Жұма, 22 Қараша 2024
Алаң 4792 6 пікір 27 Сәуір, 2022 сағат 13:52

Қырғызстан: «Қазақстанға су бермейік...»

Қазақстан мен Қырғызстан арасында шешілмеген екі мәселе бар. Қырғыз тарапы Қазақстан билігін үнемі шекара маңында тексеруді күшейтіп, кедергілер жасады деп айыптаса, Қазақстан Бішкек су беруді азайтып, қысастық жасауда деп айып тағады. Бұл жылдар бойы қайталанып келе жатқан сценарий. 

Қырғыз депутаттары Қазақстанға су беруді тоқтату керектігін айтты. Депутат Айбек Алтынбековтың айтуы бойынша Қазақстан шекарада қолдан жасалған кедергілер санын арттырып, экономикалық блокада қойып отыр.

«Неге біздің жүргізушілеріміз Қазақстан шекарасындағы ұзынсонар кезекте тұрып, қиналуға тиіс? Қазақтар экономикалық блокада қойып, Қытайдан келетін тауардың тек Қазақстан арқылы өтуін қалап отыр. Ендеше Қазақстанға су блокадасын қоып, су беруді тоқтатайық», - дейді.

20 сәуір күні Қырғызстанның вице-премьер-министрі Арзыбек Кожошев пен Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазақ-қырғыз шекарасындағы жүк көліктерінің қаңтарылып тұрған мәселесін талқылып, тараптар келісімге келді. Қырғызстан тарапы Қазақстанға электронды есепшоты жоқ жүк көліктерін өткізбейтінін айтты. Тараптар арасындағы келіссөзден кейін шекара маңындағы мәселе біршама шешімін тапқандай болды. Алайда қырғыз тарабы мәселелер шешімін таппады дейді.

Қазақстанның оңтүстігі, әсіресе Жамбыл облысы Қырғызстаннан келетін суға тәуелді. Қазақстан мен Қырғызстан КСРО кезеңінде жасалған келісімді ұзақ жылдар бойы пайдаланып келді. Шу өзенінің суын пайдалану бойынша 1983 жылы тараптар арасында келісім жасалып, судың 58% қырғыздарға, 42% қазақтарға бөлінген еді. 2000 жылы келісім қайта жаңарды, осылайша біршама пунктер енгізілді. Пайыз көрсеткіші өзгерген жоқ. Қазақстан Қырғызстанның су қоймаларын жақсартуға қаржы бөліп тұратын болды, ал Қырғызстан суды үздіксіз беруге келісті.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы су мен шекара мәселесі нақты шешімін таппай келеді. Жамбыл облысының тұрғындары Қырғызстан суару маусымында суды жауып тастап, шаруашылыққа зиян келтіретінін, ал қыста керісінше суды ашып жіберу арқылы, үлкен қиындықтар жасайтынын айтады. Қырғызстанның өзінде су тапшылығы жыл сайын артып келеді. Шаруалардың суды бұрып алуы, заңсыз бөгеттер салуы жиілеген. Мамандар алдағы жылдары су тапшылығы мен су үшін күрес арта түсетінін болжауда.

Ка Мырза

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1457
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279