Төл дүниетанымыз қандай болған еді?
Қазақ халқының Тәңірге сенім өте көнеден келе жатыр. Ол әлі де көптеген салттар мен дәстүрлер арқылы жалғасуда. Мысалы, "отқа май құю", "отпен аластау", "киелі шаңырақ, "табалдырық", мал сою рәсімдеріндегі Киеден рұқсат алу және т.т...
Тәңірлік сенім бұрынғы тарихта біздің жерлерде мекендеген халықтардың мыңдаған жылдар бойы өмір сүруі барысында эволюциялық жолмен қалыптасқан наным-сенімі.
Ол қазіргі діндер пайда болғанға дейінгі Ұлы Жаратушыға деген табиғи сенім түрі.
Сондықтан, көне сенімде тәңірлік дәстүр табиғи құбылыстармен тығыз байланысты болып келеді.
Онда адам табиғаттың ажырамас бір бөлігі ретінде қарастырылады.
Бұл оларға табиғатпен етене бірлікте өмір сүруге мүмкіндік берген еді.
Көне Тәңірлік сенімде "жұмақ пен тозақ" ұғымы жоқ.
Сол себепті, Жаратушы Тәңір кейінгі діндердегі Құдайлар сияқты "жазалаушы-жарылқаушы" деп емес,
әуел бастағы Тәңір-құдай "Жаратушы-Жарылқаушы" ретінде қабылданған.
Соған сай, Тәңір жаратылысқа тек Қамқоршы болып саналған.
Ал, адам міндеті - жаратушысы Тәңірге лайық өмір сүру.
Яғни, адам жердегі өміріне "тәңірлік сипат" беру арқылы мақсатына жетеді (бақыт, ақыл, жасампаздық, адамгершілік және т.т.).
Осы жағынан Тәңірлік дүниетаным (дүниетаным дінге қарағанда кеңірек ұғым) қазіргі діни догмаларға ұқсамайды.
Біздің көне дүниетанымыз көбіне Ғылыми сана формасына жақын боп келеді.
Қазір европалықтар осы сенім формасына қатты қызығушылық танытуда...
Әбдірашит Бәкірұлының жазбасы
Abai.kz