраз уақыт үзіліс алып, бокстан қол үзген жиырма алты жастағы боксшының күтпеген жерден шенеуніктер қатарын толтырғаны қызық болды. Тараз маңындағы Айша-Бибі ауылдық округіне әкім болып тағайындалған боксшының өзімен хабарласа алмадық. Ал оны бала күнінен боксқа баулыған бапкері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпековпен сөйлесудің реті келді.
- Нұреке, шәкіртіңіз әкім болды дегенді естідік...
- Иә, Бақтиярдың бұл жаңалығы маған ауыр тиді. Оның бокс қолғабын кигелі бергі өмірлік жолы көз алдымда. Қаншама қиналып, бірге тер төктік. Спорт - өмірдің дәл өзі ғой: белестері мен ылдилары үнемі қатар жүреді. Қуанған сәттеріміз де көп болды, жабырқаған кездеріміз де аз болған жоқ. Бірақ маған әлі күнге дейін Бақтияр бокстағы соңғы сөзін айтып үлгерген жоқ сияқты көрінеді. Шәкіртімнің алар асуы алда деп сенемін.
- Сонда Бақтияр үлкен спорттан біржола кетпек пе?
- Жоқ, олай деп кесіп айтуға болмайды. Екеуміз әңгімелескен кезде біраз тынығып көрсем, содан соң бокс қолғабын қайта кисем деген.

- Бақтияр еліміз бокс басшыларынан бір жылдық үзіліс сұраған еді. Енді бұл мерзімнің ұзара түсері анық. Ұзақ демалыс спортшының бабына кері әсерін тигізіп жүрмей ме?
- Әрине, Бақтияр әкім болып жүрсе де, спорттан қол үзбейді деп ойлаймын. Оның күнделікті міндетті түрде жеңіл-желпі жаттығулар жасап тұрары анық. Ал әлемдік бокс тәжірибесінде ұзақ уақыттық үзілістен кейін де жақсы нәтижелер көрсеткен спортшылар жетерлік. Мәселен екі дүркін Олимпиада чемпионы ресейлік Олег Саитов Афины Олимпиадасының алдында бір жарым жылдан астам уақыт бокстан қол үзген болатын. Соған қарамастан ол Афиныда өткен Олимпиадаға тамаша дайындықпен келді. Олег Саитов - 69 келі салмақ дәрежесіндегі чемпиондықтан басты үміткер саналды. Бірақ өздеріңіз білесіздер ол жартылай финалда Бақтиярдан ұтылып қалып, қола жүлдегер атанды. Сол сияқты Бейжің Олимпиадасында отандасымыз Серік Сәпиевтен айласын асырған Таиланд боксшысы да аталған жарыстың қарсаңында ұзақ уақыт демалған еді. Бірақ ол да қысқа мерзімнің ішінде спорттық бабына қайта келіп, Бейжіңде күміс жүлдеге қол жеткізді. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Сондықтан да Бақтияр уақыты келгенде бұрынғы бабын табады деп сенемін.
- Шәкіртіңіз әкім боларының алдында сізбен ақылдасты ма?
- Иә, ол ел басқару ісіне араласып көргісі келетінін айтып, менен ақыл сұрады. Екеуміз ұзақ сөйлестік. Мен бастапқыда оның бұл шешіміне қарсы болдым. Бірақ оның шешім қабылдардан бұрын жақсылап ойланғанына көзім жетті. Іштей осы іске бел буа дайындалған шәкіртімнің бетінен қақпағанымыз дұрыс деп таптым. Бәлкім Бақтияр бүгін ауыл басқарып, тәжірибе мектебінен өтіп, болашақта еліміздің сыйлы атқа мінер азаматтарының біріне айналар. Сол себепті оның өмір жолын таңдауына кедергі келтірмей, ақылымды айтып, батамды бердім.