Сенбі, 23 Қараша 2024
3860 11 пікір 21 Сәуір, 2022 сағат 15:16

Путин: "Шыбын шықпастай бекітіңдер"

Бүгін Ресей президенті Путин мен қорғаныс министрі Шойгу кездесті. Шойгу Украинадағы соғысқа қатысты толық ақпарат беріп, баяндама жасады. Ресей қорғаныс министрі Мариуполь қаласын толық бақылауға алғанын айтты. Ол "Азовсталь" зауытына 2 мың украин сарбаздары мен "Азов" жасақтары бекінгенін мойындады. 

Шойгу: "11 наурызда қаланы қоршауға алған сәтте Украина жасақтары мен ұлтшыл жасақтардың саны 8100 адамды құрады. Қаланы азат ету операциясында  төрт мыңнан астамы қаза тапты, 1478 адам тұтқынға түсті, қалған екі мыңнан астамы Азовсталь зауытына бекініп алды. 

Ұлтшылдар қарсылық көрсетіп, тұрғын үйлерге қару жасырды. Олар бірінші қабатқа ауыр әскери техникалар қойса, жоғары қабаттарға мергендерді жасырды. Тұрғын үйдің жертөлелеріне бейбіт тұрғындарды кепілдікке ұстап, оларды қалқан ретінде қолданды", - деп ақпарат берді.

Путин өз кезегінде "Азовсталь" зауытын шабуылдамай, оны толық қоршауға алып, шыбын шықпастай бекітіп тастауды бұйырды. "Сарбаздар мен офицерлердің өмірі құнды" деді ол. Ресей басшысы Мариуполь қаласын басып алғаны үшін Шойгуге алғыс айтып, жауынгерлерді марапатқа ұсынуды тапсырды.

"Азовсталь" аумағында Ресей басқыншылығынан бас сауғалап, мыңдаған бейбіт тұрғын жасырынған. Оларды босату мақсатында Киев гуманитарлық дәліз ашуды ойластыруда.

Abai.kz

 

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357