Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2123 4 пікір 18 Сәуір, 2022 сағат 13:06

Президенттің туыстары туралы заң. Министр не дейді?

Президенттің туыстарына қандай лазауымды қызметтерді атқаруға тиым салынады?. Бұл сұраққа ҚР Әділет министрі Қанат Мусин жауап беріпті.

«Заңнамада жақын туыстар ретінде ата-ана, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілі мен апалы-сіңлілер, атасы, әжесі, немерелері саналады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамада ерлі-зайыптылардың жақын туыстары үшін де шектеулер бар», - дейді министр Қанат Мусин.

Президенттің Жарлығымен саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізімі жасалған. Оларға министрлер, олардың орынбасарлары, әкімдер, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалар кіргізілген. Квазимемлекеттік секторға мемлекет қатысатын ұйымдар жатады.

«Осылайша, заңнамалық деңгейде тиісті тыйымдар салынғаннан кейін, мысалы, Президенттің ағасы, әпкесі, балалары «Самұрық-Қазына» немесе «Бәйтерек» сияқты ұлттық компанияларда басшылық қызметті атқара алмайды», - деп түсіндірді министр.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы Жолдауында президент Тоқаев мемлекет басшысының жақын туыстарының мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарда басшылық лауазымдарға орналасуына конституциялық деңгейде тыйым салу туралы ұсыныс айтқан болатын.

«Конституцияда саяси лауазымдарға отыруға тыйым салынады. Бұл тізім өте кең, оған белгілі бір дәрежедегі дипломатиялық қызметкерлер кіреді», - деп толықтырды Мусин.

Мусин, сонымен қатар, қазір Болгарияда елшілік қызметте отырған президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың күйеу баласы Теміртай Ізбастиннің заң бойынша қызметінен босатылатынын айтты. Теміртай Ізбастин мемлекет басшысының қарындасы Қарлыға Ізбастинге үйленген.

«Мұндай тыйым енгізілгеннен кейін, әрине, бәрі заңға сәйкес орындалады... Ол қызмет орнын босатады, өйткені заң бойынша қызметінде қала алмайды», - деді Әділет министрі.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443