Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 5271 8 пікір 4 Мамыр, 2022 сағат 14:11

«Путин Хрущевтің тағдырын қайталайды»

Ресейдің Украинаға соғыс ашуының басты себебінің бірі - Қырымды өзіне тартып алуынан басталды. Қырымды аннекциялаған Ресей билігі бұған дейінгі келісімдерді мойындамайтынын ашық көрсетті. 2008 жылы Путин: "Украинаға қатысты аумақтық мәселеміз жоқ, шекараларды мойындаймыз", - деген еді. Алайда араға алты жыл салып Ресей билігі өз сөзін өзі бұзды. Осылайша Ресеймен жасалатын кез келген құжаттың түкке тұрмайтынын нақты айқындады. 

Қырымды Хрущев Украинаға беріп жіберді деген сөз Ресейде көп айтылады. Хрущевтің әрекетіне Хрущевтің немересі араға жылдар салып, жауап қатыпты. 80-ші жылдары АҚШ-қа кетіп, сол жақта білім алып, тұрақтап қалған Хрущевтің немересі Нина Хрущева Қырым жайлы былай дейді:

"Мен Никита Хрущев советтік Украинаға Қырымды ешқашан бермегенін айтқым келеді. Ол 1954 жыл еді. Хрущев КСРО-ның Коммунистік партиясының басшысы болды, бірақ КСРО үкіметінің емес. Егер сол уақыттағы құжаттарға назар аударсақ, онда Хрущевтің қолы жоқ. Ол сәтте ұжымдық басқару болды ғой. Сталиннің өлімінен кейін ол кезең солай аталды, "ұжымдық басқару кезеңі" деп. Ең маңызды шешімдерді солай қабылдады. Ұжым болып.

Артынша барлығын Хрущевқа сілтей салды, себебі біреуді кінәлі ету қашанда оңай. Хрущев 1958 жылға дейін жеке шешім қабылдаған емес, сондықтан 1954 жылы Қырымды КСРО үкіметі берді", - дейді ол.

Ресейдің қазіргі агрессиясына қатысты былай депті:

"Украина соғысы Ресей үшін сұмдық жағдаймен, апатпен аяқталады. Ауғанстандағы сияқты болады. Масқара болып шығуы мүмкін немесе масқара болып қателіктерін мойындайды, тіпті мойындамаса да мойындатуы мүмкін. Менің көзқарасым бойынша Кремль 24-ші ақпанда сұмдық қателікке бой алдырды. Ресейдің болашағы үшін бұл үлкен қателік болды. Менің ойымша Украина шыдайды және болашақта керемет елге айналады. Хрущев гүлденіп, өркендеген Украинаны көрсе қуанар еді деп ойлаймын", - дейді ол.

Путиннің тақта отыруына байланысты және танымалдығы хақысында былай депті:

"Оның танымалдығы халық арасында артып келеді, өйткені Батыс бүгін кезекті мәрте Ресейді оқшаулай бастады. Сондықтан Путинде әзірге халық қолдауы бар. Бірақ ол экономикалық санкциялардың әсері біліне бастағанша болатын қолдау. Сөрелерден азық-түлік пен киім таппайтын сәтке жеткенше ғана болатын қолдауды айтамын. Сіз КСРО-да қалай болғанын жақсы білетін шығарсыз. Дефицит пайда болғанда, халықтың наразылығы арта түседі. Адамдар бір күні Италияға барып демалғысы келетін сәтте сыртқа шыға алмайды, халықтың ішкі наразылығы күшейе түседі. Қашан екенін нақты айта алмаймын. 

Хрущевті қайта еске алайықшы. Оны күтпеген жерден тақтан алып тастады ғой. Ол өзін алып тастайтынын білді және қарсы әрекет жасаған жоқ. Бір сәтте алып тастады. Билік пен мемлекет үшін бұл күтпеген жайт болды. Путин үшін де барлығы бір сәтте және күтпеген негізде болуы бек мүмкін" , - дейді ол.

Асхат Қасенғали

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354